Сабақтың тақырыбы: Б. Соқпақпаев “Менің атым Қожа”

61

Пәні:   Қазақ әдебиеті     Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы:  Б. Соқпақпаев “Менің атым Қожа”

Сабақтың мақсаты:

  1. Шығарманы сын тұрғысынан бағалай білуге үйрету, ізденгіш қасиеттерін дамыту, арттыру.
  2. Оқушылардың тіл мәдениетін арттыру, пікір айта білуге дағдыландыру.
  3. Адамгершілікке, адамдар арасындағы қарым-қатынас формаларын меңгеруге баулу.

Сабақтың түрі: жинақтау сабағы.

Оқытуда қолданылатын әдіс – тәсілдер: «Сұрақты қағып ал» әдісі, «Миға шабуыл»әдісі, зерттеу әдісі, рөлдік ойын, синкуэн әдісі,  сөзжұмбақ шешу,  INSERT әдісі

Модульдердің  кіріктірілуі : сыни тұрғыда ойлауға  үйрету, оқыту мен оқуда акт -ны пайдалану, оқыту мен оқытудағы жаңа әдіс — тәсілдер,  оқытуды  басқару және көшбасшылық, оқыту үшін бағалау  және оқытуды бағалау

Үйрену  мақсатында бағаны қоса бағалау: топты және өзін-өзі стикер арқылы бағалау

Негізгі дерек көздер:  электронды оқулық, плакат, постер, слайд, сөзжұмбақ, стикер

Оқып үйренудің нәтижесі : ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы біледі, повесті  оқи отырып мазмұнын түсінеді, топтаса отырып ақынның повесін  талдайды. Алған білімдерін жинақтайды.

 

№                        № Мұғалім іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Ресурстар
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқу құралдарын дайындау. 1-1леріне  жақсы сөз н/е тілек айтады.
2. “Ой шақыру” (қызығушылықты ояту сатысы

Өмір – мәңгі, уақыт мүмкін, елес,

Кел, болашақ! Сауық құр, күлкіңе көш!

Бір күн шықса, бір күннің батуы анық,

Екі күннің тұруы мүмкін емес, — деп Мұқағали ағаларың жырлағандай, сөз құдіретінің мәнін түсініп, әдемі де, әдепті, сұлу да ойлы сөйлей білуге үйренейік! Әрине, әдеби сөйлеудің негізгі бұлағы – кітап. Ендеше, сендер, кітапты жай оқып қоймай, ондағы сөз, сөйлемдерге назар аударыңдар. Қазіргі сәттен бастап осы сөздің сыры өз қолдарыңда. Қане, кім кітап туралы нақыл сөздер біледі?

Кітап туралы білетін нақыл сөздерін  айтады. слайд
3 ІІІ. “Топтастыру “

(Үш  топқа  да тапсырма беріледі)

І- топ “Түбінде адам  болатын  бала”

ІІ- топ “Қожа – жақсы бала”

ІІІ – топ “Қожа – тентек бала”

Топ мүшелері ойын қорытып, жазғандарын тақтаға іледі. Әр топтың лидері өз тапсырмаларын қорғайды.

Топ мүшелері ойын қорытып, жазғандарын тақтаға іледі. Әр топтың лидері өз тапсырмаларын қорғайды. Постер.А-3 ,маркер,стикер
 

4

ІҮ. “Еркін жауап”

І – топ “Қожаның сотқар  болуына себеп нәрселер”

ІІ – топ “Қожаның әдепті жолға түсуіне  себеп нәрселер”

ІІІ – топ “Қожаны Майқанованың, Жантастың ұнатпау себебі, Оспановтың, Анфиса Михайловнаның, Жанардың ұнату  себептері”

І  топ “Қожаның сотқар  болуына себеп нәрселер”

1.Әжесінің еркелетуі

2. Әкесін сағынуы

3.Анасын  қызғануы

4 Жантас сияқтыларды жек көруі

5   Өзінің менмендігі

6      Еркелігі, балалығы

ІІ  топ “Қожаның әдепті жолға түсуіне  себеп нәрселер”

1 Анасын аяуы

2  Сәйбек қарт, Оспанов  айтқан  естеліктер

3  Майқанованың педагогикалық кеңестен шығып бара жатып айтқан сөздері

4  Әжесін сыйлауы

5   Болашағын ойлауы

6   Жанарға ұнау үшін

ІІІ топ “Қожаны Майқанованың, Жантастың ұнатпау себебі, Оспановтың, Анфиса Михайловнаның, Жанардың ұнату  себептері”

1.      Майқанова өтірік айтқандығы, сумкасына бақа салғандығы үшін ұнатпады.

2.      Жантас өзінен жоғары, жақсы оқығандығы үшін ұнатпады.

3.      Оспанов, Анна Михайловна бала жанын түсіне білді.  Әділдігі, зеректігі, балалық қылықтары үшін ұнатты.

4.      Жанар үздік оқығандығы. Әділдігі, өсек-өтірік айтпайтындығы үшін ұнатты.

5 Ү. Сергіту сәті (Барлығына)

Мынау кім?

1.      Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап, сыпсыңдағыш (Жантас)

2.      Біз екеуміз таныс шығармыз деймін. Отыр. (Майқанова)

3.      Мен оқулық емес, қант аламын. Сіздің не шаруаңыз бар, қоя  беріңіз.

