Айтыс туралы жалпы түсінік.

692

Сабақтың тақырыбы:      Айтыс туралы жалпы түсінік.

 

Сабақтың мақсаты: білімділік- айтыс туралы ойларын тереңдету. Оқушыларды ізденімпаздылыққа, шығармашылыққа деген ынталарын арттырып, білімдерін кеңейту.

Дамытушылық- оқушылардың айтыс туралы білімдерін шығармашылыққа жинақтап, ойлау қабілеттері мен тіл байлықтарын молайту.

Тәрбиелік- оқушыларға айтыстың ерекшеліктерін таныта отырып, шешен сөйлей білуге, ізеттілікке, имандылыққа тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: өнеге сабақ

 

Сабақтың әдісі: іздендіру, баяндау, жинақтау, салыстыру, талдау,пікірлесу, ой қозғау.

 

Сабақтың көрнекілігі: қосымша оқулықтар, плакаттар, парақшалар

 

Сабақтың жүру барысы:               І. Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу

Сабаққа қатысымын тексеруэ

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Шешендік сөз дегеніміз не?
  2. Шешендік арнау, шешендік толғау дегенді қалай түсінесің?
  3. Сол кезеңдегі би- шешендерден кімдерді білесің?

 

ІІІ. Жаңа сабақтың мазмұны.

  1. Ой шақыру.
    1. Ақындары айтысының өзіне тән ерекшеліктері
    2. Айтыстың адам тәрбиелеудегі ролі
    3. Айтыстың көркемдік ерекшелігі

 

  1. «Венн» диограммасы . Бұрынғы айтыс және осы күнгі айтыстар

 

 

 

Бұрынғы айтыс                  Ұқсастығы             Қазіргі айтыс

 

Халық ауыз әдебиетінің түрі, көркемдік ерекшеліктері, сөз шеберліктері

Демократиялық тақырыптар                                  Көкейтесті мәселелер,

жариялылық басым,                                                 мерейтой иесіне

әлеуметтік мәселелер,                                        арналады, бір- бірін

елдегі қоғамдық тартыстар                                 сынау басым

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Парақшамен жұмыс
    1. Айтыс жырларының көне түрі- бәдік айтысы туралы не білесің?
    2. Салт айтысы неше түрге бөлінеді, қалай аталады?
    3. Қазіргі айтыс ақындарынан кімдерді білесің?
    4. Бұрынғы айтыс ақындары кімдер?

 

  1. Инсерт.

 

Білетінім Үйренгенім Нені білгім келеді
Айтыс- қазақ сөз өнерінің үздік үлгісі, айтыс- сөз барымтасы, ұлттық өнер екенін Қазақ ауыз әдебиетінің бірнеше түрі бар: бәдік, жар- жар, жануарлар мен адамдар айтысы,  өлі мен тірі айтысы, жұмбақ  айтысы, салт айтысы, осы күнгі айтыстар Болашақта бұрынғы және қазіргі айтыс түрлерінің ерекшеліктерін, олардың айтыс шеберліктері мен тарихы туралы білгім келеді

 

 

5.Ой қозғау  «Айтыс дегеніміз не?» (топтастыру әдісі)

 

 

 

Әр түрлі тақырыпты қамтиды              Халық ауыз әдебиетінің бір түрі

 

 

 

 

 

Ұлттық өнер                                Айтыс                              Екі ақынның өлеңмен

тартысы

 

 

Халық өмірінің көрінісі                                                 Өнер жарысы

 

Сөз сайысы

 

 

  1. Сәккууэй. Бес жолдан тұратын қорытынды
    1. Зат есім. Айтыс
    2. Сын есім. Киелі өнер
    3. Етістік. Айтысады
    4. Сезіну. Айтыс- сөз барымтасы
    5. Синоним. Ақындар айтысы- ұлттық өнер падишасы

 

 

ІҮ. Сабақты қорытындылау

Оқушыларды бағалау

 

     Ү. Үйге тапсырма

  1. «Айтыс – киелі өнер» тақырыбында шығарма жазу
  2. Тақырыптың мазмұнын баяндау.

  Бағалау.