MS WORD тақырыбы бойынша қорытындылау сабағы және графикалық мүмкіндіктері

Сабақ тақырыбы: MS WORD тақырыбы бойынша қорытындылау сабағы және графикалық мүмкіндіктері

Сабақ түрі: Қайталау сабағы

Сабақ мақсаты:

Білімділік. Оқушылар негізгі терминдер мен түсініктерді білуі тиіс. Word ортасында жұмыс істеу дағдыларын дамыту. Оқушылар объектілерді құру, көшіру, жылжыту, іздеу, құжаттарды ашу және программаларды іске қосу істерін үйреніп, өз жұмыстарын талдау тәсілдерін меңгеруі керек.

Дамытушылық. Танымдық қызығушылығын, логикалық және шығармашылық ойлау қабілетін,  қадағалау-тексеру, реакция деңгейін жетілдіру, топ мүшелерімен бірігіп жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік. Пәнге деген қызығушылықты арттыру, сыйласу, қарым-қатынас жасай білу, ұжымдық сезімді ояту сияқты рухани тәрбие негізін қалыптастыру.

Программалық-дидактикалық жабдықтамалар. Дербес компьютер, Excel ортасында жасалған кроссворд, бағалау парағы, таратпа материалдар, электрондық оқулық, интерактивті тақта, тест тапсырмалары.

Сабақты өткізу барысы.

Сабаққа дайындық.

Сабақ алдында оқушыларға тапсырма және бағалау парағы таратылады. Оқушылар компьютеріне алдын-ала дайындалған кроссворд пен тапсырмалар жазылған.

І. Ұйымдастыру. Сәлемдесу

ІІ. «Сиқырлы сандықша»  Өткен тақырып бойынша  үй тапсырмаларына  шолу.

  • Сандықша (MS WORD қандай программа?) мәтіндік
  • Сандықша (MS WORD редакторын қалай іске қосамыз?) бастау-программы- MS WORD 
  • Сандықша (Құжатты қалай сақтаймыз?) файл-сохранить
  • Сандықша (Жаңа құжатты қай менюдің көмегімен ашамыз?) файл
  • Сандықша (Құжатқа кестені қалай орнатамыз? ) вставка- таблица
  • Сандықша (Редактордың негізгі жолы орналасқан жол?) меню

ІІІ. «Ой толғаныс» жаңа сабақты түсіндіру

Құжатқа сурет немесе графикалық объектілерді қою үшін:

  1. Объект қойылатын жерге курсорды орналастырып;
  2. Вставка- Рисунок командасын орындау керек.

Сонымен қоса әртүрлі баяндамалар мен рефераттардың сырттарын әдемілеп жазу  үшін WordArt  мүмкіндігін қолдануға болады. Ол үшін:

  1. Вставка- WordArt командасын орындау керек;
  2. Надпись текста диалогтық терезесіне өзіңіздің тақырыбыңызды жазып Ок батырмасын басу қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІҮ. «Көрстейік» кезеңі (оқушылардың өз бетімен жұмысы)

Бұл кезеңде оқушылар 3 топқа бөлініп отырады.

1-топ оқушыларына тест тапсырмалары

  1. MS Word қалай іске қосамыз?

А) Пуск- Программалар- Microsoft Office – MS Word

В) Пуск-  Microsoft Office – MS Word

С) Пуск- Программалар- Microsoft Office

Д)  Программалар- Microsoft Office – MS Word

  1. MS Word қандай редактор?

А) кестелік редактор;                          В) мәтіндік редактор;

С) мәліметтер басқару редакторы;    Д)дұрыс жауабы жоқ.

  1. MS Word-тың қандай жолы?

А) меню;        В) тақырып;       С) сызғыш;    Д) саймандар тақтасы.

  1. Қалып-күй жолы MS Word терезесінің қай бөлігінде орналасқан?

А) сол;             В) оң;                 С) жоғарғы;           Д) төменгі.

  1. Жаңа құжатты қалай ашамыз?

А) Файл- Ашу;       В) Формат-Ашу;         С) Түзету-Ашу;     Д) Сервис-Ашу.

  1. MS Word –та қандай команданы білдіреді?

А) Ашу;                В) Құру;               С) Сақтау;             Д) Жабу.

  1. Курсордың сол жағындағы символды жоятын батырманы көрсет?

А) Delete;     B)   Enter;         C) Backspace;        Д) Esc.

  1. MS Word –та қандай батырма?

А) Қою;           В) Көшіру;                  С) Сақтау;              Д) Ашу.

  1. батырмасы қандай қызмет атқарады?

А) қаріп  түрі;        В) қаріп өлшемі;     С)қаріп типтері;    Д) форматтау түрі

  1. батырмасы қандай қызмет атқарады?

А) қаріп  түрі;        В) қаріп өлшемі;     С)қаріп типтері;   Д) форматтау түрі

2- топ оқушыларына SinKaz  электронды оқулықтан тапсырмаларын орындау.

3-топ оқушыларына ребус шештіру

Ү. «Кім жылдам» кезеңі бұл кезеңде оқушылардың білімі тексеріліп, қорытындылады

1- топ оқушылары компьютерде автофигураларды қолданып жұмыс істеу.

 

 

 

 

 

 

2- топ оқушыларына сканворд шештірту.

 

3- топ оқушыларына сәйкестендіру кестесін толтырту

 

ҮІ. «Кім білімді» кезеңі бұл кезеңді мәтіндік редакторы бойынша білімдерін қорытындылайды.

  • Топ оқушыларына артық сөзді табу керек және әріптердің орнын ауыстырып дұрыс сөзді шығару

Терчесвин— винчестер

Такидес— дискета

Акткомксиди – компакт-диск

Сорецпро— процессор

  • Топ оқушыларына Информатикалық диктант

                                                                                                                                              

 

3-топ оқушыларына компьютерде тапсырма орындату

№1 практикалық тапсырма

Жұмыс мақсаты:

— беттің параметрлерін орнату;

— мәтінге жақтау қою;

-символдық параметрлерін орнату;

-абзацтің параметрлерін орнату;

— құжатты сақтау.

Жұмыстың орындалу барысы:

  1. Мәтіндік редакторын ашыңыз;
  2. Өрісті орнату:

-сол жағы: 2,0 см

-оң жағы: 2,0 см

-жоғары: 2,0 см

-төменгі: 2,0 см

  1. Бетке жақтау қойыңыз;
  2. Өз қапшығыңызды құжатты сақтаңыз.

 

 

 

 

 

VII.Оқушыларды бағалау. Барлық турдан алған ұпайларын қосып, оқушыларды жеке-жеке бағалаймын.

ҮІІІ.  Қорытынды.

    

Аякөз ауданы, Бидайық  ауылы, М.Әбеулов атындағы орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Исаева Меруерт Дюсембекқызы