Ә.Тәжібаев «Толағай»әдеби ертегісі

93

Сабақтың  тақырыбы: Ә.Тәжібаев «Толағай»әдеби  ертегісі

Сабақ  мақсаты:1.б/к: «Толағай»әдеби  ертегісінің  жазылуына  ел  аузындағы  аңыздың  арқау  болғандығы.Әдеби  ертегінің  мазмұны  мен  идеясын   ұғыну.

2.т/к:Елге,Отанға  деген  патриоттық  сезімдерін  оятып,сүйіспеншілігін  арттыру.

3д/қ: Әдеби  ертегіні  халық  ертегісінен  ажырата  білуге  үйрету,талдай  білуге,өзіндік  ойын  дәлелдей  тұжырымдай  білуге  жетелеу,мәнерлеп  оқуға  машықтандыру.

 

Сабақтың  типі:жаңа  білімді  меңгерту

Түрі:практикалық  жұмысқа  негізделген  ізденіс  сабағы.

Әдісі:әдеби  ертегіні  талдау;деңгейлік  тапсырмаларды  орындау,мәнерлеп  оқу;мәтінмен  жұмыс;іздену;салыстыру;тест  жұмысы;

Көрнекіліктер:жазушы  портреті;аңыз  суреттері;

1.ұйымдастыру (3мин)

Оқушының  сабаққа  қатысын,даярлығын  тексеру.

2.үй  жұмысы(3мин.)тест  жұмысымен  қорытындыланады.

1.құранда  неше  сүре  бар?

А.114  ә.116    б.112

2.Адам  атаның  шын  есімі

А.Самиголла  ә.Сапиолла  б.Смағұл

3.құранды  жатқа  білетін  есте  сақтайтын  Адам?

А.Хафиз  ә.Сахаба  б.қари

4.Алла  тағала  Адамды  неден  жаратты?

А.оттан  ә.балшықтан   б.судан

5.Смайылдың  шешесі

А.Ажар  ә.Сара  б.Гаухар

6.Алла  тағала  әлемді  неше  күнде  жаратты?а.7  ә.6  б.8

7.Шындық  оқиға  мен  қиял  ғажайып  оқиға аралас  келіп,тарихта  белгілі  болған  Адам  басына  құрылатын  жанр түрі:

А.ертегі  ә.аңыз  б.мақал-мәтел

 

Музыкамен  көркемделеді( «Көңіл  толқыны» күйімен)

«Толағай  туралы  ел  аузындағы  аңыздан»…Оқушы  көркем  дауыспен  оқиды.

1Слайдтан        Ауыл  суреті

2 слайдтан        Толағайдың  өмірге  келуі

 

Толағай  мен  ақсақал  арасындағы  диалог

Инсценеровка  арқылы  көрсетіледі.

3 слайдтан         Ақсақалдан  ақыл  сұрауы

4  слайдтан        Тау  көтерген  Толағай

Міне, аңыз   осылайша  сыр  шертеді…

(5 мин.)

 

Ә.Тәжібаев «Толағай» әдеби  ертегісі.

-Мен  де  тудым  біреуі  боп  еркектің ,

Мені  де  әжем  әлдилеген,тербеткен.

Қорқыт  күйін,ерлік  жырын  жаттатып,

Танытқан  сол: 4-ғажайыбын  жер-көктің.

 

Таңдамадым  жыраулықтан  басқаны,

Жатқа  айтамын  Сар  даламның  дастанын.

Ал тыңдаңдар,Толағайды,Тарғынды,

Жыр  сүйетін  достарым  мен  жастарым.

 

Оқулықпен  жұмыс.( тапсырма  күні  бұрын  берілген)

Кітаппен  жұмыс:

-Оқиға  қашан,қай  жерде болған?

-Толағайдың  дүниеге  келуі.

-1-ге  толған  Толағай  сипатын  оқы.

-3-4  жастағы  Толағай  сипаты

-7  жастағы Толағай

-Толағай  мен  әкесі  қайда  барды?

-Жолбарыспен  айқасын  тауып  оқы.

 

2-бөлім

-Ел  неге  күйзелді?

-Толағай  неге  сабырсызданды?

-Анасының  ақылы

-Толағай  қайда  барды?

-Ел  неге  қуанды?

-Толағай  неліктен  ел  есінде  қалды?(15мин)

Слайдтан:  Тарбағатай  өңіріндегі  тау  Толағай

 

Деңгейлік  тапсырмалар

1-д. (Оқушылық  деңгей)

-Ә.ертегідегі  кейіпкерлер  кімдер?

-Кейіпкерлер  портретін  тап.

-Т.мерген  екенін  дәлелде.

-Т.алып  күш   иесі екенін   мысалмен  дәлелде. ( кітаптан  карандашпен  белгілеп  оқу  арқылы)

2-д. (Альгоритмдік  деңгей)

-Т.бейнесі  ертегі  кейіпкерінен  кімге  көбірек  үқсайды?

-Сол  ұқсас  кейіпкермен  салыстыр.

-Т.бойындағы  қасиеттерді  топтастыр.

3-д.(Эвристикалық  саты)

-Осы  ә.ертегінің  тәрбиелік  түйіні  не  туралы?Мақал-мәтелмен  түйінде.

-Ертегі  түрлерінің  кейбір  белгілері  осы  ертегіде  кездесе  ме?

-Х.ертегісі  мен ә.ертегісінің  айырмашылығы  қандай?

-Аңыз  бен  әд.ертегінің  оқиғасын  ойша  салыстыр,айырмашылығы  бар  ма ,неліктен?

 

4-д(шығармашылық  саты)

«Иә  ,ерлікті    жасамаудан

,Бағаламау  әлдеқайда  қауіпті»

 

-«Ерлікті  бағалай  білеміз  бе ?»

-«Сенің  ерлігіңе  ғашықпын!»

 

Мұғалім  шығармашылығы  оқылады.

 

-Толағай  секілді  халықтың  таудай  үмітін  арқалап,таудай  іс  атқарып  жүрген,Қазақстан   атын  әлемге  паш  еткен  азаматтардан  кімдерді  атар  едің?

 

Оқушы  жауабынан  соң

-Иә,соның  бірі сабағымыздың  ертегі  авторы  Ә.Тәжібаев  — әдебиетіміздің  негізін  салушылардың  бірі.

 

Слайдтан  Ә.Тәжібаев  суреті

 

  • жасқа толғандағы  газет  материалдары.

Бағалау.  деңгейлік  тап.арқылы  алған  ұпай  санымен

 

Үйге  тапсырма5  тапсырма

Шығармашылық  жұмысты  аяқтау.

 

«Қыран  ұшып  жете  алатын  биікке  тек  қана  өзін-өзі  қамшылаған,өз-өзіне  от  бере  білетіндер  жете  алады.Өнердің  биігіне  шығып,сол  биіктен төмен  қарау  бақытына  ие  болу  қырандарға  бұйырған  бақыт.Ақын  болсаң  қыраны  бол,еліңнің  шырқап  салар  ұлы  әні  бол!»