C. Торайғыров. Өмірі. Ақындығы. «Қалың мал» романын талдау

88

Тақырыбы:    1. C. Торайғыров. Өмірі. Ақындығы.

  1. «Қалың мал» романын талдау. 1,2-сабағы.

Мақсаты:       Ақынның ауыр тағдыры жайындағы деректі фильм арқылы оның өлеңдері мен  романы  туралы оқушы пікірін  және сол кезең шындығына, кейіпкер жасаудағы автор идеясына көзқарасын тыңдау. Адамгершілік пен мейірімділікке тәрбиелеу.

Міндеті:         Роман көтерген мәселелерді жан — жақты талдау жасауға үйрету.

Блум жүйесі. Деңгейлері, белгілері Берілген деңгейлер бойынша сұрақтар мен тапсырмалар Қолданылатын әдіс- тәсілдер
Білуі:

Берілген жаңа түсінікті ұғуы, есте сақтауы, мінездеме беруі

А.  Роман мазмұнын оқушылардың біліп шыққандығын тексеруге арналған сұрақтар тізбесін ұсыну: РОМАН БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ ТЕКСЕРУ СҰРАҚТАРЫ

1.  Ахмет Қамарға қалай кездесті?

2.   Қамардың өскен ортасы қалай сипатталған?

3.   Романдағы жағымсыз жандар кімдер?

4.   Сүйгеніне қосылмаған жандарды не күтіп тұр?

 

оқушылар дөңгелене отырып жауап береді
Түсінуі:

Мазмұндау, түсіну, сипаттама беру

Роман мазмұнын  баяндау,әр жағдайға сипаттама беру :

.Роман қандай көңіл күймен басталды?

.Жорға Нұрымға қыз айттырушылар  кімдер ?                                        .Ахмет пен Қасен, Омарлар неге халықтан қолдау таппады?

.Надандық пен жауыздыққа неге тоқтам болмады?

Ойлануға және жауап беруге уақыт беріледі.
Қолдануы:

Жаңа білімді пайдаланып болжам жасау, жүйелеуі.

.Неге Ахмет пен Қамар Жамал секілді қашып кете алмады деп ойлайсыңдар?

.Қамар неге батыл бола алмады?

.Автордың сезімі мен бас кейіпкерлердің жан азабын сәйкестендіріп көріңдер.

Дәптерге орындайды, ауызша дәлелдейді.
Талдауы:

негізгі идея мен тақырыпты ашуы, бөліктерге бөлуі, оны өзара байла

ныстыруы

ӘҢГІМЕ ДЕБАТ:

Қамар сондай сұлу болмаса, бақытты болар ма еді, әлде…

КЕЛІСІМШІЛІК ӘҢГІМЕ:  Бақытсыздыққа тек надандық кінәлі. (яғни, Қамарды өсектен қорғаймыз дегендер өлімге айдаудан қорықпады).

ЗЕРТТЕУШІЛІК ӘҢГІМЕ: Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар… ( Қызға қырық үйден тыйым…. Қымызды кім ішпейді, қызды кім айттырмайды…. Ер билігі ел билігінде.)

Топ болып талдап, спикерлер ғана сөйлейді.
Жинақ

тауы:

Дара болжамдар

дан тұтас бір ұғым тудыруы

Романдағы әр оқиғаның құрылысын талдау:

Басталуы, дамуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, аяқталуы.

1. Ахметті қолдаушылар мен қорлаушылар диалогі.    2.Қамардың қасындағы  қарама -қарсы характерлер: әкесі мен шешесі, ағасы мен ауылдас жігіттер, қыздар мен қатындар, Ахмет пен молда.

 

Постер жасау
Бағалауы: (сынай білуі, пайымдауы) шешім қабылдауы, ой қорытындысын  жариялауы, өз бағасын беруі. А. Маған романдағы  мына кейіпкердің өзі немесе сөзі ұнады:

Ә. Сол замандағы қазақ тұрмысынан мынаны түсіндім:

 

Жеке оқушының пікірі тыңдалады.
 Келесі сабаққа берілетін тапсырма «Махаббат болмаса егер…» тақырыбына шығарма жазып келу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қамар сұлу» романы бойынша оқушылардың білімін бағалау бетшесі

Сабақ кезеңдері, жұмыс барысы Бағалау дискрипторлары Ұпай

шәкілі

Ескертулер,

Оқушы аты жөні

Романның жазылу кезеңі, авторы туралы білу . Мерзімін, баспасын, жазылу себебін қатесіз айтуы.

. нақты емес, жалпылама айтып беру.

.Роман туралы сол кездегі пікірлерді, деректерді нақты, толықтыра айтуы.     . жалпылама айтып шығуы(дерексіз)

0,7-0,9

 

0,3-0,6

0,7-0,9

 

0,1-0,4

Романды мазмұндау .Мазмұнды толық әрі жүйелі айтуы, қыстырмасыз, әсерлі, жатық сөйлеуі.

.Мазмұнды қысқарта айту, қатесіз, нақты, алайда батылсыз жеткізуі.

.Жаттанды, әсерсіз,шатастыра айтуы.

0,7-0,9

 

0,4-0,6

 

0,1-0,3

Жеке бөлімдерді не жеке оқиғаны баяндау . Әңгімені толық әрі жүйелі айтуы, қыстырмасыз, әсерлі, жатық сөйлеуі.

.Оқиғаны қысқартып, қатесіз, нақты, алайда батылсыз жеткізуі.

.Жаттанды, әсерсіз,шатастыра айтуы.

0,7-0,9

 

0,4-0,6

 

0,1-0,3

Кейіпкерге сипаттама жасау,мінездеме беру .Әр кейіпкерді әңгіме барысында дәл сипаттап бере алуы.

. Кейіпкерді тек сұрақ барысында таныта кетуі немесе жеке бір белгісін (әрекетін, мінезін)ғана айтып беруі.

0,7-0,9

 

0,4-0,6

 

Сұраққа жауап беру Дұрыс, толық жауапты көмексіз беру

Аздаған көмекке сүйеніп,дұрыс айту

Жауап шала, деректер қате берілсе…

0,7-0,9

0,4-0,6

0,1-0,3

Топтық талдауда өз ойын айту .Ойын дұрыс әрі сенімді айтуы.

.Басқа пікірлермен санаса білуі.

.Ойы дұрыс, бірақ жеткізуі әлсіз.

 

0,7-0,9

0,4-0,6

0,1-0,3

Ұсыныс айту, қатені түзету, сұрақ қою,

топта көш басшылық ету

.Қажетті, дұрыс ұсыныс айтуы.

.Ұсыныс айтуға жеке сөзбен немесе дерекпен көмектесуі.

.Топтағы жұмысты ұйымдастыруы.

. Топ жұмысына сирек қатысуы.

.Топ мүшелеріне сұрақты нақты әрі дер сәтінде қоя білуі.

.Қажетсіз немесе белгілі мәселені сұрауы, сұрақтың жүйесіз қойылуы.

0,7-0,9

0,4-0,6

 

0,4-0,5

0,1-0,2

0,4-0,6

 

0,1-0,2