Адамның шығу тегі

163

Адамның шығу тегі

Сабақтың мақсаты: Адамның шығу тегімен таныстыру.

Білімділік мақсаты: Адам эволюциясының негізгі кезеңдеріне жалпы шолу арқылы органикалық дүниенің тарихи даму заңдылықтарының ақиқаттығына көз жеткізу. Адам эволюциясы жалпы органикалық дүние эволюциясының заңды жалғасы екендігін түсіндіру арқылы дұрыс дүниетанымын қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың эволюциялық білімдерін тереңдете отырып, Оқу мен Жазу арқылы Сыни Тұрғысынан Ойлауды Дамыту жобасын қолдана отырып оқушының өз бетінше ізденуін , зерттеуін қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты: Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыра, бірін-бірі сыйлауға, тыңдауға үйренеді. Өз ойларын ашық айтуға дағдыландыру.

Сабақ типі: Аралас сабақ.

Оқыту әдісі: Лекция.

Тексеру формасы: Тест. Реферат. Венн диограммасы. Кубизм. «Т» кестесі. Даралық пен ұқсастық.

Көрнекіліктер: Компьютердегі слайдтар.Суреттер. Энциклопедия кітаптары. Дүние жүзілік карта. Оқушы схемалары.

Сабақтың кезеңдері:

І Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Түгендеу.

ІІ Жаңа тақырып:

Жоспар:

  1. Адамның шығу тегі тарихы.
  2. Адамның жануарлар дүниесін жүйелеудегі орны.
  3. Адамның жануарлардан шыққандығының дәлелдемелері.
  4. «Эволюциялық даму тарихы».

Адамның шығу тегінің  тарихы:

Адамның жануарлар дүниесін жүйелеудегі орны.

  • Хордалылар типі.
  • Омыртқалылар тип тармағы.
  • Сүтқоректілер класы.
  • Ұрықжолдастылар класс тармағы.
  • Маймылдар (приматтар) отяды.
  • Адамтектес маймылдар отряд тармағы немесе тартанаулылар тобы.
  • Адамдар тұқымдасы.
  • Адамдар туысы.
  • Саналы адам түрі.

«Адамның жануарлардан шыққандығының дәлелдемелері.

 

 

 

 

 

 

Салыстырмалы-анатомиялық Салыстырмалы-эмбриологиялық
Гомологтық мүшелер: аяқ-қолдары.

Аналогтық мүшелер: Адамның тістері акуланың қабыршағына ұқсас.

Рудименттер: Адамда үшінші қабақ, құстың көз жабыны. Құлақ қалқанындағы өсінді, соқыр ішек қалдығы.

Атавизмдер: Түкті адамның болуы, көп емшекті адам, құйрықты баланың дүниеге келуі.

Зиготадан басталып бөлшектену бластулаға айналуы қарапайым шоғырлы жануар-вольвекске ұқсайды. Екі қабатты көп жасушалы гаструла ішекқуыстыларға ұқсайды. Ұрықтың даму барысында балыққа ұқсас желбезектің, құйрықтың болуы, миына ұқсас бес көпіршіктен тұрады. Жүрегі қандауыршаның құрсақ қолқа қан тамырына ұқсайды. Клоаканың болуы алғашқы сатыларында.

 

 

ІІІ жаңа тақырыпты қорытындылау: класс оқушыларын 4 топқа бөліп әрбір топқа тапсырма беріледі. «Кіші дөңгелек үстел» стратегиясы  бойынша. Адамның шығу тегі эволюциялық даму тарихы  тақырыпта.

1 топ «Дриопитек», «Аустралопитек» Венн диограммасын сызу.

2 топ «Питекантроп», «Неандерталь адамы» Кубизм .

Кубизм сұрақтары:

  1. Ежелгі адамдар ( архантроптар) жататын түр қалай аталады. Қай жылы, қай ғалым тапты, қай жылдары өмір сүрді.
  2. Питекантроптарға тән белгілер. Маймылдар мен адамдарға ұқсас белегілері?
  3. Архонтроптардың адамы: Синантроптар мен Гейдельбер адамына сипаттама беріңіз?
  4. Ертедегі адамдар қалай аталды? Тән ерекшеліктері табылған жері, қай жылы табылды?
  5. Ертедегі адамдардың мекен жайлары, пайдаланған еңбек құралдары. Қазақстанның қандай аймақтарынан табылды?
  6. Адам эволюциясындағы әрбір кезеңнің адамдарының тұрмыс-салты ерекшеліктерін атаңдар.

