Пайдаланушы интерфейсі және қосымша жүйесі

107

Сабақтың тақырыбы: Пайдаланушы интерфейсі және қосымша жүйесі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Пайдаланушы интерфейсі және файл қосымша жүйесі, WINDOWS ортасының ерекшеліктері мен WINDOWS ХР  жұмыс үстелі түсінігімен таныстыру.

Тәрбиелілік: Компьютерлік сауаттылығын ашу оқушыларды білім мен біліктілікке тәрбиелеу. Оқушылар техникалық қауіпсіздік ережесін сақтай отырып еңбекке баулу. Оқушыларды, өмірге және білім алуды жалғастыруға тәртіпке, еңбекке баулу.

Дамытушылық: Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін жан-  жақты дамыту;Өз ойын сауатты түрде айта білуді қалыптастыру. Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

 

Сабақтың түрі: Ойын элементтерінің көмегімен демонцтрациялау,баяндау арқылы

түсіндіру.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

 

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, интерактивті  тақта.

 

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Үй тапсырмасын тексеру
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру
  4. Жаңа сабақты бекіту (Қорытындылау)
  5. Оқушыларды бағалау
  6. 6. Үйге тапсырма
Магнитті таспалар

 

 

Сабағымыздың басқа сабақтан өзгешілігі сабақтың құрылымы “Алтын қақпа” ойыны арқылы өтіледі. Сабақты бастамас бұрын сыныпты екі топқа бөліп аламын.

 

І. “Тас қақпаны” ашу үшін өткен сабақтар бойынша бойынша тапсырмалар

       орындалады.

Интерактивті тақтада тапсырмалар беріледі

Компьютер жады

Компьютер жұмыс жасауда қолданылатын барлық ақпарат файл түрінде сақталады. Файл- бұл жадтағы орын, оған әдетте бірдей атау беріледі. Файлдар оның жедел немесе сыртқы жадысында орналса алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тапсырма-1 Кестені толтыр.

Жад Қатқыл магнитті диск Иілгіш магнитті диск Лазерлік диск
Қызметі Ақпараттың көп мөлшерін сақтау үшін Ақпараттың аз ғана мөлшерін сақтау үшін және бір компю-н екіншіге көшіру үшін Ақпараттың өте үлкен мөлшерін ұзақ сақтау үшін

 

 

Көлемі 3020Гб дейін және одан жоғары 1,44Мб 2-640Мб дейін
Шапшаң әрекеттілігі 3 1 2
Сенімділігі

Жоғары/төмен

3 1 2
Ақпаратты өзгерту мүмкіндігі(бар/жоқ) Бар Бар жоқ

 

Тапсырма-2

Компьютердің жад құрылғыларының әрқайсысы қолданылу мүмкін жерге + таңбасын қой.

Жад құрылғысы Компьютердің қолданылу мүмкіндігі
Жау үшін Оқу үшін Ақпаратты компьютерден компьютерге тасу үшін
Жедел жад + +
Қатқыл диск + +
Дискет + + +
ТЖҚ-ң микросхемасы +
Компакт диск +

 

Тапсырма-3

Тышқанмен жұмыс істеу

Батырма Әрекет Әрекет нәтижесі
Сол жақ батырма Объект бойынша шерту Объектіні белгілейді, яғни қолдануға дайындайды
Басқару элементін шерту Басқару элементінің әрекеке келтіру
Екі рет шерту Обьектілермен операциялар жүргізіледі: бағдарлама іске қосылады; қапшық,файл ашылады; дыбыс және бейне файлдары ойналады
Апару немесе тасу Қолданбалы белгішелер, терезелер, таңбашалар, есеп тақтасы, құралдар тақтасы
Созу Терезенің өлшемін, диалогь, тік және көлбеу бағыттарда өзгертеді.
Оң жақ батырма Объектіні неме басқару элементін шерту Динамикалық (контекстік) менюді шақырады.
Апару немесе тасу Жылжыту,көшіру,таңбашалар жасау командалары бар динамикалық контекстік менюді шақырады.

