Сабақ тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Қыс»

248

Сыныбы: 5 сынып                                     Пәні: қазақ әдебиеті.

Сабақ тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Қыс»
Сілтеме: Күнтізбелік жоспар, оқулық, ғаламтор, «А.Құнанбаев» өлеңдер жинағы.
Сабақ мақсаты: Абай Құнанбаевтың өмірі, оның шығармалары туралы білімдерін кеңейтеді. ”Қыс” туралы өлеңнің мазмұны мен идеясын аша алады. Оқушылардың таным мүмкіндіктері мен салыстра отырып сипаттау дағдылары қалыптасады.
Оқыту нәтижелері:  Оқушылардың сөздік қоры, ойы, көз алдына елестете алу, есте сақтау қабілеттері дамытылады.
Қоршаған ортаның тылсым сырларына қызықтыру арқылы туған елінің табиғатының ерекшелігі мен әсемдігін тани біледі. Абай өлеңдерінің ерекшелігін танып, түсініп оқи алады.
Түйінді идеялар: Әдеби шығармлар мазмұны мен идеясын анықтай отырып ойын жүйелі жеткізе алу, өзгенің ойына пікір айтуға, ой қосуға дағдыланады.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдері: сұрақ — жауап, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары, топпен жұмыс, ой қозғау, сөздік, «Топтастыру» стратегиясы, Венн диаграммасы, әңгімелеу.
Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, слаидтар, плакат, маркер, стикер, «смайлик» суреті, топ атаулары жазылған парақшалар.
                                                   Орындалатын іс-әрекеттер
             Мұғалім орындайтын іс-әрекет  Оқушылар орындайтын іс- әрекет
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық:

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Сәлем беріп біз

Бас иеміз біз. (оқушылармен бірлесе отырып қимыл әрекетті орындайды.)

Мұғаліммен бірлесе отырып өлеңді қайталап, сәлемдесу салтын жасайды)
ІІ. Сабақ мақсаты
-Балалар, бүгін сендермен Абай атамыздың өлеңімен, өмірбаянымен танысып, топ ішінде талдап, жұмыстарымызды қорғаймыз, өзгелердің пікірін тыңдап, пікір айтуды үйренеміз. Сабақ мақсатымен танысады.
ІІІ. Жаңа сабақ
1.     Қызығушылығын ояту:

— Жыл мезгілі нешеге бөлінеді?

— Жыл мезгілдерін ата.
— Кімге қай жыл мезгілі ұнайды?
1 — слайд
— Мына көріністе жылдың қай мезгілі бейнеленген? (қыс суреттері)
— Қыс айларын ата.

-Ал енді түстерді тарқатып алайық. Парақшалар артында жазылған сөздерге сәйкес топқа бөлініп отырайық.

(Топтарға  түстермен бөлу: 1топ — Желтоқсан, 2топ — Қаңтар, 3топ — Ақпан).
— Қыс дегенде көз алдымызға не елестейді?
(сөздер жазылған парақшаларды таратып береді, қыс мезгіліне байланысты сөздерді таңдап, топтастырады)

 

-Жыл мезгілі төртке бөлінеді.

-Қыс, көктем, жаз, күз.
(Балалар өздеріне ұнайтын жыл мезгілдері туралы, неге ұнайтыны туралы әңгімелейді)

 

— Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан.
Топқа бөлінеді.

Топ мүшелері қызметтерін айқындайды. Ендігі жұмыстарын топта ақылдаса отырып жасайды.

2. «Топтастыру» стратегиясы:
боран, қар, аяз, суық, мұз. Топтастыру себебін түсіндіреді.

2.Жаңа тақырыппен жұмыс:

-Бүгінгі тақырыбымыз Абай Құнанбайұлының «Қыс» өлеңі болғандықтан, алдымен автор өміріне шолу жасайық.

-Абай Құнанбайұлы туралы не білеміз?

А) -Ендеше тақтаға қарайық.

2-слайд.

Абай Құнанбаев Ұлы ақын, ағартушы, философ. Ол Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келген. Әжесі Зеренің бауырында өскен. Өте ақылды, зерек бала болған. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе тәрбиесін алады. Абайдың көп-теген шығармалары бар. Ол өз шығармаларында жастарды өнер — білімге, адал еңбек етуге, халыққа пайда келтіруге үндейді.
— Абайды сонымен бірге лирик ақын деп те айтамыз, өйткені ол табиғаттың әсем сырларын, ондағы болып жатқан құбылыстарды жырға қосты. Оның жылдың төрт мезгіліне арнап шығарған «Жаз», «Күз», «Қыс», «Жазғытұрым» және т. б өлеңдері бар.

