Ахмет Байтұрсынұлының «Өгіз бен бақа» мысалы

Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлының «Өгіз бен бақа»  мысалы

Мақсаты:

  1. Ахмет Байтұрсынұлы шығармашылығын Абай өлеңдерімен салыстыра отырып, екеуінің өзара үндестігін, аудармашылық шеберлігін, өзіндік қолтаңбаларын тереңірек меңгерту;
  2. Әр оқушының өзіндік қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түйе білуге баулу, тақырыптас шығармаларды салыстыра оқытуды және шығармашылық жұмыстар арқылы таным – түсініктерін дамыту;
  3. Аталмыш шығарма арқылы оқушыларды адами қасиеттерге баулу, күншілдік, көрсеқызарлық сияқты жаман қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу;

Сабақтың жабдығы:  А.Байтұрсыновтың шығармалар жинағы, портреті, оқулық, конструкциялық карточкалар,  интерактивті тақта

Әдіс –тәсілдер: «Топтастыру», «Сәйкестендіру» стратегиялары,

топтық жұмыс, сұрақ-жауап.

Қолданылатын қосымша материалдар:

  1. А.Байтұрсынов, «Ақ жол», 1991 ж.
  2. А.Құнанбаев, «Сен де бір кірпіш дүниеге», 1994ж.

 

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру

Мұғалімнің әңгімесі:

Қазақ әдебиетінде мысал жанрын қалыптастыруға айрықша қызмет еткен, өзіндік ой, өзіндік өрнек қалдырған А.Байтұрсынұлының Крыловтан аударған «Өгіз бен бақа» мысалын алғаш рет А.Құнанбайұлы  аударған. Сондықтан сынып екіге бөлініп жұмыс істейді. Бірінші топ Абай аудармасын талдайтын болса, екінші топ Ахмет аудармасы бойынша жұмыс істейді.

І топ  «Мирас», ІІ топ «Мұрагер» деп аталады.

  1. Алдымен Ахмет Байтұрсынов шығармашылығы қарастырылады. Ол үшін «Ахмет кім? Неліктен?» деген сауалға жауап алынады.
 

«23 жоқтау», «Ер Сайын»

Скрипкада, домбырада, пианинода ойнаған, палуан

 

Ахмет Байтұрсынов /1873-1938/
өнерпаз
қоғам қайраткері
фольклорист
ақын
аудармашы
журналист
ғалым
ағартушы
Қазақстан өлкесін басқару жөніндегі әскери –аймақтық комитет мүшесі
Профессор, Республикалық халық ағарту комиссары
«Маса»  жинағы
«Қырық мысал»
«Тіл-құрал», «Әдебиет танытқыш»
«Қазақ» газетінің редакторы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Абай мен Ахмет ұқсастықтары табылады:
  • Екеуі де мысал жанрын аударған;
  • Екеуі де ақын;
  • Екеуі де аудармашы;
  • Ағартушы;
  • Қоғам қайраткері;

 

  1. Екі ақынның да мысалдары салыстырылады;

Кесте бойынша авторлар дұрыс жазылып, мысалдардың тармағының саны ауыстырылып беріледі. Оқушылар сол сандарды дұрыс қоя білулері керек.

АқындарӨлең жолдары, тармағы
1.И.Крылов17
2.А.Құнанбаев40
3.А.Байтұрсынов36

 

  1. «Өгіз бен бақа» мысалының мазмұны тыңдалады. Ол екі топтан екі оқушы шығып, А. Байтұрсынов пен Абай Құнанбаевтың мысалдарын мәтінге жуық баяндайды.
  2. Екі мәтіннен де бақа мен көршісінің диалогтары оқылып, ұқсастықтары дәлелденеді.
  3. Мысалдар композициясына қарай талдау.
1БасталуыӨгіздің суға келуі
2ДамуыКүншіл, мақтаншақ бақаның өгізбен кездесуі
3ШиеленісіКөршісіне бақа өзінің өгіздей болатынын айтып мақтануы
4Шарықтау шегіБақаның өгіздей болуы үшін өлгенше су ішуі
5ШешіміБақаның қарны жарылып өлуі

 

  1. Бақа бейнесіндегі адамға сызба арқылы мінездеме беріледі. Ол үшін екі топқа жеке –жеке сызба таратылып, оқушылар сызбаны толтырады.
пасық

 

 

БАҚА
көрсеқызар
мақтаншақ
күншіл
қанағатсыз
өзімшіл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Мысалдарға талдау жасалынады.

             Абай                 «Өгіз бен бақа» мысалы               Ахмет

10                                                     шумағы                                                            9

4                                                       тармағы                                                            4

2                                                       бунағы                                                              3

7,8 буынды егіз ұйқас                   ұйқасы                        11,12 буынды қара өлең

Қорытынды бар                             ой түйіні                                   қорытынды бар

Диалог                                            көркемдігі                                   диалог, мақал

Ұқсас                                              оқиғасы                                                      ұқсас

  1. Сабақ логикалық модель арқылы қорытындыланады;
М Ы С А Л
аллегория
оқиғалы
шағын көлемді
кейіпкер
бақа
өгіз
қасиеттер
адалдық
еңбексүйгіштік
әділдік
күншілдік
өтірік
жалқаулық
өтірікшілік
жанр
күншілдік
Ахмет
Абай
Крылов
қылық
бейне

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Оқушы білімі бағаланады.

11.Үйге тапсырма беріледі.