Ақпараттар әлемі сайысы

52

Ақпараттар әлемі сайысы

 

Құрметті оқушылар, ұстаздар бүгінгі «Ақпараттар әлемі» атты сайсымызға қош келдіңіздер.

Уақытымызды көп алмай сайысымызға қатысып отырған оқушыларға сәттілік тілей отырып, шыңдарға биік қонғайсың демекпіз.

Осы сайсымызды бастамаз бұрын мен оқушыларды екі топқа бөлдім. Әрбір топтың осы ақпаратттар әлеміне енуі үшін өздерінің визиткаларын көрсетуі керек.

 

Чарльз Беббидж

компьютердің

         атасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Ада Лавлейс

тұңғыш

бағдарламаушы

 

 

 

 

 

 

 

Жақсы жарайды сайысымызды бастаймыз.

 

 

Сайыс бірнеше турдан өтеді.

І.    Ақпаратты алу

ІІ.   Ақпаратты беру

ІІІ.  Ақпаратты табу

ІV.  Ақпаратты қабылдау

  1. Ақпаратты алмастыру
  2. Ақпаратты жеткізу

VII.  Ақпаратты өңдеу

VIII. Ақпаратты сақтау

 

І. Ақпаратты алу. Артық әріптерді алып тастап, анықтаманы оқу.

Берілген сөз тіркестерінен артық әріптерді алып тастап, анықтаманы оқу ұсынылады (1-сурет)

1-сурет

Жауабы: Ақпарат – қоршаған ортаның объектілері мен құбылыстары, олардың параметрлері, қасиеттері мен қалып-күйлері жөнінде таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мәліметтер жиыны.

 

ІІ. Ақпаратты беру. Суретжұмбақты шешу (ребус)

Ребусты шешкенде сұрақ шығады, студенттер сол сұраққа жауап берулері тиіс (2-сурет)

 

2-сурет

Жауабы: Бұл объекті кестедегі мәліметті қолданушыға ыңғайлы түрде шығарып береді. ()

ІІІ. Ақпаратты табу. Сөзжұмбақты шешу

Үшінші тапсырмада Delphi программалау ортасында жасалған сөзжұмбақ ұсынылады (3-сурет)

3-сурет

Алдымен сөзжұмбақ тапсыру үшін Файл//Сөзжұмбақ құру командалар тізбегін орындау керек. Сұрақ каталогын, оны таңдап болған соң жауап каталогын көрсетуді сұрап, хабарлама терезесі шығады (4-сурет)

4-сурет

Сұрақ және жауап каталогтары таңдалып болғаннан кейін терезенің оң жағында сұрақтар пайда болады. Файл//Бастау командаларын орындағаннан кейін сол жағында сөзжұмбақ пайда болады (5-сурет)

5-сурет

«Жауап» батырмасын шерткенде ашылатын сұхбат терезеде жауап номері мен жауапты енгізіп, сөзжұмбақ сұрағына жауап беруге болады (26-сурет)

6-сурет

Көрермендерге қызықты тапсырма

Төменде 4 нүкте берілген, осы нүктелерді 3 тік сызықпен қарындашпен біріктіреміз, бастапқы орнымызға қайта келеміз.

 

Төменде 9 нүкте берілген, осы нүктелерді 4 тік сызықпен біріктіреміз.

 

 

ІV. Ақпаратты қабылдау. Паззл

Төртінші тапсырмада паззл тапсырмасы беріледі. Мұнда студенттер паззл бөлшектерін құрастырып, шыққан өрнек бойынша есеп шартын табулары қажет (-сурет).

-сурет

  1. Ақпаратты алмастыру. Судоку тапсырмасы.

Мұнда берілген сөздерді тіктөртбұрышты кестеге қиылыспайтындай етіп орналастыру қажет (7-сурет)

7-сурет

  1. Ақпаратты жеткізу. Суреттер жасырылады

 

VII. Ақпаратты өңдеу. Компьютерде тест орындау

Мәліметтер қорынан бақылау Macromedia Flash MX ортасында жасалған вариантты таңдау тестісі үлгісінде келтірілген (29, 30-суреттер)

29-сурет

30-сурет

 

Көрермендердің ішінде сіздерге құпия хат жазып немесе оны шеш деп айтып пе еді?

Олай болса мен сіздерге осы құпия хат арқылы сіздерге не айтқым келгенімді білесіңдер.

Құпия сұрақ: Мен 11001 жастамын. Мектеп табалдырығын 110 жасымда аттадым. Біздің кабинетте 1011 оқушы бар. Менің болашақтағы арманым атақты Ада Лавлейс секілді бағдарламаушы болу.

Мекен жайы: Құпия кабинет № 1000111 үй.

 

Жауабы: Мен 25 жастамын. Мектеп табалдырығын 6 жасымда аттадым. Біздің кабинетте 11 оқушы бар. Менің болашақтағы арманым атақты Ада Лавлейс секілді бағдарламаушы болу.

 

VIII. Ақпаратты сақтау. Қорытындылау

Осымен сайсымыз аяқталды. Сөз кезегін әділ-қазылар алқасы қорытындылайды. Әр топтың ұпай сандарын есептеп береміз. Бүгінгі сайыс өз мәресіне жетті. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет! (сайысқа қатысушылар марапатталады)