«Қыз Жібек» жырындағы салт-дәстүрлер.

408
Сабақ №1

Пән: Қазақ әдебиеті

Күні: 15 қазан

Сынып: 9 «а»

(14-15 жастар)

Барлық оқушылар: 9

Қатысқаны: 8

Тақырыбы: «Қыз Жібек» жырындағы салт-дәстүрлер.
Сілтеме: Бағдарлама, күнтізбелік жопар, Ақшолақов Т,Жұмажанова Т, Қалиев С, Дүйсебаев С. Қазақ әдебиеті, 9 сынып. — Алматы: «Мектеп» 2005
Жалпы мақсаттар: Жырдағы салт-дәстүрлерді талдау, шығармашылықпен жұмыс жасауға машықтану, халықтық мұраларды құрметтеу.
Ресурстар: Түрлі-түсті маркерлер, бейнетаспадан үзінді, АКТ, бағалау парағы.
Әдіс-тәсілдері: Тәсілі: жекелей, жұппен, топпен

Әдісі:«Болжау» әдісі,INSERT әдісі,кесте толтыру,ой шақыру,рөлдік ойын. көңіл-күй аралдары.

Оқыту нәтижелері: Болжам жасай отырып тақырыпты анықтайды, салт-дәстүр туралы білімдерін толықтырады, зерттеу жүргізіп, ой бөліседі,өз пікірлерін еркін жеткізе алады,- бір-бірімен қарым-қатынасы қалыптасады, сабақтағы көңіл-күйінің дәрежесін жеткізеді, топпен, жұппен жұмыс жасай алады, бағалай біледі.
Түйінді идея: Салт-дәстүр — сарқылмас қазына, өшпес мұр
Сабақтың барысы: Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті Бағалау
Ұйымдастыру

кезеңі:

Ынтымақтастық атмосферасын құрады.

«Мен ана тілін сүйемін, себебі…» деген аяқталмаған сөйлемді аяқтауға нұсқау бере отырып, ынтымақтастық қарым-қатынас орнатуға ықпал ету.

Оқушыларды салт-дәстүрлер атауымен топқа бөледі.

Бағалау парағын таратады.

 

Оқушылар сөйлемді өз ойларымен аяқтайды.

Үй тапсырмасын тексеру. Төлегеннің әуеде ұшқан алты қазбен қоштасуын сұрау. Жаттауды жатқа мәнерлеп айтады Мұғалім бағасы
Жаңа сабақ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бүгінгі сабақта әңгіме не туралы болатынын болжату.

Жырдағы кездесетін салт-дәстүрлерді оқулықтан таптырту. (жекелей жұмыс)

 

Салт–дәстүр мағынасы жырда, оқиғада.

Кесте таратады, слайдтан толтыру үлгісін көрсетеді.

 

Сергіту сәті.

Бой жазу жаттығуына арналған бейне жазба қойылады.

 

Ой қозғау.

1 топ. Ұлттық салт-дәстүрлер сақталуы тиіс.

2 топ. Сақтау міндет емес.

Өз болжамдарын айтады.

Оқулықтан оқи отырып, INSERT әдісін қолданады.

Топта зерттеу жүргізіп, ой бөліседі.

 

Жаттығуды қайталай отырып жасайды.

 

Оқушылар сыни ойлай отырып, өз пікірлерін білдіреді.

 

 

Топтың бағалауы

 

«Бағдаршам» әдісі арқылы

Сабақты бекіту. Рөлдік ойын. Жырдағы кездескен салт-дәстүрлердің бірін көрсетіп берулерін сұрайды. Рөлдік ойын көрсетеді. Әр түрлі фигуралар арқылы
Үй тапсырмасы. Салт-дәстүр түрлерін қарастырып келу. Күнделікке жазады.
Сабақты бағалау. Бағалау парағын есепке ала отырып, жиынтық баға шығарады. Бағалау парағын тапсырады. Жиынтық баға
Рефлексия

 

 

 

«Дейін-кейін» стратегиясы Тақырып бойынша «дейін» бағанасына не білетіндерін, «кейін» бағанасына бүгін не білгенін жазып, «Сабақтан алған әсерім» қабырға газетіне іледі.