Объектілерді іздеу, объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою

169

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Күні:

Сынып: 5 а,ә,б,в,г,д

Сабақтың тақырыбы:

Объектілерді іздеу, объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою

Сабақтың  мақсаты:

Білімділік: оқушыларға бумалармен белгішелерде құру, нысандарды  өшіру, өшірілген файлдар мен бумаларды  қайта қалпына келтіру  тәсілдерін үйрету;

Дамытушылық: өз бетіншекомпьютерде практикалық жұмыстарды орындау  дағдысын  дамыту, логикалық  ойлау қабілетін арттыру, компьютерді қолдана  білу  іскерлігін  дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды  тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа  баулу, өз ойын тиянақты  жеткізуін дамыту, еңбекке  тәрбиелеу, пәнге қызығушылығын арттыру.

Сабақтың  көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер,  презентация, сызбалар, бағалау парағы.

Сабақтың  пәнаралық байланысы:   ағылшын тілі, орыс тілі

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, оқушылардың сабаққа даярлығын анықтау.

Үй тапсырмасын тексеру: Өткен тақрыпты практика жүзінде тексеру.

  1. Жарлықты қалай құрамыз?
  2. Буманың қандай түрлері бар?
  3. Файл мен буманың айрмашылығы неде?

 

Жаңа сабақты түсіндіру

Балалар мына суретті білесіңдерме? Қалай аталады?

 

 

 

Оқушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.

Мынадай жағдайды елестетіңіз, сіз жақсы көретін кітәбіңізді жоғалтын, еш жерден таба алмасаңыз кімдердің көмегіне жүгінесіз? Ал егер компьютерден жоғалтқан қызықты ойындар, маңызды дакументерді, киноларды жоғалтсақ қалай табамыз? Бұл жағдайда бізге поиск көмекке келеді.

Файл мен буманың атын бас мәзірдің іздеу терезесіне жазу керек. Ал егер мәтін арасындағы сөзді іздеу керек болса онда  Главная —  Найти басу  немесе  Ctrl+F пернесін басу  арқылы табуға болады.

 

 

 

1.Нысандарды қалай көшіреміз?

  1. Нысандарды қалай жылжытамыз?
  2. Бірнеше нысандарды бірден көшіре аламыз ба?

Кейбір оқушылар бумалар мен белгішелерде құру, атын өзгерту объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жоюды қай құрылғы көмегімен іске асыруға болатын білуі мүмкін. Бірақ біз бұл әрекеттерді тағы бір құрылғының көмегімен іске асыруға болатынын білемізбе? Ол компьютердің негізгі құрылғысы болып табылады. (Пернетақта)

Ол үшін пернетақтадағы Ctrl  пернесін басып тұрып бұйрықтарды орындау керек.

Ctrl+c — көшіру

Ctrl+x – қиып алу

Ctrl+v – кірістіру

Обьектілерді жою үшін қандай пернелерді қолданамыз? Delete, del.

Бүгінгі сабақтан не үйрендік? Не білдік?

Компьютермен жұмыс: жұмыс үстеліне өз атыңда папка құр және оны басқа дискіге көшір. Құрған папка жұмыс үстінде қалмау керек. (тінтуірдің оң жақ батырмасын басу – создать- папку. Құрылған папканы көшіру үшін: обьектіні белгілеп пернетақта көмегімен  Ctrl+c немесетінтуірдің оң жақ батырмасын басып копировать басу керек.)

Бекіту сұрақтары:

  1. Компьютер жедел жадының обьектілерді уақытша сақтауға болатын аймағы?
  2. Алмасу буфері
  3. Жедел жад
  4. Қатқыл диск
  5. Обьектілерді жоюдың неше түрі бар?
  6. 3
  7. 2
  8. 1
  9. Обьектілерді іздеу ………
  10. Ctrl+F
  11. Бас мәзір арқылы
  12. Вставка-найти
  13. Өшірілген обьекті карзинада қанша уақыт сақталынады?
  14. 24 сағат
  15. Өзіміз өшіргенге дейін
  16. Компьютер өшкенге дейін
  17. Бума, файл, жарлық ………………..болып табылады
  18. Обьекті
  19. Папка
  20. Белгіше

Үйге тапсырма: тақырып бойынша өзіңді тексерді орындау.

Бағалау: сабақты қортындылау барысында сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, қалыфс қалған оқушыларға көмек беру арқылы білмдерін бағалау.