( Қожа)

4.      Мен сенің әкеңе қарыздар адаммын.  Менің мойнымда оның тиын емес, теңге емес, бақандай бір қарасы жүр. Әкең сенің парасатты, ақылды жігіт еді. (Сәйбек қарт)

5.      Қу жалғыз, сенің- ақ күйігіңді тартып өлетін болдым-ау! Осы сен не боп барасың күннен – күнге. Ұялмайсың ба бір мезгіл елден, жұрттан. (Анасы)

6.      Шыбыным, жалғыздан – жалғыз отырып та адам жиналыс өткізе ме екен? (Әжесі)

Сұрақтарға жауап береді
6 ҮІ. “Түсініктеме күнделігі” (карточкадағы ойды жалғастыру)

Берілген үзінді бойынша қандай оқиға екендігін анықтап, өз пікіріңді қосып, әңгімелеп жаз.

І топ   Қожаның қай сәті  бейнеленген?

“Төбемнен шатыр етіп, жай түскендей болды. Не істерімді білмеген қалпымда орнымнан сүйретіліп түрегеле бердім. Маңдайымнан бұрқ етіп,  суық терім шығып кетті. Ох, шіркін-ай!”

(Орыс әдебиетінен А. Михайловна А.С.Пушкиннің “Қысқы кеш” өлеңін жатқа сұрағанда, сабаққа дайындықсыз келген Қожа қатты қысылады. Қорқып емес, өзі жақсы көретін мұғалімді ренжітіп алмас үшін…

Қожа  — ұяты бар, ақылды, жақсы көретін адамын ренжіткісі келмейді.)

ІІ  топ   Қожаның қай сәті  бейнеленген?

“Есікті аша бергенімде, тынысым мүлде бітіп, жүрегім тоқтап қалғандай болды. Сол кездегі келбетім көлденең көзге тірі аруақ тәрізді қыбырлаған бірдеңеге ұқсар деймін…”

(Майқанованың сумкасына бақа салып жіберіп, ол шошынып ауырып қалып,  екі күн жұмысқа шықпай қалып, мектеп бір шулады. Бүкіл мектепті даңғаза қылған бала уақиғасы мектепке анасын келтіртеді. Қожаның анасына кездесер сәті.

Қожа – аңқау, балалықтан шалалығы басым. Орынсыз істе өкіне алады. Еркелігі басым бала.)

ІІІ  топ “ Қожаның қай сәті бейнеленген?”

“Кешкі астан кейін төр үйге кіріп, шамды жақтым да, сырттан ештеңе көрінбестей етіп. Терезе перделерін түсірдім. Бұрышта кісі бойы айна тұр…”

(Бұл Қожаның “құпия кеңес” өткізетін бөлмесі. Кеңесті бір сағаттай өткізді. Ақыры мына тұжырымға келді.

1.      Тәртіпсіздік кісіні жексұрын етеді, әрі адам келешегі үшін зиян

2.      Әр тәртіпсіздік қылығы үшін жазалану керек.

3.      Жаман адаммен дос болмау керек.

4.      Сабақты жақсы оқу.

5.      Осылардың бәрін мүлтіксіз орындау.

(Қожа – алдына міндет қойып, сол жолда мақсатына жетуге тырысады. Ерік, жігері бар.)

Карточка
7 ҮІІ. Бес жолды өлең

1.      Бір зат есім

2.      Екі сын есім

3.      Үш  етістік

4.      Мағыналы сөйлем (қанатты сөз, мақал  алуға болады)

5.      Тақырыпты айқындайтын  сөзге синоним сөздер.

І  топ “Қожаберген”

1.      Қожаберген

2.      Алғыр, ақылды

3.      Еркелейді, намыстанады, түзелуге бет бұрады.

4.      Мойнына алса адам  баласының қолынан келмейтіні жоқ.

5.      Ақылды, әділ, мейірімді, сезімтал, парасатты.

ІІ  топ “Жантас”

1.      Жантас

2.      Сұмпайы, өсекші

3.      Біреуді біреуге атыстырады, от салады, өсек айтады.

4.      Аузы – басы сүйреңдеп өсек айтқан жақсы қылық емес.

5.      Сыпсыңдағыш, сумақай, өсекші, судырлақ, қу.

ІІІ топ “Жанар”

1.      Жанар

2.      Үздік, тәрбиелі.

3.      Жақсы оқиды, шындықты айтады, әділдік үшін күресе біледі.

4.      Жақсылықты жанына жолдас етеді.

5.      Еңбекқор, ізденімпаз, алғыр, тәрбиелі, уәдесіне берік.

Синквейн әдісі
8 ҮІІІ. “Бейнелер сөйлейді” (Әр топ өздеріне ұнаған Қожаны бейнелейтін көріністің суретін салып қорғайды) А-3,маркер, қарындаш
9 ІХ. “Өнерлі өрге жүзер” (Актерлық қабілетің қандай? Үйде мәтін мазмұны бойынша алдын  ала дайындалып  келген көріністерін көрсетеді)
10 Жинақтау.

Бағалау.

Рефлексия жаса

Бағалау парақшалары мен стикер арқылы бағалау Стикер парағы
11 Х. Үйге “Эссе жазу” 

“Бақытты балалық шақ”  Қожаның кинофильмде жаза алмаған шығармасы.

Берілген  тапсырманы күнделікке жазып алу Оқулық