«Жеңіп көр» білімділер сайысы

218

Тақырыбы: «Жеңіп көр»  білімділер сайысы

Мақсаты:

  • Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру. Қызықтыру арқылы білімін тереңдету, зияткерлік қабілетін дамыту .
  • Оқушылардың бойында компьютер туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын  арттыру.
  • Оқушыларды сабырлылыққа, тәртіптілікке, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: компьютер, слайд.

Түрі: сайыс.

Ойын барысы:

 

«Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы- білім»,- деген екен шығыс ғұламасы Әбу-р-Райхан әл Буруни. Ендеше, білімді байлығымызды көрсетейік.  «Жеңіп көр» атты білімділер сайысына хош келдіңіздер!

 

Құтқарып  ауыр  бейнеттен

Техниканы  үйреткен

Роботтай – адамды

Тіл  бітіріп  сөйлеткен

Компьютер  емей  немене

Білмегенді  білдірген

Өлшеп  киім  кигізген

Барлық  істі  атқарып

Пайдасын  елге  тигізген

Компьютер  емей немене

Бәріңіз  маған  қараңыз!

Ойынымызды  бастайық

Алуан  түрлі  ойларды

Ортамызға  тастайық.

Информатика  пәнінен

Көрсетіп  біздер  батырлық

Ой  толғалық  жүйелі

Таңдайымызға  татырлық

 

  • деп сайысымызды бастаймыз. Ойынға 3 адамнан тұратын 2 топ қатысады. Ойын 5 турдан тұрады.Ойынымыздың алдында білім сайысының әділ эксперт мүшелерімен таныс болыңыздар. (Эксперт төрағасы мен мүшелерімен таныстыру).Сайыстың кезеңдерімен таныс болайық.

І-кезең «Кел танысайық» Топ аты және топ құрамымен танысу.

ІІ-кезең«Сиқырлы сандық». Жұмбақтардың  шешуін табу

ІІІ-кезең«Қатені тап» сайысы. Екі топқа арналған мәтін беріледі,сол мәтіннен қатені  3минут арасында  табу керек

ІV−кезеңді «Эрудиттер» сайысы    Берілген сұрақтарға жауап беру

V-кезең «Таңдау-табыс». Өздері берілген ұяшықтарды таңдау арқылы сұрақтарға жауап берееді

Ендеше кезек оқушыларда (Әр топ өз аты мен ұранымен таныстырады).

І-кезең «Кел танысайық»: Топ аты және топ құрамымен танысу. Информатика пәніне байланысты сөздермен таныстыру керек.

 

«Интернет» дарындылар тобы:

     Ұраны:

Болашақтың ұрпағымыз білімді,

Сайыста көрсетпекпіз мектепте алған білімді.

«Жас программис»- тапқырлар тобы

Ұраны:

Тапқырлық таныту мақсатымыз,

Біліммен шықсын тек жақсы атымыз.

 

ІІ-кезең«Сиқырлы сандық». Ойын шарты бойынша  оқушыларға 5 жұмбақ жасырылады. Дұрыс жауап беру арқылы  әр топ өз ақша қорын жинайды. Дұрыс жауапқа 200 теңгеден беріледі.

 

І топқа арналған

1.Ұзынтұра жалқаубек,                                                      3.Барлық сурет мәтінді

Тұрмай ылғи жатады                                                          Компьютерге енгізген

Қозғала қалса артынан                                                       Керек емес жерімді

Ешбір белгі қалмайды (бос орын)                                    Компьютерде өшірген (сканер)

 

 

  1. Компьютермен енеді, 4. Тетігін бассан алаңсыз            5. Батырманы басасың

Қағазға басып береді(Принтер)     Жазады қағаз, қаламсыз (компьютер)     Қажетіңді ашасың.(тышқан)

ІІ топқа арналған

  1. Компьютердің айнасы 2. Бар нәрсеге жетік 3. Ақпаратты таратқын

Бағдарыңды таңдашы                     Миы күшті тетік                   Жұртты өзіне қаратқан . (жүйелік блок)

Сурет салып көмектесіп                  Ол арқылы сөйлесіп

Тиер саған пайдасы (монитор)       Кетесін шет елге өтіп  (интернет)

  1. Қанша тетік тізілген 5. Жоқ өзінде  бас  та,  қас  та,  мойын  да

Саусағында терілген                                               Ұзындығы  жазулы  тұр  бойында. (сызғыш)

Барлы сенің ойынды

Компьютерде енгізген (пернетақта)

 

 

ІІІ-кезең«Қатені тап» сайысы.Екі топқа арналған мәтін беріледі,сол мәтіннен қатені  3минут арасында  табу керек. Дұрыс жауап беру арқылы  әр топ өз ақша қорын жинайды. Дұрыс жауапқа 5000 теңгеден беріледі.

І топ.

