М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»

59

8 сынып қазақ әдебиеті

Тақырыбы: М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»

Мақсаты:

А) білімділік: оқушылардың поэманы оқыған-оқымағандарын тексеру; поэмадағы аққу сұлулыған ашу; көркемдік ерекшелігіне тоқталу; әйел бейнесіне талдау жасау арқылы поэманың тақырыбы мен идеясын ашу;

Ә) дамытушылық: оқушыларды компьютермен жұмыс жасай білуге баулу; әдеби-теориялық білімдіерін дамыту; өз пікірлерін еркін айта білуге және дәлелді түрде жеткізе білуге үйрету;

Б) тәрбиелік:  оқушыларды табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу, табиғат пен адам арасындағы заңдылықтарды сақтай білуге тәрбиелеу;

Түрі: кіріктірілген сабақ;

Әдісі: компютермен жұмыс, талдау, мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап, өздік жұмыс; Көрнекіліктер: компютер, экран, тапсырмалар, слайдтар;

Барысы:

1 Ұйымдастыру кезеңі; (оқушыларды түгендеу, сабаққа назарларын аудару; жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру)

2 Үй тапсырмасын сұрау:

1 М. Мақатаев кім?

2 Қандай өлеңдерін білесіңдер?

3 Жетімкөлдің сәні не?

4 Жетімкөл неліктен жетімсіреп қалды?

«Хикая пирамидасы» арқылы оқушылардың поманы оқыған-оқамағандарын тексеру;

Шығарма аты:______________________________________________

 

Басты кейіпкердің аты

Кейіпкерді суреттейтін екі сөз

Мекенді суреттейтін үш сөз

Оқиғаны суреттейтін төрт сөз

Алғашқы оқиғаны(оқиғаның басталуы) суреттейтін бес сөз

Екінші оқиған (даму) суреттейтін алты сөз

Үшінші оқиғаны (шарықтау шегі) суреттейтін жеті сөз

Төртінші оқиғаны (шешім) суреттейтін жеті сөз

3 Негізгі тақырып:

І Поэмадағы табиғат әсемдігін, көл сұлулығын, құс төресі аққудың сұлулығын суреттейтін үзінділерді тауып, көркемдегіш құралдырға талдау:

 

 

Теңеу Жаңбырдың тамшысындай, қарақшыдай, шашымдай ма ең т…

 

Эпитет Тәкаппар құс, мөлтілдеген көз жасы, ақ қанатын сабалап…

 

Метафора Ақ айдын ақ мүсінін тербейтұғын…

Тауың анау – шымылдық салбыраған…

ІІ Әйел бейнесіне талдау:

Әйелдің жалғыз ұлы ауырып төсекте хал үстінде жатыр. Тәуіп шал: «Баланы аққудың қанатымен аластау керек», — емін айтты. Ана байғұстың әбден есі шықты, не істерін білмеді. Ұлынан айырылып қаламын ба деген үрей оны Жетімкөлдегі аққуды атуға итермеледі. Аһ ұрған әйел көл басына келіп, енді ғана  ұйқыларынан оянып, таран бастаған аққуларды көріп, олардың сұлулықтарына сұқтанып, атуға қимады. Бірақ ауру ұлы есіне түскен әйел мылтықтың шүріппесіе қалай басып жібергенін байқамай қалды. Ана бұл Жетімкөлдің бұрыннан бері келе жатқан дәстүрін де жақсы білетін. Аққудың киелі құс екенін де естен шығарған емес. Бірақ ана көңілі балада тұрғандықтан, сол мезетте бәрін бір сәтке ұмытты. Шалдың сұрағына жауап бере алмаған әйел үн-иүнсіз жылай берді. Көл үстінде жайраған бірі – жаралы аққу, бірі — өлі аққу әйелді есінен адастырып жіберді. Ұлының өлігінің үстінен түскен әйел жынданып, есалаң күй кешті. Ақыры ана жынданып кетеді. Оны аққудың киесі ұрды. Мұндай күйге, әрине, ұлы үшін түсті.  Әйелдің ішкі жан қиналысын суреттеген жерлерін кітаптан тез тауып оқиық. Ананың балаға деген махаббатының шексіз екенін бар адамзат мойындайды. Оған бір мысал Ғ Мүсіреповтың «Ананың анасы» әңгімесі.

ІІІ Ананың аққуды атқанына қалай қарайсыңдар?

Жақтаушы

Ана ең бірінші өз баласын аман сақтап қалуды ойлады.  Баласының өлім аузында жатқаны анаға еш нәрсені ойлатпады. Тәуіп шалдың ем болады дегенін мықтап ойына түйіп алған ол аққудың сұлулығын мойындап қарап, оны өлімге қимай тұрса да атып жібереді. Бала ана үшін әрдайым бірінші орында. Ана баласын еш нәрсеге теңгермейді. Дәл сол мезетте ана үшін бала амандығы қажет болды…

 

Даттаушы

Аққу – киелі құс, оны атуға болмайды. Аққуды атқан адам оңбайды. Егер әйел сол сәтте бәрін ақылға салып, тәуіп шалдың сөзіне иланбай, алдамшы сезімге берілмей, аққуды атпаса, бәлкім, баласы тірі қалар ма еді?! Оны аққудың киесі ұрып, ақыры жынданып кетті. Жетімкөл сәні сол ананың қателігінен жоғалды, оралмасқа кетті. Табиғат пен адам арасындағы заңдылық бұзылды деп ойлаймын.

 

Сабақты бекіту:

1 Жетімкөлге аққулар неге оралмады?

2 Поэманың тақырыбы не?

3 Поэманың идеясы не№

Үйге: «Анамызды құметтейік», «Аққу – киелі құс» атты тақырыптардың біріне шығарма жазу;

Оқушылар білімін бағалау.