С.Мұратбеков «Жусан иісі»

62

Сабақтың тақырыбы: С.Мұратбеков «Жусан иісі»

Сабақтың мақсаты: 1. Өтілген тақырып бойынша білімдерін жинақтап бекіту.

  1. Ой-өрісін дамыту.
  2. Адал достыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Білімді жинақтау, қорыту.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, іздендіру, сайыстыру, ойын сабағы

Сабақ барысы: «Жусан иісі» повесінен үзінді оқып, алған білімімізді жинақтау үшін бүгінгі сабақта «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды ойын ұштастырылып отыр.

Ойын ҮІІ кезеңнен тұрады.

І. Бәйге.

Оқушылар екі топқа бөлінеді: «Ғибрат», «Қасиет». Әр топқа бес сұрақтан қойылады.

І топқа

  1. Әңгімедегі кейіпкерлерді ата. (Аян, Есікбай, Бапай шал, Тұрған, Асылбек шал, әңгімеші бала)
  2. Шығармада баяндалатын оқиға қай жылдары өткен? (1941-1945 жылдар)
  3. Аян ертегісі қалай басталады? (Ертеде бір жетім бала болыпты)
  4. Аян тайдырып алған тобығын кімге салғызды? (Асылбек шалға)
  5. Аянды талай жерге дейін шығарып салған кім? (Есікбай)

 

ІІ топқа

  1. Аян алғашқы сауатын кімнен ашты? (Иманжановтан)
  2. Әжесі қайтқан соң Аян кімнің қолына көшті? (Әжесінің тумасы Бапай деген шалдың үйіне)
  3. Аянның кешкі қорегі не еді? («Тісің бар ғой» деп бір уыс бидай төгеді)
  4. Аян алғаш рет тобығын қалай тайдырды? (Өрістен бұзау айдап келе жатқанда үйретемін деп, өзінің қасқа бұзауына секіріп мінген. Семіз бұзау мөңкіп-мөңкіп жығып кетті)
  5. Ауыл қай жерде орналасқан? (Ешкіөлмес деген кішкене қоңыр таудың етегінде)

 

ІІ. Көкпар.

Әр топтан бір оқушы шығып билет суырады. Берілген тақырып бойынша мақал-мәтел айтады. Топ мүшелері толықтырады. Қанша мақал-мәтел айтса, сонша ұпай жинайды.

 

ІІІ. Тіл өнер.

Әңгімеден бір сөйлем алынады, ішінен бір сөз қалдырып кетеді. Сол сөзді тауып орысша, ағылшынша аудармасын айтады. Толық жауап берсе 30 ұпай.

  1. Әуелде біз – балалар оның …… айтатынын білгеніміз жоқ. (ертегі, сказка)
  2. Менің көкем де, атам да жоқ, сондықтан төбелессем ………. ұрсады ғой. (әже, бабушка)
  3. Шіркін, ағама …….. жазар едім. (хат, письмо)
  4. Ал, жүріңдер, мен кешегіден де ……. ертегі айтамын. (қызық, интересный)
  5. Ағамның . …  сіңіп қапты. (иісі, запах)
  6. Аян есік жақтағы темір пештің түбіне төселген құрым киіздің үстінде кір-кір жұқа құрақ …….  жамылып жатыр екен. (көрпе, одеяло)
  7. Аян арық …….. отқа тығып жіберіп, шала піскен күйелеш масақты лып дегізіп суырып алатын. (қол, рука)

 

ҮІ. Жанды сөз.

С.Мұратбековтың шығармаларына байланыстырып екі топ бір-біріне үйден дайындап келген тест түрінде сұрақтар қояды.

 

Ү. Суретте, бейнеле.

Аян бейнесін құрастырамыз. Дәптерімізді алып Аян бейнесін топтастырып жазамыз.

Сырт пішіні

Зеректілігі

зейінділігі

 

 

 

ұстамдылығы                                                                                                        мінезі

төзімділігі

 

ҮІ. Шешен сөз.

Әр топтан бір-бір оқушыдан шығып тақырып суырады. Тақырыпқа байланысты өз ой-пікірін ортаға салады.

  1. Аян мен әңгімені баяндап отырған бала арасындағы шын достық туралы ой өрбіт.
  2. Аян тағдыры сені ойландыра ма?

 

ҮІІ. Жорға.

Өткен тақырыпқа байланысты сұрақтар қойылады?

І топқа

  1. Метафора дегеніміз не? (Суреттеп отырған затты не құбылысты айқындау үшін оларды өздеріне ұқсас өзге затқа не құбылысқа баламалап айтуды метафора дейміз.)
  2. Қозы мен Баянның қосылуына көмектесуші, олардың аз күн қызық көруіне себепші болған кімдер? (Ай мен Таңсық)
  3. (С.Торайғыров терең ойлы, ұшқыр сөзді, сұлу талғамды ақын еді(. Кімнің сөзі? (Б.Кенжебаев)
  4. Кейіптеу дегеніміз не? (Жансыз заттарға, табиғат құбылыстарына адамның әрекет-сезімдерін теңеп суреттеуді кейіптеу дейміз)
  5. С.Торайғыров неше жыл өмір сүрді? (27 жыл)

 

ІІ топқа

  1. Ирония дегеніміз не? (Сөздерді қарама-қарсы мағынада, кекесін мағынасында қолдануды ирония дейміз)
  2. «Сәкен бар жан-жүрегімен туған елінің, өз халқының бел баласы еді, халқына жаны пида жақсылардың бірі еді.» Кімнің сөзі? (Галина Серебрякова)
  3. – Бала, сен мезгіліңнен бұрын есейіп барасың-ау осы, ә, — деп бірдеңені дүңк еткізді. Қай шығармадан, авторы кім? Кімнің сөзі? (Қалихан Ысқақ, «Қоңыр күз еді», Әдебиет пәнінің мұғалімі Алматайдың сөзі)
  4. Портрет дегеніміз не? (Шығармадағы кейіпкердің сырт пішіні, түр-түсі, бой-тұлғасы, жүріс-тұрысын суреттеу).
  5. Абай қарасөздерін қай жылдар аралығында жазды? (1890-1898)

 

Қорытынды.

Оқушылардың жинаған ұпайларын есептеп, жеңімпаз қатарды анықтау, белсене қатысқан оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма беру: Аян ертегісін «Баяғыда бір жетім бала болыпты» деген тақырыпта ертегіні жалғастырыңдар және оған өздеріңше ат қойыңдар.