САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: “ ПЕРНЕТАҚТА”

44

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:  “ ПЕРНЕТАҚТА”

 

Сабақтың эпиграфы: «Егер адам қай бағытқа сапар шегетінін 

                                                     білмесе, жел де оған жолсерік бола               

                                                     алмайды».

 

Технологиялық карта.

 

Пән, сыныбы Информатика, 7  сыныбы
Сабақтың тақырыбы Саяхат сабақ. «Пернетақтаға саяхат». Практикалық жұмыс
Сабақтың мақсаты Оқушыларды компьютердің тарихы мен құрылғыларымен таныстырып, негізгі мүмкіндіктерін пайдалана отырып, алған білімдерін қайталау, бір – бірімен ой алмастыру, шығармашылық толғаныс жасау..
Сабақтың талаптары біліктілік дамытушылық тәрбиелік
Оқушыларды әр түрлі типтегі ақпаратты бір электрондық құжат PowerPointтта мультимедиа технологияларын пайдаланып компьютер құрылғыларымен таныстыру.  ақпараты есте сақтауды, қабылдаудың, алгоритмдік ойлау  тиімділігін арттыру Оқушыларды  пәнге деген көзқарасын, қызығушылығын  арттырып,  тыңдай білу, көре отырып, қоршаған ортаға деген сезімін қалыптастыру.
Сабақтың типі Баяндау, көрсету, практикум.
Бағдарламалық –дидактикалық қамсыздандыру Мультимедиялық сынып, Micrsoft Office пакеті, интерактивті тақта.

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

   Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, сабақтың мақсаты,  талаптары және     орындалу жолдарымен таныстыру.

 

ІІ. Негізгі бөлім.

     Оқушылардың алған актуальдық тірек білімдерін (өткен сабақта алған білімдерін)   қайталау.

 

Сыныпқа өткен тақырыптан фронтальдық сұрақ:

Сөз жұмбақ шешу.

 

 

1 – аялдама.

Көлденеңнен:

  1. Ереже бойынша ол 101 ден 102-ге дейінгі пернеден тұрады.

    Тігінен :

1.Компьютердің баспаға шығару құрылғысы

2.Қағаздағы кескінді түсіріп диплей экранынан шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы

3.Компьютердің миы

4.Компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы

5.Интернетпен байланысқа шығуға көмектесетін құрылғы

6.Компьютерлік ойындарда экрандағы жылжитын обьектілерді басқаруға арналған манипулятор

7.Процессорға басқа құрылғылардың сымдардан тұратын кабель арқылы жалғастырады оны…..

8.Informatio сөзінің аудармасы

  1. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі.
  2. Тышқан сөзі ағылшынша

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 – аялдама. Жаңа сабақ. Пернетақтамен таныстыру.

 

 

 

 

Бір бетшені аштым да,

Мәтін жаза бастадым

Бірақ тілін шет елдің

Аудара алмай тастадым

Тілді қалай өзгертем

Көмектесші,достарым!

Міне,тағы қиналып-ақ тұрмын мен,

Тақырыпты жаза алмай пернемен

Барлығы да кіші әріп қайтемін?

Көмек берші,енді нені басам мен?

Іздеп-іздеп пернеден таба алмадым

Ақыры есімімді жаза алмадым

Достарым,айтыңдаршы бас әріпті

Перненің қай жерінен таба аламын?

Жаңа жолға түсіп алып енді мен,

Жаңа бір сөз жазғым келіп тұр енді

Бірақ  бәрін ұмытыппын, достарым,

Көмек берші, әрі қарай не істеймін?

Бірігіп кетті екі сөз,

Не істерімді білмедім

Қане, қайсысың маған тез,

Ажыратып бересің?

4 – аялдама.

Жаттықтырушы.

Мысалы:Қазақстан сөзінен қазақ сөзін бөліп алуға болады.Осы тапсырманы көшіру командасын орындау арқылы келесі кезеңге көше аламыз.

Пернетақта-перне

Монитор-тор

Компьютер-ер

Дербес-бес

Терте-тер

5- аялама.

Сергіту сәті.

Сергітудің енді сәтін бастайық,

Бір, екі, үш алға қадам басайық!

Орнымыздан түрып қолымызды созайық!

Шаршамайық, тағы бір іс жасайық!

Бір – екі оңға, үш – төрт солға,

Сау болудың қамын біздер жасайық!!!

Өлең жолдарымен жұмыс.

Пернедегі әр әріпті басамыз,

Сөздерден біз сөйлем құрап жазамыз,

Бас әріппен бастау үшін сөйлемді

Пернелерден Caps Lock – ті басамыз.

Кіші әріппен жазғым келсе қайтадан

Caps Lock – ті тағы да бір басамыз.

Бас әріппен басатын тағы бір жол

Басқа перне басып қойма, мұқият бол!

Пернелерден  Shift – тә тауып алда,

Әріппен сол Shift – ті басып тұр!!!

 

Басқа тілге түскің келсе ауысып,

Әрқашан да көмектесер Alt  пен Shift.

Жазып болып, қате көріп қалсаңыз.

Түзетесіз Delete пернесін басыңыз.

Қате түсқа курсорыңды апарып,

Жоқ қыласыз Delete – ді басып қаласыз!!!

Секіруге әр жолдан мүдірместен

Сіздерге End пернесі көмектесер!!!

Ал басына түскің келсе қайтадан

Тез тауып ал кідірмей Home пернесін.

Келесі жолға түсу үшін

Көмектесер Enter

Шатаспаймың ден қойып,

Тыңдасаңдар сендер!!!

 

6- аялдама.

 

Сабақты қорытындылау: Оқушылардың білімін тексеріп, ынталарын ескере отырып бағалау. Сабақты бекіту сұрақтары арқылы қорытындылау. Үй  тапсырмасын түсіндіру.

 

 

 

Үйге тапсырма: 2.2 тақырып. 42 бет. Оқып келу