Практикалық сабақ. Желіде және Интернетте жұмыс жасау. Электрондық пошта туралы түсінік

134

Сабақтың тақырыбы: Практикалық сабақ. Желіде және Интернетте жұмыс жасау. Электрондық пошта туралы түсінік

Мақсаты: Оқушыларға желімен және Интернет желілермен жұмыс жасау технологияларының ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін игеруде көмек көрсету және нақты жұмыс жасауды үйрету, электроныдқ пошта туралы түсінік беру;

А) Интернет желілері және электрондық поштаның құрылуы және жұмыс істеу жолдары жөнінде оқушыларға мағлұмат беру

Ә) Ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін үйрету арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру

Б) Интернет желілерін үйрету арқылы оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру

Көрнекілік: компьютер, флипчарт, тапсырмалар слайд арқылы көрсетіледі

Сабақтың әдісі: топтық жұмыс

Сабақтың түрі: тест технологиясын пайдалану

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру

  • Сәлемдесу
  • Түгендеу
  • Сабаққа даярлығын тексеру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: жасырылған суреттер арқылы жауап береді.

  • Компьютерлік желі және желі түрлері
  • Интернет желісі және қызметі
  • Провайдер дегеніміз кім?
  • Гиперсілтеме деген не?
  • Брандмауэр ұғымы
  • Интернеттің қызмет түрлері қандай?
  • Домен ұғымы
  • Браузер деген не?
  • WWW-дегеніміз не?
  • HTTP-TCP/IP қызметі

ІІІ. Жаңа сабақ:

Бүгінгі біздің сабағымыз  практикалық сабақ. Сабағымызды бастамас бұрын 9 сынып электронды оқулығын ашайық. (элек. оқулық)

1997-2001 жыл аралығында Интернет желісіне қосылған жер шары тұрғындарының темптерімен таныссақ. Одан кейін ғалымдардың зерттеуі бойынша бір-бірімен байланысқан компьютерлер жүйесін суретшілер көзге осылай елестетеді екен

 

(4-5 слайд көрсету)

Енді электрондық пошта мен кәдімгі пошта айырмашылығын табайық. Ой тастау. Тақтаға сызамын. Флипчарт ашамын.

2-топқа бөлінген тапсырмалар беріледі. Әрқайсысының поштасына лақтыру.

1 мамырға арналған мерекелік құттықтау открыткаларын тақтада көрсету.

Демалыс сәті. Оқушыларды демалдыру.

ІҮ. Сабақты бекіту: Тест жұмысы. Active Vote тестілеу құрылғысы арқылы тест алу.

Ү. Оқушыларды бағалау. Алынған фишкалар санына қарай.

ҮІ.Қорытынды.Үй тапсырмасына өз бетімен жұмыс. Электронды үкімет және интернет қызметтері туралы түсінік беру.