Операциялық жүйе дегеніміз не және оларды баптау

90

Сабақ тақырыбы: Операциялық жүйе дегеніміз не және оларды баптау

Сабақ мақсаты: оқушыларды операциялық жүйемен және ДК-дің жұмысымен таныстыру, компьютерде  жұмыс столының түсін өзгертуді, күнтізбені, уақытты баптай білуге үйрету      

Сабақ түрі: демонстрациялық көрсетілім көмегімен баяндау

Көрнекі құралдар: компьютер, проектор, тестлеу программасы

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (компьютерде тест алу)

  1. Логикада пікір қалай бөлінеді?

А) Дұрыс және бұрыс

Б) Өтірік және шын

В) Ақиқат және жалған

Д)Шын және бұрыс

  1. Әрбір қарапайым екі пікірге, пікірлердің екеуі де ақиқат болғанда ғана ақиқат мән қабылдайтын күрделі пікірді сәйкес қоятын логикалық амал?

А) Конъюнкция

Б) Дизъюнкция

В) Эквиваленция

Д)Теріске шығару

  1. Логикалық қосу жалғаулығы?

А) ЕМЕС

Б)НЕМЕСЕ

В)ӘЙТПЕСЕ

Д)ЖӘНЕ

  1. Логикалық көбейту жалғаулығы?

А) ЕМЕС

Б)НЕМЕСЕ

В)ӘЙТПЕСЕ

Д)ЖӘНЕ

  1. Логикалық теріске шығару жалғаулығы?

А) ЕМЕС

Б)НЕМЕСЕ

В)ӘЙТПЕСЕ

Д)ЖӘНЕ

  1. Ақиқат сөйлемді анықта

А) Принтер – ақпаратты енгізу құрылғысы

Б) 4+1=5

В) А-алфавиттің үшінші әрпі

Д)Тыңдаңыздар?

  1. Әрбір қарапайым пікірге негізгі пікірдің жалған екенін қорытындылайтын күрделі пікірді сәйкес қоятын логикалық амал?

А) Конъюнкция

Б) Дизъюнкция

В) Эквиваленция

Д)Теріске шығару

  1. Әрбір қарапайым екі пікірге, пікірлердің екеуі де ақиқат болғанда ғана ақиқат мән қабылдайтын күрделі пікірді сәйкес қоятын логикалық амал?

Теориялық бөлім:

Жаңа тақырып (Power Point):

Операциялық жүйе – ол есептеу процестері мен компьютерді басқару және пайдаланушы мен аппаратураны байланыстыратын жинақталған программа. Операциялық жүйе мынандай қызмет атқарады:

  • Компьютер ресурстарын және есептеу процестерін (диск, жад, тышқан, принтер және т.б.) басқарады;
  • Пайдаланушы мен компьютерді байланыстырады;
  • Пайдаланушыға компьютерді басқару жеңіл болу үшін пайдаланушы интерфейсін қолдайды.

Әрбір ОЖ үш міндетті бөліктен тұрады:

І. Ядро – командалық интерпретатор, программалық тілден «темір» тіліне аударатын аудармашы, машина кодасының тілі.

ІІ. Драйвер- компьютер құрамына кіретін әртүрлі құрылғыларды басқаруға арналған арнайы программалар. Әрбір құрылғыға өзінің драйвері сәйкес келеді, мысалы, принтер драйвері, сканер драйвері т.б.

ІІІ. Интерфейс – пайдаланушы компьютермен байланысып, қарым-қатынаста болатын ыңғайлы қабық.

Дербес компьютер үшін операциялық жүйелердің  бірнеше жұптары даярланған: Microsoft MS DOS, Windows (95, 98, ME, NT, 2000,  XP, Vista), Linex, Apple т.б.

Бір мезгілде орындалатын процестердің санына байланысты  ОЖ-лер екі топқа бөлінеді:

1) біртапсырмалы (мысалы, MS DOS)

2) екітапсырмалы (мысалы, Windows)

Біртапсырмалы  ОЖ  пайдаланушыға бір программаны жүктеуге мүмкіндік береді;

Көптапсырмалы ОЖ  пайдаланушыға бір мезгілде бірнеше программаны жүктеуге мүмкіндік береді;

Топтаманың келесі белгісіне көпқолданушы  режімді қолдау жатады:

1) бірпайдаланушы(мысалы, MS DOS)

2) көппайдаланушы (мысалы, Windows NT)

Бірпайдаланушы ОЖ компьютерде бір ғана пайдаланушыға жұмыс істеуге мүмкіндік береді;

Көппайдаланушы ОЖ қуатты компьютердің көмегімен бір мезгілде бірнеше  пайдаланушының  жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

Windows операциялық жүйелерінің сипаттамаларын кез келген компьютерде өзгертуге болады. Пайдаланушының көрсетуімен сипаттамаларды өзгерту операциялық жүйелерді баптау деп аталады.

Шартты түрде баптауды үш түрге бөлуге болады:

1) буманың терезесінің параметрлерін баптау;

2) негізгі мәзірді баптау;

3) басқару тақтасының көмегімен жүйені жалпы баптау;

 

Практикалық бөлім:

3-тапсырма:

  1. Уақыт пен күнтізбені баптау
  2. Жұмыс столының бейнесін өзгерту

 

 Сабақты бекіту:  Сөзжұмбақ шешу

 

Тігінен:
1.Компьютердің меңзерін басқаратын негізгі құрылғысы.
2. Компьютер мен адамның арасындағы қарым-қатынас.
3. Мәтінді қағазға басып шығару құрылғысы.
4. Windows обьектілерінің жалпы атауы.
5. «Windows» сөзінің қазақша мағынасы.
6. Тышқанның сол жақ батырмасы қандай батырма?

Бағалау

Үйге тапсырма: 9-11 тақырып