Сабақтың тақырыбы: Word мәтіндік редакторында кесте құру, түрлендіру

Сабақтың тақырыбы: Word мәтіндік редакторында  кесте құру, түрлендіру

Сабақтың

мақсаты:       1. Білімділік

Оқушыларға Word мәтіндік редакторында кесте құру түрлері,   оны өңдеу және форматтау бойынша білім-біліктілік қалыптастыру.

  1. Дамытушылық.

Кестемен жұмыс жасаудың  мүмкіндіктерін игерте отырып практикада кеңінен қолдануға және ақпараттық –технологиялық ойлау қабілеттерін дамыту.

  1. Тәрбиелік.

Өз ойларын ,пікірлерін тұжырымды түрде қорғай білуге , сыпайы қарым-қатынас  жасауға, ұжымдық-топтық сезімді ояту, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың

типі:Жаңа білімді меңгеру

 

Оқыту

технологиясы:дамыта оқыту, проблемелық оқыту, ұжымдық оқыту,

СТО элементтерін пайдалану

 

Оқыту

формалары: топтық, ұжымдық, индивидуальды форма

 

Сабақтың

жабдығы:     Слайдтар, ДК, деңгейлік тапсырмалар, плакат, модель

 

Сабақтың

жүрісі:          І. Ұйымдастыру кезеңі:

—  Сынып оқушыларымен сәлемдесу, олардың сабаққа қатысу сапасын тексеру, сынып іші тазалығына, сабаққа даярлықтарына назар аудару

-Сынып оқушыларын 3 топқа бөліп отырғызу.

ІІ. Өткенді қайталау.

Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтауға байланысты деңгейлік  тапсырмалар орындату. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар тарату: Қызыл,көк,жасыл, тест тапсырмасын тарату.

 

Жаса, жайна,Зайсаным!

Зайсан – күншығыстағы тұлғаланған, нұрға оранған, гүлге тұнған, әсемдік пен сұлулықтың құндағында тербелген әсем өлке.

Керілген Сауыр,Сайхан, асқаралы Алтай, маңғаз Маңырақ таулары, сыңғыр қағып, қыз шолпысындай сылдырап аққан Жеменей көз тұндырар көк майсалы, шалғынды жайлауы тұнып тұрған аймақ.

 

Алыста жүрсем – аңсарым менің,

Шөліркей қалсам – кәусәрім менің.

Кеудемде жүрек жарыла жаздап,

Сүйемін сені, Зайсаным менің!

Тапсырма:

1.     Мәтіннің тақырыбын Қою,Көлбеу, беттің ортасынан және қаріптің түсін қызылмен,  өлшемін 20 етіп жаз.

2.     Бірінші абзацты белгілеп, қаріпті көлбеуге/курсивке/ауыстыр.

3.     Екінші абзацты белгілеп, қаріпті көлбеуге/курсивке/ауыстыр.

4.     Төрт жол өлеңді Қою,Көлбеу, беттің ортасынан және қаріптің түсін қызылмен жаз және бетке рамка қой.

5.     Мәтіннің тақырыбына Әсерлеуді/Анимация/ қой.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Microsoft Word- ты іске қосу.

А) Іске қосу-Жұмысты аяқтау

Б) Іске қосу-Программалар- Microsoft Word

В) Іске қосу-Word Pad

 

  1. Microsoft Word-ғы меню жолы –тізімі

А) Файл.Түр.Сервис

Б) Файл.Өңдеу.Терезе.Формат

В) Файл. Өңдеу. Түр. Қою.Формат. Сервис.Кесте. Терезе.

 

  1. Мәтінді сақтау операциялары

А) Файл… деп сақтау- Тышқанның сол жақ батырмасын шертеміз

Б) Сақтау- Файл –ОК

В) Файл- … деп сақтау меңзердің  оң жақ батырмасын шертеміз

 

  1. Мәтінді форматтау

А) Формат – Қаріп –Анимация

Б) Формат – Қаріп – қаріп диалог терезесі  арқылы

В) Формат – интервал

 

  1. Қатар аралық интервал

А) Формат –Абзац – Жоларалық тізімі және «Біраралықты, Екіаралықты, Біржарымаралықты, Минимум, Максисмум,Дәлме-дәл» мәндерінің біреуін таңдаймыз

Б) Формат – Қаріп- Аралық (интервал)

В) Формат – Абзац-Бетке қою

 

  1. Тасымалды қою

А) Автоматты масымалды қою

Б) Язык – Сервис – Тасымалды қою

В) Сервис – Язык- Тасымалды қою –Автоматты тасымалдау опциясына жалауша орнатамыз

 

  1. Мәтінді жылжыту және көшіру

А)Ctrl батырмасын басу арқылы

Б) Мәтінді ерекшелеп. Өңдеу- Көшіру- курсорға апарамыз

В) Мәтінді ерекшелеп. Өңдеу – Көшіру, курсорды ақпарат көшетін жерге жылжытып Өңдеу- Қою  командасын орындаймыз

 

  1. Бетті нөмірлеу

     А) Курсорды беттің жоғары басына әкеліп нөмірлейміз

     Б)  Қою – Бет қою

     В)Бет қою – Қою

 

  1. Мәтінге графикалық кескін енгізу

А) Іске қосу – Paint

Б) Қою – Сурет – Обьект Word Art

В) Қою – Сурет –Картиналар

 

  1. Құжаттарды басу

А) Файл – Алдын –ала қарап шығу

Б) Файл- Баспа

В) Формат -Қаріп

 

Тест тапсырмасын тексерту: І-ІІ-ні, ІІ-ІІІ-ті, ІІІ-І –ді тексереді, слайдта тестің жауаптары шығып тұрады.

ІІІ. Бой сергіту. /Жұмбақ шешу/

ІV. Жаңа сабаққа дайындық. Бұл не? Слайдта кесте көрініп тұрады , оқушылар жол,бағана ,ұяшық туралы өз ойларын айтады,кестеге мысал келтіру.

  1. Жаңа сабақ.

Word  мәтіндік редакторында кесте құрудың екі әдісі бар:

  1. Меню қатары бойынша
  2. Стандарттау панелінен кесте құру батырмасы арқылы

 

 

 

 

 

 

 

Салынған кестені түрлендіру үшін:

командасын орындаймыз.

VI.Дәптермен жұмыс.

 

VII.Венн диаграммасын толтырту. Word мәтіндік редакторы мен  Word Pad мәтіндік редакторларының айырмашылықтары мен ұқсастығы.

 

VIII. Бекіту . Компьютермен жұмыс.

 

 

«Рахат» кондитерлік цехының

 өндіретін тағам түрлері

Тағамның түрлерісалмағыжиыныбағасыбарлығы
1Нан800 гр2045 тг900 тг
2Рагалики3 гр1 кг350 тг350 тг
3Торт950 гр10700 тг7000 тг
4Пирог0,510270 тг2700 тг
5Булочки15 гр1010 тг100 тг
6Печеье8 гр1 кг350 тг350 тг

Тапсырма:

1.   Кестені толтыр , қаріптің өлшемі 20-мен,түсін өзгерт.

2.   Кестені түрлендір/ автоформатта/.

3.   Кестенің тақырыбының өлшемін-24-пен және түсін өзгерт, анимация қой.

 

 

 

ІХ. Қорытындылау. Топтар бір-біріне жаңа сабақ бойынша сұрақтар қояды.

Әр топ өз модельдерін қорғайды.

Х. Бағалау.

ХІ. Үйге тапсырма /7.5-7.6/.