3  топ «Кроманьон адамы», «Саналы адам»  “Т” кестесі.

4 топ “Даралық пен ұқсастық” стратегиясын қолдану.

ІV үй тапсырмасын сұрау:Өткен тақырып жаңа тақырыппен байланысты болғандықтан тест жұмысын алу: 15 мин  «Эволюция тарауына»

Тест.

  1. Алғашқы эволюционист деп қай ғалымды атайды?

А) Ж.Б.Ламарк. В)Л.Уоллес. С)Ч.Дарвин. Д)К.Линней. Е) Вавилов.

  1. Тірі табиғаттың алғаш ғылыми классификациялануын кім ашты?

А) Ж.Б.Ламарк. В)Л.Уоллес. С)Ч.Дарвин. Д)К.Линней. Е)К.Бэр.

  1. Алғаш омыртқалылардың ізі қай дәуірде табылды?

А) протерозой. В)Мезозой. С)Кайназой. Д)Полеозой. Е)Девон.

  1. Эволюцияның басты қозғаушы күші не?

А)Өзгергіштік. В)Табиғи сұрыпталу. С)Тұқымқуалаушылық.  Д)Тіршілік үшін күрес. Е)Коньюгация.

5 Жануарларда қай органдар аналогиялық болады?

А)Жарқанатың қанаты мен араның қанаты. В)Құстың қанаты мен көбелектің қанаты. С)Тараққан мен құрбақаның аяқтары мен қолдары.

Д)Тигр мен Кроттың табандары. Е)Бақаның ауызы мен көбелектің ауыз қуысы.

  1. Алғаш маймылдар қашан пайда болды?

А)Бор. В)Антропоген. С)Палеоген. Д)Неоген. Е)Силур.

7.Адамның жануарлардан пайда болу іліміне қай ғалым өз еңбегін сіңірді?

А)Ч.Дарвин. В)Ф.Энгельс. С)К.Линней. Д)Ж.Б.Ламарк. Е)Вавилов.

8.Әр алуан тіршілік жағдайында пайда болып, ағзаның құрылым деңгейін күрделендіретін эволюциялық өзгеріс.

А)Дегенрация. В)Конвергенция. С)Ароморфоз. Д)Дивергенция. Е)Идиоадаптация.

9.Жеке организмдердің даму кезеңі.

А)Эмбрионогенез. В)Филогенез. С)Онтогенез. Д)Биогенез. Е)Социогенез

  1. 10. Қай адам “саналы адам” деп аталады?

А)Неадерталец. В)Питекантроп. С)Синантроп. Д)Кроманьон. Е) Homo sapiens

11.Қай дәуірде сүтқоретілер кеңінен таралған?

А)Протерозой. В)Архей. С)Полеозай. Д)Кайназой. Е)Мезозой.

12.Дене мүшелерінің құрылымдары мен атқаратын қызметін және пайда болуының ұқсастығы қалай аталады?

А)Аналогия. В)Гомология. С)Рудименттер. Д)Атавизм. Е)Гигантизм.

13.Шығу тегі және құрылысы ұқсас емес, бірақ атқратын қызметі бір мүшелерді не деп атайды?

А)Аналогия. В)Гомология. С)Рудименттер. Д)Атавизм. Е)Гигантизм.

14.Жануралардығ мына аталған қай мүшелері басқа мүшелерге қарағанда ұқсас емес?

А)Инеліктің қанаты. В)Жарқанаттың қанаты. С)Құстардың қанаты. Д)Қолдары. Е)Кесірткенің алдыңғы аяғы.

  1. Адамның жануарлардан пайда болуына қандай дәлел болады?

А)Ми көлемінің үлкендігі. В)Рудимент және атавизмдердің болуы.

С)Сөйлеу. Д)Абстракты ойлау. Е)Идиоадаптация.

Тест жауаптары:1С 2Д 3Е  4В 5В 6 Д 7 А 8C 9C 10 Е  11Д 12В 13А 14А 15В

Оқушылардың дайындап әкелген сөз жұмбақтарын шешу.

V үйге тапсырма беру: Адамның шығу тегі бойынша «Эссе» жазу.

Пән аралық байланыс: география мен тарих.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Жаратылыстану бағыты бойынша «Жалпы биология» 11 класс
  2. Тіршіліктану 10-11 класс .
  3. «Энциклопедический словарь юнного биолого».
  4. Шың баспасы «Биология»
  5. Тарих .

Оқытушы: Рысжанова.Л.С.