Word Pad мәтіндік редакторымен жұмыс

68

Сабақтың   тақырыбы: Word Pad  мәтіндік  редакторымен жұмыс.

Сабақтың  мақсатыОқушыларды  Word Pad  мәтіндік  редакторымен таныстыру.

Білімділік:   Құжаттың  құрылымы, стильі,  баспа бетінің  геометриясы  туралы  және

Word Pad мәтіндік редакторының  терезесі туралы түсінік беру, мәтінмен

жұмысқа  дағдыландыру, құжаттарды құруға, ашуға, сақтауға  үйрету;

Тәрбиелік:   Оқушыларды  тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа  үйрету;

Дамытушылық:  Оқушылардың  ойлау  қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.

Сабақтың типі:     Дәстүрлі  сабақ

Сабақтың түрі:      Жаңа білімді меңгерту       

Қолданылатын көрнекі құралдар: ДК, тест, электронды оқулық

Оқыту  әдісі:  Баяндау, сұрақ-жауап, тест, электрондық оқулықпен жұмыс, компьютермен

жұмыс жасау, Activote құралымен жұмыс, интерактивті  тақтамен жұмыс

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру
  2. Үйге берілген  тапсырманы  тексеру
  3. Жаңа материалды баяндау
  4. Тапсырмаларды орындау
  5. Жаңа сабақты бекіту, қорытындылау
  6. Үйге тапсырма беру
  7. Бағалау

Жаңа  түсініктер:

            Мәтіндік  процессор – бұл тек қана мәтінді енгізу  мен түзету ғана  емес, сонымен қатар оны пішімдеу құралдары  бар бағдарламалар класы. Сонымен қатар пішімдеу қағаз бен экранға шығаруды басқаратын көрінбейтін кодтарды енгізу  жолымен іске асады. Word Pad мәтінді пішімдеудің минималды мүмкіншілігі  бар қарапайым мәтіндік процессор болып табылады. Жай  құжаттарды дайындау үшін және мәтіндік файлдарды бір пішімнен басқа пішімге өзгерту  үшін пайдаланылады. Тек  осы редактор ғана DOS ОЖ –да жасалған  орыс мәтінін  оқуға мүмкіндік береді.

 

Word Pad  мәтіндік   редакторы

            Қазіргі  кезде  дербес  компьютерлерді  құжаттар  мен мәтінді  дайындауда  кеңінен пайдаланады.  Компьтерлер  тек баспа