Windows xp операциялық жүйесі.

145

Сабақтың тақырыбы: Windowsxp операциялық жүйесі

Сабақтың мақсаты:    а) Windowsxp операциялық жүйесінде жұмыс істеуді бастау   және аяқтау 

                                         жолдарымен, windows-тің обьектілері мен таныстыру, үйрету.

                                         б)   АКТ    мүмкіндіктерін  қолдана отырып,  оқушылардың  пәнге деген   

                                         қызығушылығын  арттыру, дамыту.

                                     в)  Оқушыларды  алғырлыққа,   шапшаңдылыққа, тапқырлыққа, өз   ойын   

                                         ашық   баяндауға, тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа  білімді меңгерту  сабағы.

 Сабақтың типі: Практика элементтерін қолдана отырып, түсіндіру.

Сабақтың  көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, кеспе қағаздары

Сабақтың әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап проблемалық ситуцияны шешу

Пәнаралық байланыс: Геометрия, халықтық педагогика

Сабақтың барысы: І  Ұйымдастыру сәті

а)Оқушыларды түгендеу                                                                                                   б) Сабаққа даярлығын  тексеру                                                                                        в) Сабақ мақсатын айту

ІІ   Үй тапсырмасын тексеру  «Ғажайып жетілік»

  1. Интерфейс дегеніміз не?
  2. Қандай интерфейстерді білесіңдер?
  3. Драйверлердің рөлі неде?
  4. Компьютердің программалық  жабдықтамасына  не  жатады?
  5. Операциялық жүйенің негізгі қызметтерін атаңдар?
  6. Қолданбалы программалардың   тағайындалуы? Олар  қалай жіктеледі?
  7. Программалау жүйесі   не  үшін  қажет?

 

ІІІ   Жаңа тақырыпты түсіндіру

WINDOWS   операциялық  жүйесінің  атауындағы  XP әріптері “eXPerience  деген ағылшын сөзінің бөлігі болып табылады, ол “өмір тәжірибесі” , “білім” дегенді білдіреді.

Жұмыс істеудің бастамасы:

Жұмысты аяқтау үшін:

 

WindowsXP графикалық графикалық операциялық жүйе, оның негізгі обьектілері терезе мен белгішелер түрінде бейнеленеді. WindowsXP-дің обьектілерін әр түрлі құрылғылармен басқаруға болады, оның ең негізгісі – тышқан. Тышқанның сол жақ батырмасы негізгі, ал оң жақ батырмасын көмекші батырма дейді.

 

 

 

IV  Сабақты бекіту.

Электрондық оқулықпен жұмыс

 

  • тапсырма: Жұмыс үстелі   және   оның құрылымы;
  • тапсырма: Windows терезесінің құрылымы;
  • тапсырма:Терезелердің көлемін  ені мен биіктігі бойынша өзгертулер жүргіз;
  • тапсырма: Тышқанның көмегімен  терезені жылжыту керек;
  • тапсырма: Терезелерді бүгіп, үлкейту, жабу командаларымен жұмыс;

 

Кеспе қағаздарымен жұмыс:

 

 

ІV   Сабақты қортындылау

«Домино» құрастыру.

VІ    Үйге тапсырма: §12. Windowsxp операциялық жүйесі.

VІІ Бағалау .