М.Дулатов. «Бақытсыз Жамал» романын талдау

Тақырыбы:     М.Дулатов. «Бақытсыз Жамал» романын талдау. 2-сабағы.

Мақсаты:        Роман  туралы оқушы пікірі мен сол кезең шындығына, кейіпкер жасаудағы автор идеясына көзқарасын тыңдау. Адамгершілік пен мейірімділікке тәрбиелеу.

Міндеті:         Роман көтерген мәселелерді жан жақты талдау жасауға үйрету.

Блум жүй. Деңгейлері, белгілеріБерілген деңгейлер бойынша сұрақтар мен тапсырмаларҚолданылатын әдіс- тәсілдер
Білуі:

Берілген жаңа түсінікті ұғуы, есте сақтауы, мінездеме беруі

А.  Роман мазмұнын оқушылардың біліп шыққандығын тексеруге арналған сұрақтар тізбесін ұсыну: РОМАН БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ ТЕКСЕРУ СҰРАҚТАРЫ

1.  Сәрсенбайға молда  қай кезде ескерту жасады?

2.   Қалампыр Байжанмен құда болуға неліктен көне кетті?

3.   Романдағы қысқа мерзімде ғана көрінетін жағымсыз жандар кімдер?

4.   Сүйгеніне қосылған жандар бақытты болуға тиісті емес пе еді?

5.   Жамал Жұманға неге тиді?

 

Ә.  Роман кейіпкерлеріне мінездеме беру

Б. Романдағы қазақ тұрмысына тән мінез, қылық, әрекеттер мен салт, дәстүрлерді тани отырып, өз көзқарастарын білдіру.

Мұғалім сұрақ бетшесін ұсынады, оқушылар дөңгелене отырып жауап береді
Түсінуі:

Мазмұндау, түсіну, сипаттама беру

Роман мазмұнын еске түсіріп, ондағы оқиғаларды жекелей баяндау,әр жағдайға сипаттама беру :

.Роман қандай көңіл күймен басталды?

.Ұлықтың келуі мен ауылнайдың әңгімесі Сәрсенбайдың қуанышымен қалай байланыстырылған?                                        .Сәрсенбайдың Шолпанға үйленуі туралы не білесің?                                                           .Жамалдың оқуы , Ғазиз мұғалімнің ісі  Сәрсенбайдың әкелігіне қалай ықпал етті?     . Сәрсенбайдың болыс сайлауына түсуі романда қаншалықты орын алады?

. Жамал қай кездері бақытты секілді еді?

. Жамалдың  бақытсыздығына, ажалына алдымен кім кіналы, жағдайды өзгертуге болатын ба еді, Жамалға көмектескендер болды ма?

 

 

Ойлануға және жауап беруге уақыт беріледі.
Қолдануы:

Жаңа білімді тәжірибеде пайдаланып, болжам жасау, жүйелеуі.

Жазушы тілінің көркемдігі  мынада:

А. Табиғат көрінісі мен адамның көңіл күйін параллель беруіне мысал келтіру: көктемгі ауыл суреті мен сәбидің дүниеге келу қуанышы; Жамалдың Жұманнан қашқан күні мен қысқы боранның үдеуі.

Ә. Әр кейіпкер туралы топтастыру жасау: қылығы, әрекеті мен оның себебін ашу.

Дәптерге орындайды, ауызша дәлелдейді.
Талдауы:

Алған білімді жіктеуі, негізгі идея мен тақырыпты ашуы, бөліктерге бөлуі, оны өзара байланыстыра отырып, айқындауы.

Романның бөлімдеріне тақырып қою, неліктен осылай атағанын түсіндіру. Бөлімдердің бір бірімен байланыстырылу шеберлігін түсіндіру.

Сол арқылы роман көтерген тақырып пен автор идеясын табу.

 

Топ болып талдап, спикерлер ғана сөйлейді.
Жинақтауы:

Дара болжамдардан тұтас бір ұғым тудыруы

Романдағы әр оқиғаның құрылысын талдау:

Басталуы, дамуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, аяқталуы.

