«Тапқыр достар» сайысы

81

«Тапқыр достар»  сайысы

Мақсаты: Оқушылардың ойлау, қиялдау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;

Топта бірлесе жұмыс істеуге, басқа оқушының жұмысын бағалауға үйрету;

Оқушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау;

Ұйымшыл болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайд, тапсырма парақшалары

Құрылымы: Ойынға 3  баладан құралған 3 топ қатысады. Қатысушылардың жалпы саны — 9. Ойын 7 кезеңнен тұрады.

Ойын 7 кезеңнен тұрады:

  • І. Таныстыру
  • ІІ. Әріптер сөйлейді
  • ІІІ. Полиглот (жұмбақты шешу. Орыс, ағылшын тілдеріне аудару)
  • ІҮ. Ғажайып тоғыздық (сұрақ-жауап)
  • Ү. Тіл өнері (мақал-мәтелдер сайысы)
  • ҮІ. Шешендік өнер (суретке қарап шағын мәтін құрастыру)
  • ҮІІ. Өнерпаз болсаң (өз өнерлерін көрсету)

Шаттық шеңбері.
Балалар біздің көңіліміздің кілті біздің езуімізде. Әрдайым күліп,  жан жағымызға күлкі сыйлайық!
Кел балалар күлейік
Күлкіменен түлейік
Қабақ шытып не керек
Көңілді болып жүрейік!
Бір-бірімізге сәттілік тілейік.
«ТАПҚЫР ДОСТАР»
Жақсы болу өзіңнен,
Жаман болу өзіңнен.
Өзіңді өзің ая да,
Өзің үйрен өзіңнен.
Жақсылық көрсең біреуден,
«Мен қандаймын?» деп ойла.
Жамандық көрсең біреуден,
«Мен қандаймын?» деп ойла, – дей отырып, бүгінгі «Тапқыр достар» сайысына қош келдіңіздер!

 І.Таныстыру кезеңі.  Әр топ өздерін таныстырып өтеді.

ІІ.Әріптер сөйлейді

Алған әріптердің ізін қуып сөйлейді.

Әріптер: А,Т, О, Р, Н, К, Д, Ж, М.

1-топ сұрақтары

  1. Қай қалада тұрасың?
  2. Қандай мамандық иесі ұнайды?
  3. Сен нешедесің?
  4. Кино көресің бе?
  5. Спортпен шұғылданасың ба?
  6. Астана ұнай ма?
  7. Қай сабақ ұнайды?
  8. Бойың ұзын ба?
  9. Таңертең ерте тұрасың ба?
  10. Атың кім?

2-топ сұрақтары

  1. Сенің атың кім?
  2. Қай көшеде тұрасың?
  3. Бүгін сабаққа кеш келдің бе?
  4. Аспанда не ұшады?
  5. Қандай әншіні ұнатасың?
  6. Досыңмен ұрысып қалған кезің болды ма?
  7. Сабақта қасыңда кім отырады?
  8. Қаламыздың қай жері ұнайды?
  9. Болашақта кім болғың келеді?
  10. Жасың нешеде?

3-топ сұрақтары

  1. Жемістің түрлерін ата?
  2. Қайда тұрасың?
  3. Шашың ұзын ба?
  4. Досың кім?
  5. Қолыңдағы не?
  6. Мысықтан қорқасың ба?
  7. Қандай гүлді ұнатасың?
  8. Телефон номерің неше?
  9. Бүгін неше сабақ болды?
  10. Сыныбыңда неше оқушы?

ІІІ кезең Полиглот
(Жұмбақтың шешуі қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне аударылады)

 

1.Қабат-қабат қаттама

Ақылың болса аттама

(кітап-книга-book)

2.Қардай аппақ балдай тәтті-ақ

(қант-сахар-sugar)

3.Суға салсаң баипайды,

Жерге ұрсаң жатпайды

(доп-мяч-ball)

4.Аппақ дала, қара дән.

Сепкен дәні түсінуге жараған.

(әріп-буква-letter)

5.Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің

 

(ауа-воздух-air)

 

6.Көп бауырсақ,

Бір қалаш.

(жұлдыз бен ай – звезда, луна- star,  moon)

7.Әдемі түнде,

Мен жүрсем, жүреді бірге.

(ай-луна-moon)

8.Аяғы бар, басы бар,

Арқалаған тасы бар.

(тасбақа-черепаха-tortoise)

9.Қолы жоқ, сурет салады

Тісі жоқ, тісте п алады.

(аяз-мороз-frost)

ІҮ кезең Ғажайып тоғыздық

(сұрақ-жауап)

10   Тіл білімі нешеге бөлінеді?

10  Үш бәйтерек, үш дана, үш биді ата?

10   Бес арыс кімдер?

 

20   Фонетика нені зерттейді?

20   Жеті жоқ?

20   ҰБТ мен МАБ қандай сөздер?

 

30   Тілдер мерекесі қай күн?

30    Абайдың поэмаларын ата?

30   “Қазақ” сөзіне бес жолды өлең құрастыр?

Ү кезең Тіл өнері

Мақал-мәтелдер сайысы.

Отан, оқу, білім, еңбек туралы мақал-мәтелдер айту (Көрсетілген суретке қарап мақал-мәтел айту)

ҮІ кезең

Шешендік өнер

(Суретке қарап шағын мәтін құрастыру)

ҮІІ кезең

Өнерпаз болсаң!

Әр топ өз өнерлерін ортаға көрсетуі керек.

Қорытынды
Арғымаққа міндім деп,
Артқы топтан адаспа.
Күнінде өзім болдым деп,
Кеңпейілге таласпа.
Артық үшін айтысып,
Достарыңмен санаспа.
Ғылым жұрттан асты деп,
Кеңессіз сөзді бастама.
Жеңемін деп біреуді,
Өтірік сөзбен қостама- дей отырып, сайысымызды қорытындылаймыз. Жеңімпаз топ анықталып мараппатталады.