О. Бөкей «Тортай мінер ақ боз ат»

56

Сабақтың тақырыбыО. Бөкей «Тортай мінер ақ боз ат»

Сабақтың мақсаты:    Оралхан Бөкейдің өмірімен, шығармашылығымен танысады.   Әңгіменің мазмұнымен таныса отырып,  көркем шығармаға қызығушылығы артады.

Міндеті:

  1. Мазмұнға байланысты міндет:әңгіменің мазмұнымен таныса отырып,кейіпкерлерге мінездеме береді, мәтін мазмұнын өмірмен байланыстырады;

2.Сыни ойлауды дамытуға байланысты міндет:оқушылар ой талқысына түсе отырып, өзара пікір алмасады, іс-әрекеттерін талдайды;

  1. Топтық міндет:оқушылар өз ойларын қорғай білуге үйренеді, бір-бірін тыңдайды, достық сезімдері, бір-біріне сыйластық сезімдері артады.

Сабақтың түрі:жаңа оқу материалдарын оқып-үйрену сабағы

Сабақтың әдісі:«ДЖИГСО-1», «топтастыру»,

                              «еркін жазу» стратегиялары.

Сабақтың көрнекілігі:О. Бөкейдің өмірі мен шығармашылығына

                                       байланысты дайындалған слайдтар, 

                                       әңгімелерінің тақырыптарына     

                                      байланысты сурет, сөзжұмбақ

Бағалау:                ойды еркін жеткізе айта білу қабілеттеріне  қарай

 

Сабақтың құрылымы:

  1. Қызығушылығын ояту.Оқушыларды III топқа бөлу.

«Ой ашар»: — Оқушылар өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық?

-С. Мұратбеков «Жусан иісі».

— Ендеше өткен сабақта өтілген шығарманың мазмұнына байланысты құрастырылған сөзжұмбақты шешейік.

Сұрақтары:

  1. С. Мұратбековтің «Жусан иісі» шығармасы прозалық жанрдың қай түрі? Әңгіме
  2. Аян халық ауыз әдебиетінің қай түрін шебер айтушы еді? Ертегі
  3. «Жусан иісі» шығармасының басты кейіпкері кім? Аян
  4. С. Мұратбеков қай өңірде дүниеге келген? Талдықорған
  5. Аян сауаттанғасын не істеді? Хат жазды
  6. Аянның ұстазы Иманжанов
  7. Оқиға қай жерде болған? Жусандытөбе

 

  1. « Жусан иісі» шығармасының авторы Мұратбеков
  2. Аян Асылбек қартқа аяғын салдырғанда қандай қасиет көрсетті?

Төзім

  1. Аянның досы Есікбай
  2. Аянға көмек көрсеткен кім? Асылбек
  3. Балалар кімнің үйінің қасына жиналып ертегі айтушы еді?

Бапай

 

-Ерекше тор көзден шыққан сөзді оқимыз

-Оралхан Бөкей

 

  1. Мағынаны тану

-Ендеше, бүгін Оралхан Бөкейдің өмірі, шығармашылығымен және

«Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесімен танысамыз. Бәріміз тақтадағы Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығына арналған деректерге назар аударамыз және әр топ оқушылары өзара ақылдаса отырып, өмірі мен шығармашылығына байланысты деректерді жинақтап, қорғаймыз.

(Оқушыларға уақыт беріледі, әр топтан 2 оқушыдан шығып дайындаған жұмыстарын қорғайды)

-Оқушылардың О. Бөкейдің өмірі мен шығармашылығы туралы  айтқандарын толықтыру мақсатында слайд материалдары көрсетіледі.

-О. Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесінің мазмұнымен танысу үшін үш топқа әңгіме мазмұнын 3-ке бөліп таратамын. Әңгіменінің мазмұнына қарай топ оқушылары бір-бірін жалғайды, өзара пікір алмамса отырып, толықтырады

«ДЖИГСО-1» стратегиясы

(мәтін мазмұны оқушыларға таратылып,әңгіменің мазмұнына байланысты сурет тақтаға ілінеді,  оқушыларға уақыт беріледі)

Топ оқушылары бір-бірінің ойын жалғай отырып, шығарманың мазмұны тыңдалынады.

 

Бас кейіпкерлерге мінездеме беру

 

Ораз                                                                                         Тортай

 

 

III. Ойтолғаныс

-Балалар, сонымен бүгін не үйрендік, не білдік?

-Әңгіме неге «Тортай мінер ақ боз ат» деп аталған?

-Тортай қандай бала? Сенің ойыңша жағдайы болып оқығанда ол өскесін кім болар еді?

-Ораштың орнында болсаң сен не істер едің?

-Шығарманың сіз үшін тәрбиелік мәні қандай болды?

 

Оқушылар бағаланады

 

  1. Үйге тапсырма беру:
  2. Оралхан Бөкей туралы деректер жинау;
  3. Әңгіменің мазмұнын баяндау;
  4. «Баяғыда бір жетім бала болыпты…» деп Тортай ертегісін жалғастыру