1. Жамалдың ұл болып өсірілуі.

2. Жамал мен Ғалидың қосылуы.

3. Сәрсенбайдың әкелік парызын өтеуі

4. Байжан үйіндегі соңғы күні.

Постер жасау
Бағалауы: (сынай білуі, пайымдауы) шешім қабылдауы, ой қорытындысын  жариялауы, өз бағасын беруі.А. Маған романдағы  мына кейіпкердің өзі немесе сөзі ұнады:

Ә. Сол замандағы қазақ тұрмысынан мынаны түсіндім:

Б. Егер  Жамал   ….  деп басталатын шағын эсселер жазу.Шығармаға жоспар құру.

В. «Бақытсыз Жамал» романы қазақ романының басы екеніне дәлел көп…

Жеке оқушының пікірі тыңдалады.
 Келесі сабаққа берілетін тапсырма«Жылай- жылай өтті- ау қыздар» тақырыбына шығарма жазып келу.

«Бақытсыз Жамал» романы бойынша оқушылардың білімін бағалау бетшесі

Сабақ кезеңдері, жұмыс барысыБағалау дискрипторларыҰпай

шәкілі

Ескертулер,

Оқушы аты жөні

Романның жазылу кезеңі, авторы туралы білу. Мерзімін, баспасын, жазылу себебін қатесіз айтуы.

. нақты емес, жалпылама айтып беру.

.Роман туралы сол кездегі пікірлерді, деректерді нақты, толықтыра айтуы.     . жалпылама айтып шығуы(дерексіз)

0,7-0,9

 

0,3-0,6

0,7-0,9

 

0,1-0,4

Романды мазмұндау.Мазмұнды толық әрі жүйелі айтуы, қыстырмасыз, әсерлі, жатық сөйлеуі.

.Мазмұнды қысқарта айту, қатесіз, нақты, алайда батылсыз жеткізуі.

.Жаттанды, әсерсіз,шатастыра айтуы.

0,7-0,9

 

0,4-0,6

 

0,1-0,3

Жеке бөлімдерді не жеке оқиғаны баяндау. Әңгімені толық әрі жүйелі айтуы, қыстырмасыз, әсерлі, жатық сөйлеуі.

.Оқиғаны қысқартып, қатесіз, нақты, алайда батылсыз жеткізуі.

.Жаттанды, әсерсіз,шатастыра айтуы.

0,7-0,9

 

0,4-0,6

 

0,1-0,3

Кейіпкерге сипаттама жасау,мінездеме беру.Әр кейіпкерді әңгіме барысында дәл сипаттап бере алуы.

. Кейіпкерді тек сұрақ барысында таныта кетуі немесе жеке бір белгісін (әрекетін, мінезін)ғана айтып беруі.

0,7-0,9

 

0,4-0,6

 

Сұраққа жауап беруДұрыс, толық жауапты көмексіз беру

Аздаған көмекке сүйеніп,дұрыс айту

Жауап шала, деректер қате берілсе…

0,7-0,9

0,4-0,6

0,1-0,3

Топтық талдауда өз ойын айту.Ойын дұрыс әрі сенімді айтуы.

.Басқа пікірлермен санаса білуі.

.Ойы дұрыс, бірақ жеткізуі әлсіз.

 

0,7-0,9

0,4-0,6

0,1-0,3

Ұсыныс айту, қатені түзету, сұрақ қою,

топта көш басшылық ету

.Қажетті, дұрыс ұсыныс айтуы.

.Ұсыныс айтуға жеке сөзбен немесе дерекпен көмектесуі.

.Топтағы жұмысты ұйымдастыруы.

. Топ жұмысына сирек қатысуы.

.Топ мүшелеріне сұрақты нақты әрі дер сәтінде қоя білуі.

.Қажетсіз немесе белгілі мәселені сұрауы, сұрақтың жүйесіз қойылуы.

0,7-0,9

0,4-0,6

 

0,4-0,5

0,1-0,2

0,4-0,6

 

0,1-0,2