Мен компьютермен жұмыс істегенде, міндетті түрде монитор мен сканерді  іске қосамын. Тышқанмен әріптерді теріп, сурет салу керек болса, сканерді пайдаланамын. Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізбеу үшін джойстикті қолданамын. Ал мәтінді басып алу үшін жүйелік блокқа қағаз саламын.

ІІ топ.

Мен компьютерде жұмыс істегенді ұнатамын. Меніңше, сурет салу үшін ең ыңғайлы программа Word графикалық редакторы шығар. Ол арқылы мен тек сурет салып қана қоймай, оның кез келген бөлігін бояймын. Суретке мәтін қосуға болмайды. Оған қоса суретімді пернетақтанын көмегімен баспадан шығарып аламын.

 

            ІV − кезеңді «Эрудиттер сайысы».  Дұрыс жауап беру арқылы  әр топ өз ақша қорын жинайды. Дұрыс жауапқа 1000 теңгеден беріледі.

 


№1 топқа арналған сұрақтар.

  1. Компьютердің миы. (Процессор).
  2. Компьютердің ішкі жады. (Жедел жад)
  3. Компьтердің экранына ақпарат қандай құрылғының көмегімен шығады? (Монитор)
  4. Принтердің неше түрі бар? (3 түрі)
  5. Қағаздағы кескінді түсіріп дисплей экранына шығаруға арналған құрылғы. (Сканер)
  6. Іске қосу- батырмасын ата. (Пуск)
  7. Алгоритм жазу түрлері (сөздік, кестелік, блок –схемалар, программалық)
  8. Компьютер жұмысын басқаратын арнайы программа. (Операциялық жүйе)
  9. Бүкіл дүниежүзілік өрмек. (Интернет)
  10. Ақпарат өлшем бірлігі? (бит, байт)

 

 

№2 топқа арналған сұрақтар.

  1. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас? (интерфейс)
  2. Бір-бірімен жалғастырылған компьютерлер тобы. (компьютерлік желі)
  3. Курсордың оң жағындағы символдарды өшіру пернесі? (delete)

4.Алгоритм түрлері (сызықтық, тармақталған, циклдік)

5.ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезінде экраннан қандай қашықтықта отыру керек? (60-70см)

  1. Баспа құралы. (Принтер)
  2. Компьютер ауруы (вирус)
  3. Вирустарды жоюға және табуға мүмкіндік беретін программа. (Антивирустық программа)

9.Компьютерге мәтін енгізу құрылғысы.   (Пернетақта)

  1. Дыбыс шығару құрылғысы (колонка)

 


 

V-кезең «Таңдау-табыс». Әрбір топ информатика пәні бойынша әртүрлі тапсырмалар орындайды. Дұрыс жауап беру арқылы  әр топ өз ақша қорын жинайды. Дұрыс жауапқа тандау сұрақтарының ұпайлары  беріледі.

 

 ТАРИХ информатика әр түрлі
30 30 30
40 40 40
50 50 50

ТАРИХ

30 -Компьютердің атасы. (Чарльз Бэббидж)

40−Алгоритм сөзі кімінің есімінің латынша жазлуынан шыққан.(Әбу Жафар Мұхаммед ибн Мұса әл−Хорезми)

50-Алғашқы электронды  есетеуіш  машина (ENIAC)

 

ИНФОРМАТИКА

30 –Адам ақпаратпен не істейді?   (1. сақтайды, 2. жеткізеді, 3. өңдейді).

40-Орындаушының белгілі бір мақсатқа жетуі үшін орындалатын әрекеттер тізбегін не деп айтады.  (Алгоритм).

50 –ЭЕМ неше буынға бөлінеді?   (Бес буынға)

 

ӘР ТҮРЛІ

30–Алгоритмнің қасиеттерін  ата?   (түсініктілік, дискреттілік, анықтылық, нәтижелік, жалпылық)

40 – Компьютерге символдар және мәтіндік ақпараттарды енгізуге мүмкіндік беретін құрылғы (пернетақта).

50–Ақпараттық  процестерді  жүзеге  асыратын  негізгі құрылығы.

 

Қорытынды:Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030 жылы барысқа апаратын- бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар» деген сөзін әрқашан жадымызда ұстап, Елбасының сенімін ақтауда дәл бүгінгідей зияткерлік сайыстарда өз білімімізбен биіктерден көріне берейік. Ендеше, ендігі кезек эксперттерде. (Марапаттау рәсіміне кезек беріледі).

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 20 жыл ішінде Қазақстан Республикасының «Бәсекеге барынша қабілетті, дамыған 50 елдің қатарына қосылу» стратегиясы бәрімізге мәлім. Осы стратегияны жүзеге асырудың басты шарты білім екені даусыз. Сондықтан «Ешқашан да бәрін білемін, енді маған бұдан артық үйренетін ештеңе жоқ  деп санаушы болма»,- деген Н.Д.Зилинскийдің сөзімен «Жеңіп көр» білімділер сайысын аяқтаймыз. Білім алудан кеш қалмаңыздар!