Күндіз, түн, түн тынысы

85

2.ДүниетануСабақтың тақырыбы: Күндіз, түн, түн тынысы

Сабақтың мақсаты: 1 Оқушыларға айналадағы дүние туралы түсініктерін   кеңейте түсу 2. Логикалық ойлау қабілетін, есте сақтауын, сөздік қорын                        қалыптасу.3. Табиғатты  сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, айналадағы заттар.

Оқыту әдісі: түсіндіру, көрсету,сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың барысы:

І .Ұйымдастыру  кезеңі:

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.Үйге берілген тапсырмаларға дайындық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:-Балалар, үйге қандай тапсырмалар берілді? Кім айтады?- Табиғат құбылыстары туралы кім, не айтады?- Табиғи заттар мен адам қолымен жасайтын заттарға нелер жатады?

ІІІ Өткен сабақты пысықтау:а) -Табиғатты нелер құрайды?- Табиғат құбылыстарына нелер жатады?-Табиғат нешеге бөлінеді?-Тірі табиғатты ата.-Өлі табиғатты ата.-Суреттегі табиғат заттарын ата.-Адам қолымен жасалатын заттарды ата.-Күн қай сағатта шығады? Күн қай сағатта батады?ә) Күннің шыққан кездегі, күннің батардағы көрінісін әңгімелеу.«Күн жарық, жылы.         Түн қараңғы салқын.»

ІҮ Жаңа сабақ:Оқулықтағы, «Күндіз», «Түн», «Түн тынысы » тақырыптарымен таныстыру. -Балалар, осы тақырыптар бойынша кім, өз ойын айтады? Күндізгі тіршілік, Түн, түн тынысы тақырыптарын кім қалай түсінеді? Және оларды қалай сипаттауға болады? -Күн мен түннің ерекшелігі неде?Сергіту сәті: «Күн және түн» ойынын ойнату.

Ү Оқушы білімін бекіту:Біз сіздермен «Күн. Түн. Түн тынысы» тақырыптарын оқи отырып, оның қасиеиттерімен таныстық. Енді сол тақырыптарды суретпен бейнелесек қайтеді?

ҮІ Қорытындылау;-Балалар, бүгін біз сендермен не жайында білдік?Нені бейнеледік? Күн мен түннің ерекшелігін кім айтады

VII . Үйге тапсырма,бағалау: