Жұмыстың тақырыбы: Шығамыз білім шыңына

47

Жұмыстың тақырыбы: Шығамыз білім шыңына

Жұмыс түрі: сайыс

Сыныптан тыс жұмыстың мақсаты:

 

Білімділік:  Оқушыларды  «білімін шыңдау» жолында ақпараттық технологияларды қолдануды үйрету.

Дамытушылық:   MS Excel бағдарламасының мүмкіндіктерін пайдалана отырып оқушылардың математикалық есептерді шығаруда  икемдіктері мен дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке баулу; олардың ой өрісін  кеңейту және талдау, оперативті шешім қабылдау қабілеттерін дамыту.

 

Пайдаланылатын көрнекіліктер  және  қуралдар: проектор,  слайдтар, кестелер, сызбалар, бағалау парағы, Мicrosoft Office  пакетімен  жабдықталған компьютерлер.

 

Пәнаралық байланыс: математика, география, әдебиет

 

Қатысушылар:

10 «а» сынып оқушылары:

Оразкелдиев Нұрғазы

Қаппар Берік

Маралбай Маржан

 

11 «б» сынып оқушылары:

Бабаханова Фарида

Жантаев Ержан

Кемелова Жансая

 

Сыныптан тыс жұмыстың жоспары:

 

  1. Ұйымдастыру кезеңі — 1 минут;
  2. Мұғалімнің алғашқы сөзі — 3 минут;
  • Топтардың өзін өзі таныстыруы

 

 

Сайыс жоспары:

 

  1. Прогрессия мүшелерінің қосындысын есептеу

2+4+…+96+98=? (математика әдісімен) — 3 минут;

 

  1. Сандардың қосындысын есептеу: 2+4+…+96+98=? (MS Excel бағдарламасының мүмкіндіктерін пайдалана отырып ) — 1 минут;
  2. Функция графигін салу:(математика әдісімен) -3 минут;
  3. Функция графигін салу: ( MS Excel бағдарламасының мүмкіндіктерін пайдалана отырып) -3 минут;
  4. Тригономериялық функциялар y=sinx, y=sinx/2, y=sin2x графиктерін градустық өлшемдермен қағазға салу- 3 минут;
  5. Тригономериялық функциялар y=sinx, y=sinx/2, y=sin2x графиктерін радиандық өлшемдермен компьютерде салу- 3 минут;
  6. Таңдау пәнінен сұрақтар — 10 минут:
  7. География; Мектептерді көкжиек тұстарына қарап орналастыру.

 

 

  1. Сайысты қорытындылау.
  2. Көрермен көзайымын таңдау.
  3. Көрермендермен ойын.
  • Жұмысты қорытындылау.