Шығамын білім шыңына (Қазақ тілі пәнінен ҰБТ-ге дайындық жүргізудің әдістері)

93

Сабақтың тақырыбы: Шығамын білім шыңына  (Қазақ тілі пәнінен ҰБТ-ге дайындық жүргізудің әдістері)

Сабақтың мақсаты: оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру,ой-өрісін дамыту,

тиімді тәсілді тез таңдай білуге дағдыландыру.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, тест

Көрнекілігі: интерактивті тақта,тест кітапшалары.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Кіріспе

«Мектеп деген білім кені,жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені»,-дегендей, кезекті сабағымызды бастаймыз.

«Бақыт жолы тек білімнен табылар»,-деп Ахмет Үгінеки айтса,Ұлы Абай «Ондай болмақ

қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз»-деген екен. «Ғылымның сырын ұғына шығыңдар білім

шыңына»,-дейміз. Себебі,XXІ ғасыр- білім ғасыры.Сабақ кезеңдері:1. «Бәйге»сайысы.

  1. «Кім тапқыр?»сайысы.3. «Ойлан,тап»сайысы.4. «Мені түсін»сайысы. 5.«Көкпар»сайысы.

 

  1. «Бәйге»сайысы.
  2. «Үндестік заңы» термині қай сөзбен синонимдес?
  3. Синтаксис нені зерттейді?
  4. Зат есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?
  5. Әліпбидегі алғашқы 7 дауыссыз дыбыс қалай аталады?
  6. «Дыбыс» сөзі қандай терминмен сәйкес келеді?
  7. Екпін түрі нешеу?
  8. «Лексика» сөзі қай тілден енген?
  9. Тыныс белгісін не зерттейді?
  10. Жинақтық сан есімнің жұрнағы?

10.Болымсыздық есімдігін ата?

11.Болымсыз етістіктің жұрнағын ата?

  1. «Рецензия» сөзінің анықтамасы?
  2. «Әрі» сөзі қандай сөз таптары болады?
  3. «Жаны зәр түбіне жету» мағынасын тап?
  4. Жұрнақтың түрлерін ата?
  5. «Пәлеқор» сөзі буын үндестігіне бағына ма?

17.Көсемшенің жұрнақтарын ата?

18.Көнерген сөз нешеге бөлінеді?

19.Тұрлаулы мүшелерді ата?

20.Қалау райлы етістіктің жұрнағы?   .

 

  1. «Мені түсін»сайысы. «Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ,ал біліктілік- сол білімді іске асыра білу дағдысы»деген ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың сөзімен келесі сайысымызды бастаймыз.Тақырып беріледі. Тақырып бойынша оқушы ойын жинақтап,ережені ұғынудың ең оңай тәсілін пайдаланады.Оқушыларға түсіндіреді.

Тақырып: «Дауысты дыбыстар», «Септік жалғаулары».

 

  1. «Кім тапқыр?» сайысы.Бұл сайыста берілген қосымшаларды тауып,мысал келтіреді,

буын түріне ажыратады.

1.Болымсыз етістіктер қандай жұрнақтар жалғану арқылы жасалады?

2.Ортақ етіс жұрнақтары?

3.Негізгі түбір еліктеуіш сөзге жұрнақ жалғап,туынды еліктеуіш жаса.

4.Жұрнақ жалғану арқылы жасалған туынды үстеу.

 

  1. «Ойлан,тап» сайысы.

Қазақы ұғым,даналық сөз,мақал-мәтелдің мағынасын ашу,аяқталмаса,жалғасын табу.

1.Білімді жан барар жерін бағдарлар.

2.Асығыстық орға… (жығар)

3.Оқу – білім азығы,білім — … (өмір қазығы)

4.Жер тойынбай, ел … (тойынбас )

  1. Жақсы сөз жараны да … (жазар)
  2. Атаңа не істесең, алдыңа … (сол келер)

 

  1. «Көкпар»сайысы.Сәйкестендіру тесті.

1.Су жүрек – қорқақ

2.Жаңа сөздер –неологизм

3.Құрмалас сөйлем – салалас сөйлем

4.Сөз табы – есімдік

  1. Целиноград –Ақмола
  2. Әдепті бала – арлы бала

7.-у жұрнағы –тұйық етістік

8.Тек,тәйт,жә — одағай

  1. Көмекші есім сөздер – алды,маңы,жаны.

10.Ақмешіт – Қызылорда

11.Ғ.Мүсірепов –«Ұлпан»шығармасы

12.Көсемше — -а,-е,-й,-ып,-іп жұрнағы

13.Тұрақты тіркес – фразеологизмдер

14.Мөлшер үстеуі – онша,сонша,соншама.

 

Сабақты бекіту: Тест жұмысы.

Сергіту сәті: поэзия минуты М.Шаханов. «Жігерлендіру»өлеңі

Білімді бағалау.

Үйге тапсырма беру.