 

Осы  тапсырма орындалып болған соң “Тас қақпа” есігі ашылады.

 

 

 

ІІ. “Күміс қақпаны” ашу үшін жаңа сабақты түсіндіру.

 

Жаңа сабақ

Windows 2000 – ның пайдаланушы интерфейсі Internet Explorer 5 ықпалдасқан қосымшасы бар Windows 98 интерфейсін еске салады. Интерфейстің

негізі – Жұмыс үстелінің тұжырымдамасы.

Windows 2000 жұмыс үстелінің пайдалану интерфейсі

 

 

Белгішелер

 

 

Жұмыс үстелі

 

Пуск батырмасы

 

 

Есептер тақтасы

 

Айтылып кеткендей, Windows 2000 объективті – бағдарлық жүйе болып саналады. Мұндай жүйелердегі объектінің әрбір түріне өзінің белгішесін және осы объектіні пайдалану әдісін анықтайтын кейбір қасиеттер тобын береді. Қапшықтар қоймалар болып табылады, оларда таңбашалар, файлдар, басқа да қапшықтар және әр түрлі құрылымдағы пиктограммалар (дискілер, принтерлер, компьютер желілері) бар.

Объектілері бар жұмыс үстелі

 

 

 

 

 

Жабық қапшық

 

 

 

 

Ашық

 

 

 

 

«Пуск » батырмасы – бұл батырманы басқаннан кейін жүйенің Бас менюі пайда болады. Бас меню жеті пунктен тұрады:

  1. Ашылатын бағдарламалар тобы мен қосымшалардан тұратын тізімі
  2. Жуық арада ашылған құжаттардың 15– тен аспайтын тізімі
  3. Баптау
  4. Іздеу
  5. Анықтама
  6. Орындау
  7. Жұмыс аяқтау

 

Пуск батырмасын басқан кезде пәрменделетін меню

 

 

бағыныңқы меню

 

 

 

 

 

 

           Бас меню

 

 

 

 

 

 

 

Есептер тақтасының оң жақ бұрышында сағат орналасқан. Сағатты түзету үшін, оның белгішесін тышқанмен екі рет шерту жеткілікті. Сағаттың суреті бар терезе пайда болады онда уақыт пен мерзім көрсетуін өзгертуге болады. Мерзімді  өзгерту үшін, ай атының жанындағы бағдаршаны шертіңдер, ашылған менюдігі белгілі бір қажетті ай атында маусты шертіңдер. Күнтізбеден кез келген санды таңдауға болады. Осы терезеде уақыттың көрстуін де өзгертуге болады, ол үшін сағаттың астыңғы жағындағы жақтауды мауспен шертіп, батырма-бағдаршалардың көмегімен уақытты түзетуге болады.

 

 

 

 

 

 

Жаңа сабақ түсіндіріліп болған соң “Күміс қақпаның” есігі ашылады.

 

ІІІ. “Алты қақпаны” ашу үшін жаңа сабақты бекіту тапсырмаларын орындау.

 

Тапсырма 1

  1. Дискіден программалар орнату
  2. Компьютерден дискіге программаны көшіру

 

Тапсырма 2

  1. Компьютердің уақыты мен күнін баптау
  2. Баспа құрылғысын орнату

 

Тапсырма 3

  1. Қажетті файлдарды іздеу
  2. Пуск батырмасын баптау

 

 

 

 

 

 

     Сабақты бекіту тапсырмалары орындалған соң “Алтын қақпа” ашылады.

Ішінен алтын сандықтың сұрағы шығады. Осы сұраққа қай топ 1-ші жауап берсе жеңіске сол топ жетеді.

 

 

 

 Алтын сандықтың сұрағы:   Windows 2000 пайдаланушы интерфейсі несімен

                                                    сипатталады?

 

 Оқушыларды бағалау.

 

Үйге тапсырма беру.

 Оқулық: 1.5.2 тақырыпты (Мазмұндау).