Информатика пәніне арналған интеллектуалды ойын «Жас информатиктер»

Информатика пәніне арналған интеллектуалды ойын

«Жас информатиктер»

Күні:20.11.14ж

Сынып:6а,ә,б,в

Ойын мақсаты:

  • Оқушыларды ойлау, қиялдау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
  • Жеке жұмыс істеуге, басқа оқушының жұмысын бағалауға үйрету;
  • Оқушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау;
  • Ұйымшыл болуға, жаңа терминдерді өз аттарымен атауға тәрбиелеу.

               Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, оқушылар, әділ қазылар мен келген қонақтар. Біздің информатика сабағында «Жас информатиктер» ойынына қош келдіңіздер!

Ал енді әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

  1. Ғылыми істер жөніндегі орынбасар: Лекерова Б.Ж.
  2. Информатика пәні мұғалімі: Абдраманова А.А.
  3. Математика пәні мұғалімі: Жұрынова Б.О.
  4. Физика пәні мұғалімі:Оразбаева Ж.Т.

Кәне оқушылар ендіөзімізді әділ қазылар мен қонақтарға таныстырып, бір–бірімізге сәттілік тілей отырып ойынымызды бастайық.

Ойын  4 кезеңнен тұрады:

 

 Жоспары:

  1. Ой қозғау кезеңі
  2. Тауып көркезеңі
  3. Ойлан тапкезеңі
  4. Ақтық сынкезеңі

 

Ойының барысы:Ойын 4 кезеңнен түрады, ойынға 8 оқушы қатысады. 1-кезеңде ең аз бал жинаған бір оқушы, 2-кезеңде ең аз бал жинаған 2 оқушы, 3- кезеңде ең аз бал жинаған 3 оқушы ойыннан шығады да, ақтық сынға 2 оқушы қалып сайысқа түседі. Ең көп бал жинаған бір оқушы бағаланып, силанады.

 

  • Кезең: ой қозғау (ия,жоқ, әр сұрақ бір балмен бағаланады.)

 

  1. Экран мен көздің арақашықтығы 60-70болу керек. (ия)
  2. Ертеде адамдар есептеу құралы ретінде қолдарын пайдаланған. (ия)
  3. «Компьютер» сөзінде 9 байт, 72бит бар. (ия)
  4. Ақпаратың 3 түрі бар. (жоқ)
  5. Вирус-өздігінен көбеюге қаблетті зақымдаушы программа. (ия)
  6. ЭЕМ І буыны 1958-1964 жылдар аралығын қамтиды. (жоқ)
  7. Компьютердің атасы аналитикалық машинаны ойлап тапқан.(Ия)
  8. Кез келген алгоритмның басы және соңы болады. (Ия)
  9. «Ақпарат » сөзінде 7 бит бар. (Жоқ)
  10. Серебян Рессейдің есептеу құралы. (Жоқ)
  11. ЭЕМ 5 буыннан түрады. (жоқ)
  12. Алгоритм тек 2 тілде беріледі. (жоқ)
  13. ДК- ң миы жүйелік болк болып табылады. (ия)
  14. Байт биттен үлкен. (ия)
  15. Әрекетттердің бірінен кейін бірінің ретімен орындалуы сызықтық алгоритм деп аталыды. (ия)
  16. Бір байт 8 битке тең. (Ия)
  17. 6-сыныптар үшін компьютердің алдында тек 60мин орытуға рұқсат етіледі. (жоқ)
  18. Бір әріп бір байтқа тең. (ия)
  19. Жапонда пайдаланған есептеу құралы Суанпан деп аталған. (жоқ)
  20. Алгоритм атқарушысы адам болып табылады. (Ия)
  21. Компьютердің атасы Чарльз Бэббидж. (ия)
  22. Қытайдағы есептеу құралы Суанпан деп аталған.(ия)
  23. «Адам» сөзінде 32бит бар. (ия)
  24. Компьютердің 4 негізгі құрылғысы бар. (ия)

 

  • Кезең: тауып көр.( бір сөз екі балмен бағаланады.)

Информатикаға байлансты сөздер жазу керек.

  • Кезең : ойлан тап (суретке қарап атарын атау керек. Әр сұрақ 5 балмен бағаланады.)

Қай елдің есепшоттары? Аттарын ата? Қай ғасырда пайда болған?

 

Мына ғалымдар кімдер? Информатикада қандай ұғыммен танымал?

 

Қай кездері қолданылған есептеу құралдары? Қай буынға жатады?

 

 

  • Кезең:ақтық сын(Әр сұрақ 5 балмен бағаланады.)
  • Тапсырма: Блок-схема ретінде көрсету.
  1. Ағаш егу

Жерде шұңқыр қазу;

Ағаш тұқымын шұңқырға салу

Шұңқырды ағашпен қоса топырақпен жабу;

Су құю.

  1. Қосындыны есепте

C= a+b

  • Тапсырма: Алгоритмге бір мысал келтіру.

Осымен бүгінгі  біздің «Жас информатиктер» атты сайысымыз өз мәресіне жетті, келіп тамашалағандарыңызға рахмет.

  • Сау болыңыздар.

 

 

Оқушы аты –жөні:_____________________

 

Жауап парағы

 

2-кезең бойынша:

Информатикаға байланысты сөздер жазу керек.

 

19
210
311
412
513
614
715
816

 

 

4-кезең бойынша:

Блок-схема ретінде көрсету

 

C= a+bбарілген, С –ның мәнін табу керек.

 

 

 

 

 

Бағалау парағы

Ойының барысы: ойын 4 кезеңнен түрады, ойынға 8 оқушы қатысады. 1-кезеңде ең аз бал жинаған бір оқушы, 2-кезеңде ең аз бал жинаған 2 оқушы, 3- кезеңде ең аз бал жинаған 3 оқушы ойыннан шығады да, ақтық сынға 2 оқушы қалып сайысқа түседі. Ең көп бал жинаған бір оқушы бағаланып, силанады.

 

Оқушы аты — жөні1-кезең

(әр сұрақ бір балмен бағаланады.)

2-кезең

(әр сұрақ екі балмен бағаланады.)

3-      кезең

(әр сұрақ бес балмен бағаланады.)

4-      кезең

(әр сұрақ бес балмен бағаланады.)

1