Ә.Кекілбайұлы «Аш бөрі» әңгімесі

Сабақтың  тақырыбы: Ә.Кекілбайұлы  «Аш бөрі» әңгімесі   /1-бөлімі/

Сабақтың  мақсаты:

Білімділігі: Ә.Кекілбайұлының  өмірі мен шығармашылығына  шолу жасау,

«Аш бөрі»  әңгімесінің  мазмұнын ашу, оқушыларға  таныстыру

Тәрбиелілігі: Әңгімедегі  кейіпкерлер  бейнесімен таныстыра отырып,  жеке

тұлғаны  адамгершілікке баулу.

Дамытушылығы: Оқушыларды  шығармашылықпен жұмыс жасауға, өз

ойларын  еркін жеткізе білуге дағдыландыру.

Сабақтың әдісі: Оқыта отырып баяндау, сұрақ-жауап, шығармашылық

жұмыс.

Сабақтың  көрнекілігі: Плакаттар, кейіпкер портреті, интер. тақта

Пәнаралық  байланыс: Қазақ тілі, музыка

Сабақтың  жүрісі: 1. Ұйымдастыру  бөлімі

  1. Үй тапсырмасын сұрау
  2. Жаңа сабақты меңгерту

Үй тапсырмасын тексеру.

1/«Туған жер», «Көне дәптерден»   өлеңдерінен   не  түйдіңдер?

2/ Жазушы  өлеңдерінің  тәрбиелік   мәні  қандай?

Мұғалім: Дәуірдің дара тұлғасы, өлкеміздің тума таланты,қаламгер, қазақтың  әдебиеті мен  мәдениетін  өз  шығармаларына   арқау еткен Ә.Кекілбайұлының  бірнеше шығармалары  мен   өлеңдерінен  өткен сабақтарымызда  толықтай  мағұлмат  алдық. Бүгін  жазушының өнер  адамы  туралы   жазған алғашқы  шығармасы «Аш  бөрі» деп аталады. Есімізде  ме, оқушылар, жазушының   күйші  Абыл Тарақұлына  арналған шығармасы қалай  аталады?   / «Күй»/

ОЙ  ҚОЗҒАУ:

1/ «Аш  бөрі»  дегенді   қалай  түсінеміз, бұл әңгіме  не туралы  жазылған деп ойласыңдар?

2/ «Аш бөрі»   әңгімесі  эпикалық  жанрдың  қай  түріне жатады? /шағын  көлемді эпикалық әңгіме/

3/ /Құрманғазының   күйін  тыңдату/      Бұл  кімнің  күйі? /

/Оқушылардың  жауабы  тыңдалады/

Олай  болса, мен сендерге Құрманғазы атамыздың  күйін бекерге тыңдаған жоқпыз, бұл  әңгімеге   тікелей   қатысты  адамның  бірі.

«Аш бөрі»  әңгімесінің шығу тарихын, мұндағы  жолаушының  кім екенін  айтып берейін. Бұл әңгіме  Құрманғазы  аталарыңа арналған десек  қателеспейміз.

Құрманғазы   аталарыңнан   екі  ән қалған, соның бірі  осы  «Аш бөрі» әні. Сонда «Аш бөрі»  сөзі  осы  әннен алынған  екен.

-Аш бөрі  жүрген жергем жерім  қанды  майдан,

Шыққан жоқ, атқан  аңым  терең сайдан.

Қазақта  талай  қатын ұл туғанмен,

Дәл мендей   ұл табатын  қатын  қайдан!?-деген  жолдары бар. Таз  руынан шыққан, белгілі  бір адамның  қызы  Шөкен  Құрманғазыны  жаман көрмейді, Шөкен қыздың  басы  бос, айттырылған  жері жоқ  екен. Бірақ, Құрманғазы  өзінің  айдауда жүргенін, баласы бар адам екенін  айтып, оған ыңғай бермейді. Сонда Шөкен қыз:

Байлардан  белгі  қалады  қонған жерде,

 

-2-

Түлкінің   еті  қалар сойған  жерде.

Ішкен  ас, сый  құрметті  олжа көріп,

Жүресің  төбет  иттей  тойған жерде.

Қайдағы  Адай, Таздың  арын  арлап,

Сен  жүрген   бір  «Бозқаңғыр»   біздің  елде.

Шет жерде әлін  білмей   әлек болған,

Сөзім шығын болмайды-ау  сендей кімге,-деп Шөкен шаптығады. Қанша  ауыр сөз  айтқанымен  Құрманғазыдан   жеңіліп келеді. Міне,  осы    оқиғадан  кейін   Құрманғазы  атамыз   тағы «Бозқаңғырдай»  атты  күйді  дүниеге әкеледі.

Қарап  отырсақ, оқушылар  «Аш бөрі» әңгімесінің  шығу тарихы  осылай  болған.

Енді  біз, Ә.Кекілбайұлының   «Аш бөрі»  әңгімесіне  тоқталық.

                                      ЖОСПАР:

1.Жолаушының  бостандыққа  шығуы, ел аралауы;

2.Жолаушының  бейтаныс  қоңыр үйге түстенуі;

3.Шанаш сарының   жолаушыға қолқа салуы;

4.Жолаушының туған жерге деген сағынышы;

Берілген  жай  жоспарға сай  жаңа тақырыпты, мазмұнын   түсіндіру.

Сынып  жұмысы: Оқушыларға  мәтінді  жүргізіп  оқыту, мазмұнына  тоқталу.

а/ «Аш бөрі»  әңгімесінен  көне сөздерді  тауып жазу. Көне сөздердің  қайсысына  жатқызуға болады? /архайзм, историзм/тарихи сөздер/

Көн  қауға-ұсақ малдың  терісінен жасалған  шағын ыдыс. Сыйымдылығы 10-15 л су  кетеді.

Шекпенсу  өтпес үшін  киетін, түйе  жүннен жасалған  бұйым.

Кебеже ағаштан жасалған  әшекейлі сандық.

Күбі  шелек-тереңнен тас, балшық   салып таситын ыдыс.

Тымақ-аң, мал  терісінен  жасалған қыстық киім.

Бешпент-жеңіл тігілген  астарлы шапан.

Жаңа  сабақты  пысықтау  сұрақтары:

1/ Ә.Кекілбайұлының  «Аш бөрі»  әңгімесінен  не түйдік?

2/ Қандай  тәрбиелік мәні  бар деп ойлайсыңдар?

3/«Аш бөрі»  әңгімесінің  түйіні  қандай?

Оқушыларды  бағалау.

Үйге тапсырма  беру.  Ә.Кекілбайұлының  «Аш бөрі»  әңгімесін  оқып, мазмұнын айту.