Табиғат таң қаламын тамашаңа

60

Сабақтың тақырыбы: Табиғат таң қаламын тамашаңа

Мақсаты: Оқушылардың информатика пәні бойынша алған білімдерін сараптау, ойлау қабілетін дамыту, жылдам жауап беруге, компьютерлік сауаттылыққа, жан – жақты, ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: компьютер, табиғат суреттері, маркерлі тақта.

Типі:саяхат сабақ

Түрі:сыныптан тыс жұмыс.

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Сәлемдесу;
  3. Әділ – қазылар алқасын таныстыру;
  4. Сайысқа 8 оқушы қатысады.

Сайыс кезеңдері:

I .кезең:  Топтарды таныстыру және топтың атын қорғау.

1.топ:  Жас қайың

2.топ:  Сырлы табиғат

 

  1. кезең: «1001 мақал» (мақал – мәтелдер сайысы)

Оқушыларға компьютерге қатысты құрастырылған мақал – мәтелдер беріледі, осы мақал – мәтелдердің күнделікті өмірде қолданылатын нұсқаларын табу қажет.

Әрбір дұрыс нұсқасын тапқан оқушыға 1 ұпай беріледі.

 

  1. Жігітті компьютеріне қарап , бағала.

(Жігітті досына қарап, бағала)

 

  1. Байт биттен құралады.

(Теңге тиыннан құралады)

 

  1. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас.

(Шегірткеден қорыққан, егін екпес)

 

  1. Компьютердің жұмысы иесіне мәлім.

(Аттың сыры, иесіне мәлім)

 

  1. Веб – дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасасада.

(Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса да)

  1. Антивирусы күштіні Вирус ала алмайды.

(Досы күштіні жау алмайды)

  1. Компьютерде екі колонка, дауысы жер жарады.

(Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)

 

III.кезең: «Ғажайып Paint әлемі»

Бұл кезеңде оқушылар Paint графикалық редакторында сурет салады. Оқушыларға сурет үлгісі беріледі. Соған қарап өз қиялындағы табиғат бейнесін салады. Жылдам, суретті әсем бейнелеген топ жеңімпаз болады.

Ұпай саны 2.

Мысалы:

Мұғалім: Табиғаттың қандай туындыларын білеміз? (жанды және жансыз, яғни өлі және тірі табиғат).

Табиғатқа байланысты қандай халықтық қағидаларды , ырымдар мен тыйым сөздерді білеміз? («құмырсқаның илеуін бұзба»,   «құстың ұясын бұзба», «суға түкірме» т.б.)

 

 

 

IV.кезең кезең: Сергіту сәті:

Экраннан анимациялық бейнебаян көрсетіледі. Сайысқа қатысып отырған барлық оқушылар, әділ – қазылар алқасын тұрғызып, анимациялық бейнеклип бойынша жаттығу жасату.

 

  1. кезең: «Бөгде планеталықтар»

Геометриялық фигуралардан (шеңбер, тік төртбұрыш, үшбұрыш, шаршы, элипс) композиция құр. Фигураларды бұруға және еңкейтуге болады.

•        •
•  •   

 

                   ® •                     

 

          •

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. кезең: «Сиқырлы пернелер»

Бұл кезеңде оқушылар MS Word мәтіндік редакторында мәтін жазады, мәтінді пішімдейді. Мұндада оқушыларға бірдей мәтін беріледі.

АЛГОРИТМ

Ұпай саны 2.

 

 

 

 

Алгоритмді орындаушы – құрастырылған алгоритммен басқаратын обьект немесе субьект.

Сайысымыздың соңында  «Жүрек жылу» тренингімен аяқтағым келіп тұр. Бұнда балалар бір – біріне қайталанбайтын тілек айтады.

Қатысушы  балалар:

VII. кезең: Қорытынды.

5 кезеңнен сүрінбей өтіп, ең көп ұпай жинаған оқушы «Алғыр информатик» атанып, марапатталады.