Жүсіпбек Аймауытов. «Ақбілек» романы

608

Тақырыбы:     Жүсіпбек Аймауытов.   «Ақбілек» романы       1, 2-сабағы.

Мақсаты:        Роман  туралы оқушы пікірі мен сол кезең шындығына, кейіпкер жасаудағы автор идеясына көзқарасын тыңдау. Адамгершілік пен мейірімділікке тәрбиелеу.

Міндеті:         Роман көтерген мәселелерді жан жақты талдау жасауға үйрету.

Блум жүй. Деңгейлері, белгілері Берілген деңгейлер бойынша сұрақтар мен тапсырмалар Қолданылатын әдіс- тәсілдер
Білуі:

Берілген жаңа түсінікті ұғуы, есте сақтауы, мінездеме беруі

А.  Роман мазмұнын оқушылардың біліп шыққандығын тексеруге арналған сұрақтар тізбесін ұсыну: РОМАН БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ ТЕКСЕРУ СҰРАҚТАРЫ

1.  Алдымен қай ауыл бейнесімен танысамыз?

2.   Мұқаш әрекетінің астарында не жатыр?

3.   Романдағы орыстар,дәлірек айтқанда ақтар,қандай мақсаттың  адамдары?

4.   Ақбілек бақытсыздығы романның қай бөлімдерінде айтылады?

5.   Ақбілек неге ауылда қала бермеді?

 

Ә.  Роман кейіпкерлеріне мінездеме беру

 

Б. Романдағы қазақ тұрмысына тән мінез, қылық, әрекеттер мен салт, дәстүрлерді тани отырып, өз көзқарастарын білдіру.

Мұғалім сұрақ бетшесін ұсынады, оқушылар дөңгелене отырып жауап береді
Түсінуі:

Мазмұндау, түсіну, сипаттама беру

Роман мазмұнын еске түсіріп, ондағы оқиғаларды жекелей баяндау,әр жағдайға сипаттама беру :

.Роман қандай көңіл күймен басталды?

.Қараңғыдағы қарбалас пен үрей тек Мамырбайдың өз үйінде болды ма?

.Бекболаттың бейнесі неліктен айқын ашылмай тұр?

.Ақбілектің азабын автор ашына  жаза отырып, қандай саясатқа қарсы үн көтереді?                                                           .Әкесі Мамырбай мен тоқал шешесі Өрік үшін Ақбілектің бағасы қандай?

. Жеңгесі Ұрқияның әрекеті арқылы жазушы қандай мінез, қасиеттерді дәріптетеді?

.Ақбілектің ағасы мен күйеуі Балташтың бойынан қандай ортақтық табылады?

.Ақбілектің бақытсыздығы мен Жамалдың бақытсыздығында ұқсастық бар ма?

.Романда бала мәселесі қандай орын алады? Қыз Ақбілек пен Әйел Ақбілектің бала туралы сөздеріне, ойына өз көзқарастарыңыз қандай?

. Романдағы ең жақсы адам кім, ең жаман адам кім деп ойлайсыңдар?

 

 

Ойлануға және жауап беруге уақыт беріледі.
Қолдануы:

Жаңа білімді тәжірибеде пайдаланып, болжам жасау, жүйелеуі.

Жазушы тілінің көркемдігі  мынада:

А. Табиғат көрінісі мен адамның көңіл күйін параллель беруіне мысал келтіру.

 

Ә. Әр кейіпкер туралы топтастыру жасау: қылығы, әрекеті мен оның себебін ашу.

Дәптерге орындайды, ауызша дәлелдейді.
Талдауы:

Алған білімді жіктеуі, негізгі идея мен тақырыпты ашуы, бөліктерге бөлуі, оны өзара байланыстыра отырып, айқындауы.

ҮШ ТҮРЛІ ӘҢГІМЕ арқылы талдату:

ӘҢГІМЕ ДЕБАТ:

Автор сол замандағы нағыз идеал жігіттің бейнесін бере алды ма, бере алмады ма?

КЕЛІСІМШІЛІК ӘҢГІМЕ:

Қазақ қызы тек оқыса ғана бақытты болады.

ЗЕРТТЕУШІЛІК ӘҢГІМЕ:

Роман қыздың атымен аталғанымен, тек қыз тағдырын ғана мәселе етіп көтермейді.

