Visual Basic-те бағдарамалау негіздері

88

Visual Basic-те бағдарамалау негіздері

Сабақтың мақсаты: Visual Basic бағдарламасында шығармашылықпен жұмыс істеу дағдысын    қалыптастыру

Сабақтың міндеттері:                                   

      Білімділік: Объектілі бағдарланған программалау бойынша алған білімдерін саралау.

               Дамытушылық: Әр оқушының сабаққа деген ынта  мен қабілетін біріктіріп,  

                                              қызығушылығын арттыру.

              Тәрбиелілік : Туған жерге, елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімін ояту

Сабақтың көрнекілігі:

флипчарт,  тест, практикалық тапсырма, сәйкестендіру кестесі

Сабақтың құрал-жабдықтары:

интерактивті тақта, активоте, Visual Basic 6.0, компьютер, локалді желі

Сабақтың түрі: практикалықізденіс сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, тест алу, практикалық тапсырманы орындау, СКТ, сәйкестендіру кестесін толтыру.

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет

Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

      1-тапсырма Тест алу

      2-тапсырма Кесте толтыру
ІІІ.Практикалық жұмыстарды орындау
ІV.Бекіту.

     1.СКТ технологиясы

     2.Сәйкестендіру кестесі
V.Үйге тапсырма.

VI.Бағалау.

VІІ.Қорытынды.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеп, олардың назарын сабаққа бұру.

Оқушылар, Тәуелсіз  ел  болу  дегеніміз — кеудеңді  кере  дем  алып, еңсеңді  көтере  ұрпақтан- ұрпаққа  мұра болып   келе  жатқан салт- дәстүріңді, әдет  ғұрпыңды айқындап  көрсететін, өзіңнің  өзгелермен  тең екендігін сезіну  және ана  тіліңде емін- еркін  сөйлеуің  деп  білемін.
Тәуелсіздіктің  мағынасы  зор, тамыры  терең  ұғым. Оған   миллиондаған адамдарды құрбандыққа шала  отырып, қол жеткіздік. Бодандықтың бұғауын бұзған егемендік сағаты сыртылдай соғып, Тәуелсіздіктің нұрлы таңы келіп жетті.

Тәуелсіздік біздің алдымыздағы жарқын болашаққа жол ашып берді. Біз сол жолмен алға баса береміз.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

1.ТЕСТ алу. Активотемен тест алу.

  1. Қандай мәзір арқылы қосымша жасауда қолданылатын файлдармен жұмыс жасауға болады?

А) edit                       Б) file                          В) view

  1. Проектілермен жұмыс істеуде қолданылатын мәзір

А) edit                       Б) format                    В) project

  1. Қосымшаларды іске қосу үшін қолданылатын мәзір

А) run                        Б) file                          В) tools

  1. Мәтіндік, сандық шамаларды шығару үшін қолданылатын компонент

А) pointer                  Б) frame                      В) label

  1. Формаға жанында жалаушасы бар жазу шығаратын компонент

А) pointer                  Б) check box   В) combo box

  1. Формаға түрлі типті бейнелік файлдардан суреттер шығаратын компонент

А) picture box            Б) shape                      В) image

  1. Формаға графиктік өріс шығаратын компонент

А) picture box           Б) shape                      В) image

  1. Формаға түрлі геометриялық фигураларды шығаратын компонент

А)timer                      Б) OLE                       В) shape

  1. Формаға сызық салу үшін қолданылатын компонент

А) line                        Б) data                        В) shape

  1. Формаға уақыт өлшеуіш шығаратын компонент

А) data                       Б) timer                      В) OLE

Бүгін, міне, Тәуелсіздік ағайын,

Әр Қазақтың жүрегі боп соғып тұр!..

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,

Кеңейттім кең әлемге керегемді.

 

2.Кесте толтыру

Дұрыс жауабын тышқанмен шерте отырып, көрсетіңіз. Қасиеттер терезесінен оның көмегі арқылы орнатуға болатын қатарды көрсетіңіз

Басқару компонентінің жазбасы  
Объектінің биіктігін  
Объектінің енін  
Көрсетілген мәтін сипаттамаларын  
Форманы жасыру немесе көрінетін ету  

 

Height,              Width,           Caption,               Visible,           Font

 

ІІІ.Практикалық жұмыстар

Оқушылар компьютерлерінде орнатылған VB –те тәуелсіздікке байланысты практикалық жұмыстарды жасайды.

Практикалық жұмыс 1 деңгей

Тақырыбы:  Check  басқару элементімен жұмыс жасау.

«Ұлттық рәміз туралы» программасын құру

Жұмыстың мақсаты: Visual Basiс ортасында мәтінмен жұмыс істеп үйрену.

Практикалық жұмыс 2-деңгей

Тақырыбы:  ListBox  басқару элементімен жұмыс істеу.

«Тәуелсіз жылдар тізімі» қосымшасын құру

Жұмыстың мақсаты: Visual Basiс ортасында ListBox компонентін қолдануды үйрену.

 

Практикалық жұмыс 3 деңгей

Тақырыбы: Графикалық объект құру

Жұмыстың мақсаты: Visual Basiс ортасында қарапайым графикалық объектілерді құруды үйрету.

 

Орыс, қазақ, неміс, татар-бар ұлтым,

Кең аймақты, қазыналы туған жер.

Ақ көңілді ашық жарқын ел жұртым,

Құшағыңа қиыншылық алған жер.

Қаймықпаған қиындықтың жүгінен,

Өздеріңе сыйлап қырдың гүлінен.

Бүгінгі ұрпақ-бақытты ұрпақ атынан,

Құттықтаймыз! Тәуелсіздік күнімен.

 

IV.Бекіту.

   1.Оқушылар практикалық тапсырмаларындағы басқару компоненттерін Сатылай кешенді талдау технологиясы бойынша талдап береді.

 

 

                                           СКТ                         

                                              

                                              1.Анықтама.

                                   2.Тану.

                                   2.1.Жазылуы

                                   2.2.Оқылуы

                                   2.3.Мағынасы

                           3.Қасиеттер.

                            а)

                           б)

 

 

 

 

2.Келесі тапсырма Сәйкестендіру кестесі деп аталады, яғни оқушылар басқару компоненттерінің аттарын өзіне сәйкес орнына қояды.

 

 

 

 

 

 

 

Сәйкестендіру кестесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    

 

VI.Үйге тапсырма. ЭКСПО-2017  «Болашақ энергиясы»  тақырыбына байланысты VB-те желқондырғысы жобасының  программасын құрып келу.

VII.Оқушыларды бағалау.

Оқушыларды бағалау тапсырмаларды орындау дәрежесіне сәйкес бағаланады.

V.Қорытынды.

 

Тәуелсіз елім менің, Қазақстан,

Өткен жолын жалғанда ұлы дастан.

Болашағыңа қарасам көз жіберіп,

Аумайсың атылмақшы жас барыстан