М. Әуезовтың «Көксерек» әңгімесі

110

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кенті А.Жанпейісов атындағы №105 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің  мұғалімі Жүрментаева Әсел

 

Сабақтың тақырыбы: М. Әуезовтың «Көксерек» әңгімесі

Сабақтың мақсаты: М.Әуезовтың «Көксерек» әңгімесінің мазмұнын қорытындылау, шығарма мазмұнына идеясына, тақырыбына талдау жасату.

Дамытушылық: Шығарманы талдау арқылы өз ойын қорғай білуін, нақты сөйлеу білуін дамыту сөз қорын молайту.

Тәрбиелік: Әңгіме мазмұны арқылы оқушылар бойында адамшершілік, жанашырлық сияқты қасиеттерді қалыптастыру, табиғатты, қоршаған ортаны аялауға, оның заңдылығын бұзуға, жол бермеуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Жинақ сабақ

Сабақтың типі: Қайталау сабағы

Сабақтың әдісі: Кубизм әдісі, сұрақ-жауап

 

Көрнекіліктері: Ақын портреті, слайд, бейнефильм, үлестірме карточкалар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу, сынып тазалығын қадағалау.

 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: М.Әуезовтың өмір жолын зерттеу. Тақтада слайд

 

Тақтадағы бейнефильмге назар аударайық.Көксерек фильмі

 

Мұғалім сөзі:

Бүгін сабағымыз М. Әуезовтің шығармашылығын талдауға арналған сабақтарымыздың жалғасы. Әуезовтің әңгімелерінің ішіндегі тілі жатық жазылғаны «Көксерек». Ал бүгінгі сабағымызда тақырыпты қорытындылаймыз. Алдымен шығарманы есте жаңғырту үшін әңгіме мазмұнын қаншалықты меңгеріп түсінгендеріңді байқаймыз. Ол үшін кубизм әдісі арқылы 7 бөлім бойынша дайындалған сұрақтарға жауап бересіңдер. Мұнда оқушы кубикті лақтырып, түскен сұраққа жауап беруі керек.

  1. Суреттеп беріңіз Көксеректің портреті?

 

  1. Салыстырыңыз дала қасқыры мен Көксерек?

 

  1. Зерттеңіз Қасқыр туралы не білесіз?

 

  1. Қолданыңыз Көксерек туралы адамдар не айтады?

 

5 Бұл туралы ойлағаныңызды көз алдыңызға елестетіңіз?Құрмаштың ең соңғы ойы не болды?

 

  1. Талдаңыз,қолданыңыз Көксеректің қатыгездігін қай тұстарда байқадың?

 

«Мені түсін» ойыны

Ойынның шарты:

Тақтаға 4 оқушы шығып, ортада тұрған үстелге барып отырады. Оларға берілетін шарт төмендегіше:

«А» үстелі. Көзі ашылмаған күшіктің Құрмаштың қойнынан табылуы.

«Ә» үстелі. Ауыл адамдарының 7 күшікке жасаған зәбірі

«Б» үстелі. Зіңгіттей көк шолақ қасқыр болған шағында қара ала төбетпен айқасы.

«В» үстелі. Қой жайып жүрген Құрмаштың қасқырға шабуы.Әже зары

 

Семантикалық карта.Қай кейіпкердің сөзі?

 

Мақал – мәтелді талдайық.

«Қасқырды қанша бақсаңда,тауға қарап ұлиды.»

 

«Қасқырды қасқыр қылатын да адам.»

 

«Қасқыр қасқырлығын істемей қоймайды.»

 

«Қанша өсірсең де ит болмайды.»

 

«Құрмаштың қайғылы тағдыры» тақырыбына эссе жазу.

 

Бекіту.Үлестірме парақтарымен жұмыс.

 

1.Салыстырыңыз.

Көксеректің ауылдағы мінез – құлқы мен даладағы еркіндіктегі мінез – құлқын салыстырыңыз.

2.Елестетіңіз.

Егер адамдар қасқыр апанын бұзып, бөлтіріктерін өлтіріп, Көксеректі алып кетпегенде ,оқиға әрі қарай қалай дамуы мүмкін еді?Көз алдыңызға елестетіңіз

3.Суреттеңіз.

Ауыл адамдарының Көксеректен көрген зардаптарын суреттеңіз

Қорытынды: Ой толғау.

«Құрмаштың өліміне Көксерек кінәлі ме, ой толға?»

«Көксерек әңгімесін сен қалай аяқтар едін?»

«Көксерек әңгімесі» бізді неге үйретті?

 

Әңгімедегі бейкүнә бала Құрмаштың өлімі – табиғаттың адамға берген жауабы секілді, екі аяқты пенделер,біздер, табиғат заңдылығын бұзуға хақымыз жоқ.Себебі,адам мен табиғат арасындағы үйлесімділік сақталуы тиіс.

 

Табиғат – Ана!

 

Табиғаттың сырын танып білейік,

 

Табиғаттың тілін ұғып көрейік.

 

Тыныштығын сақтап өмір -өзеннің,

 

Ізгіліктің шамын жағып жүрелік!

 

Адам рухани дүниесін сыртқы табиғат құбылысын тану арқылы қалыптастырады.

 

Ш.Айтматов

 

Бағалау.

 

Үйге тапсырма: «Көксерек – табиғаттың тағы перзенті» тақырыбына шағын шығарма жазу.