Топ болып талдап, спикерлер ғана сөйлейді.
Жинақтауы:

Дара болжамдардан тұтас бір ұғым тудыруы

Романдағы әр оқиғаның құрылысын талдау:

Басталуы, дамуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, аяқталуы.

1. Ақбілектің қолды болуы.

2. Қайтып келген Ақбілектің азабы.

3. Қаладағы Ақбілек.

 

Постер жасау
Бағалауы: (сынай білуі, пайымдауы) шешім қабылдауы, ой қорытындысын  жариялауы, өз бағасын беруі. А. Маған романдағы  мына кейіпкердің өзі немесе сөзі ұнады:

Ә. Сол замандағы қазақ тұрмысынан мынаны түсіндім:

Б. Егер  Ақбілек   ….  деп басталатын шағын эсселер жазу.  Шығармаға жоспар құру.

В. «Ақбілек» романы  — психологиялық дүние…

Жеке оқушының пікірі тыңдалады.
 Келесі сабаққа берілетін тапсырма «Ж.Аймауытов  қазақ қызына араша болуға шақырады» тақырыбына  ой толғау жазу.

 

«АҚБІЛЕК» романы бойынша оқушылардың білімін бағалау бетшесі

Сабақ кезеңдері, жұмыс барысы Бағалау дискрипторлары Ұпай

шәкілі

Ескертулер,

Оқушы аты жөні

Романның жазылу кезеңі, авторы туралы білу . Мерзімін, баспасын, жазылу себебін қатесіз айтуы.

. нақты емес, жалпылама айтып беру.

.Роман туралы сол кездегі пікірлерді, деректерді нақты, толықтыра айтуы.     . жалпылама айтып шығуы(дерексіз)

0,7-0,9

 

0,3-0,6

0,7-0,9

 

0,1-0,4

Романды мазмұндау .Мазмұнды толық әрі жүйелі айтуы, қыстырмасыз, әсерлі, жатық сөйлеуі.

.Мазмұнды қысқарта айту, қатесіз, нақты, алайда батылсыз жеткізуі.

.Жаттанды, әсерсіз,шатастыра айтуы.

0,7-0,9

 

0,4-0,6

 

0,1-0,3

Жеке бөлімдерді не жеке оқиғаны баяндау . Әңгімені толық әрі жүйелі айтуы, қыстырмасыз, әсерлі, жатық сөйлеуі.

.Оқиғаны қысқартып, қатесіз, нақты, алайда батылсыз жеткізуі.

.Жаттанды, әсерсіз,шатастыра айтуы.

0,7-0,9

 

0,4-0,6

 

0,1-0,3

Кейіпкерге сипаттама жасау,мінездеме беру .Әр кейіпкерді әңгіме барысында дәл сипаттап бере алуы.

. Кейіпкерді тек сұрақ барысында таныта кетуі немесе жеке бір белгісін (әрекетін, мінезін)ғана айтып беруі.

0,7-0,9

 

0,4-0,6

 

Сұраққа жауап беру Дұрыс, толық жауапты көмексіз беру

Аздаған көмекке сүйеніп,дұрыс айту

Жауап шала, деректер қате берілсе…

0,7-0,9

0,4-0,6

0,1-0,3

Топтық талдауда өз ойын айту .Ойын дұрыс әрі сенімді айтуы.

.Басқа пікірлермен санаса білуі.

.Ойы дұрыс, бірақ жеткізуі әлсіз.

 

0,7-0,9

0,4-0,6

0,1-0,3

Ұсыныс айту, қатені түзету, сұрақ қою,

топта көш басшылық ету

.Қажетті, дұрыс ұсыныс айтуы.

.Ұсыныс айтуға жеке сөзбен немесе дерекпен көмектесуі.

.Топтағы жұмысты ұйымдастыруы.

. Топ жұмысына сирек қатысуы.

.Топ мүшелеріне сұрақты нақты әрі дер сәтінде қоя білуі.

.Қажетсіз немесе белгілі мәселені сұрауы, сұрақтың жүйесіз қойылуы.

0,7-0,9

0,4-0,6

 

0,4-0,5

0,1-0,2

0,4-0,6

 

0,1-0,2