Ә) -Ал енді оқулығымызға қарайық,139- бетті ашып, өлеңді бір рет іштей оқып шығыңдар. Енді мен оқимын, сендер тыңдаңдар. (өлеңді оқып шығады)

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті — басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы — үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң — қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Борандай бұрқ — сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Әуес көріп жүгірген жас балалар,
Беті — қолы домбығып, үсік шалды.
Шидем мен тон қабаттап киген малшы
Бет қарауға шыдамай теріс айналды.

Қар тепкенге қажымас қайран жылқы

Титығы құрыуына аз-ақ ақлды.

Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр,

Малшыларым, қор қылма итке малды.

Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін,

Құр жібер мына ант ұрған кәрі шалды.
Б) 3 – слайд

Өлеңмен жұмыс. Өлеңнің мазмұнын ашу. Өлеңнің шығу тарихынан.
— Қыс өлеңін Абай атамыз 1884 жылы Семей өңірінде қыс қатты болып ел жұтаған, мал қырылған екен. Қыста жауған қар сәуір айында бір — ақ еріген. Бұл өлең сол кезеңде жазылған. Сондықтан ақын қысты «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды” зор тұлғалы адам ретінде сипаттаған.
(слайдтан қыс суреттері көрсетіледі)

В) Сөздік жұмысы. 4 — слайд
Соқыр, мылқау — ештеңені көрмейді, естімейді.
Домбығып — суықтан ісіп, қызарып.
Шидем — қой жүнінен тоқылған сыртқы киім.

Ұшпа- бұлт, кішкене жеке шоқ бұлт.

Қондыбай, Қанай-кісі аттары.

5-слайд.Сергіту жаттығуы:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі,

Кіп-кішкентай балалар,

Үп-үлкен болып өседі.

Г) Оқулықтан әр топ екі шумақтан оқып шығады.

Өлең мазмұнын суретпен көрсетейік. Әр топ ақын қысты кімнің бейнесінде бейнелеген, қандай адам бейнесінде бейнелеген, сол туралы сурет саламыз.

6-сайд. ВЕНН диаграммасы арқылы «Жаз» бен «Қыс» өлеңдерін салыстыртады. (плакаттағы сызбаны толтыртады)

 

 

 

 

Білімдерімен бөліседі.

 

 

Слайдпен танысады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулықты ашып, іштей оқиды, мұғалімнің оқығанын тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сөздік дәптерлеріне сөздерді жазып алады.

 

 

 

 

Сергіту жаттығуын жасайды.

 

 

 

 

 

Әр топ екі шумақтан оқып шығады.

Суреттерін салып, постерлерін қорғайды.

Сызбаны толықтырып жазады.

ІV. Бекіту
Ойтолғаныс. Дәптермен жұмыс.

7- слайд
Қыс
1. Табиғат сипаты
2. Адам бейнесі

3. Балалар күйі
 

4. Малшылар күйі

 

5.Қасқырға мал бермеуі

Дәптерлеріне топ ішінде ақылдаса отырып тақырыпшаларға сай үзінді жазып шығады:

1)Соқыр мылқау, үскірік аяз бен қар, сықырлап келіп қалды
2)Ақ киімді денелі, ақ сақалды, үсті ақ қырау, бұлттай қасын жапқан
3)Балалардың беті — қолы домбығып, үсік шалды
4) Шидем тон киген малшы-лар суықтан теріс айналды
5) Аш қасқырлар ауыл маңына

келіп, малға ашабуыл жасайды.

V. Қорытынды.
— Сонымен балалар біз қандай тақырыппен таныстық?
— Авторы кім?
— Өлеңде қай мезгіл суреттелген?

-Қысты қалай суреттеген?

-Неге қатал деп суреттеп отыр?

Сұрақтарға жауап береді.
VІ. Үйге тапсырма
«Қыс» өлеңін жаттау, өз бетінше «Жазғұтыры» өлеңін оқып келу. Күнделіктеріне жазып алады.
VІ. Бағалау
Оқушылар білімін бағалайды.  

Рефлексия: смайликтерге өздері алған әсерлерін жазып қалдырады.