Excel кестелік процессоры. Деректерді электрондық кестеде деректерді өңдеу

39

Сабақтың тақырыбы:     Excel  кестелік  процессоры. Деректерді  электрондық  кестеде    деректерді  өңдеу .

Сабақтың мақсаты: 

            Білімділік:  Деректер базасы, деректер базасын басқару жүйесі, деректер базасы түсінігі,

деректер базасын жіктеу, реляциялық деректер базасының құрылымы, өрістер

типтері туралы білімдерін қалыптастыру;

            Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту,

пәнге деген қызығушлығын арттыру.

Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге, ұжымшылдыққа ,

еңбексүйгіштікке,  ұлтжандылыққа  тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау баяндау арқылы

түсіндіру.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:   компьютер, оқулық, интераткивті тақта.

 

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды  түгендеу. Назарларын сабаққа  аудару

Кезекшінің  рапорты.

 

 

Мұғалімнің  сөзі: Қазіргі  таңда   өзіне  және  өз  біліміне  сенімді, болашақта егеменді  еліміздің  технологиялық және индустриялық  дамуына ат салысатын  жан-жақты  тұлғаны  қалыптастыру

дың  маңызы  зор. Алған білімдерімізді  шыңдай  түсетін  бүгінгі  өтетін жаңа  сабағымыз. «Excel  кестелік  процессоры. Деректерді  электрондық  кестеде  өңдеу».

Осы  тақырыптың  мақсатына  жету  үшін   мен  сыныбымды  ІІ  топқа  бөлдім.

 

І топ :  «Ақпарат»                                                         ІІ топ : «Интернет»

 

Біз алдымыздағы  тұрған  биік  таудың  шыңына  жетуіміз керек.  Оған  жету  үшін біз  ІІІ  кедергіден  өтеміз.

 

І кедергі :  «Блиц»  тур. Үй тапсырмасын  тексеру. Блиц – тез, жылдам  деген  мағынаны  береді.

 

Ал  қанекей  І турды   бастайық,

Тізгінді  босатып  сәл  тастайық.

Үй тапсырмасын  тексеріп

Берейік  жауап  саспайық

 

Екі  топқа  5  сұрақ  беріледі.

  • Excel бағдарламасы … үшін пайдаланылады ( электрондық кестелерді әзірлеу)
  • Баған мен жолдың қиылысқан  жерін …  деп атаймыз ( ұяшық)
  • Жұмыс кітабы на  формуланы …  белгісі  арқылы  енгіземіз. ( =)
  • Жұмыс кітабы  …  бағаннан  тұрады  ( 256)
  • Excel бағдарламасында формуладағы ұяшықтардың адресін … көрсетеді. ( ұяшықтың атауы)
  • Жұмыс кітабы   …   жолдан  тұрады. ( 65536)
  • Негізгі үш  батырма   …  жолына  орналасқан ( тақырып жолы)
  • Тігінен орналасқан  жолақты  …  деп атаймыз ( баған)
  • Көлденең орналасқан жолақты .. деп  атаймыз ( қатар)
  • Бағандар …  бас  әріптерімне  белгіленеді. ( латынның )

 

 

 

 

 

 

ІІ кедергі  жаңа  сабақты  түсіндіру.

 

 

 

Деректер базасы түсінігі.

Компьютерде мәтін, графикалық кескін жасауға, есептеу жүргізуге мүмкіндік беретін программалардан басқа, көлемі үлкен ақпаратты сақтауға, өңдеуге және іздеуге арналған арнайы программалар да бар.  Мұндай программалар деректер базасын басқару жүйесі (ДББЖ) деп аталады.

Мынадай мысалды алайық,  сендердің мектептерінде 1000- ға жуық оқушы оқиды делік . (мүмкін көбірек шығар). Әр мектепте медициналық кабинет болады, онда оқушының аты-жөні, туған жылы, ұлты, жынысы, бойы, салмағы, мекен-жайы, телефон номері, дәрігерлік екпелері туралы тіркелген медициналық карталар (кітапшалар) бар. Барлық  карта  шкафта ретсіз араласып жатыр делік.

Қандай да болсын бір тасушыда, мысалы, қағазда, кинотаспада, магниттік дискіде  сақталатын, арнайы ұйымдастырылған деректер жиынтығы деректер базасы деп  түсіну керек.

Бір базадағы деректер өзара қисынды байланысты  болуы тиіс.Бұл деректерді  белгілі параметрлері, қасиеттері,яғни бір біріне қатысты белгілері бойынша топтастыру арқылы жүзеге асырылады.

ДЕРЕКТЕР БАЗАСЫН ЖІКТЕУ

 

Деректер  базасы
Сақтаулы  ақпараттың сипатына  қарай деректер  базасы

(фактографиялық және  құжаттық)

Ақпаратты  сақтау  әдісі  бройынша  деректер  базасы

(орталықтандырылған  немесе  үлестірілген)

Ақпаратты  ұйымдастыру  құрылым  бойынша  деректер базасы (реляциалық , желілік, иерархиялық)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Деректер өзара әртүрлі қатынастармен  байланысқан бірнеше кесте құрайық.  Кестелердегі деректердің  арасында қатынастың өте кең тарағаныжәне әсіресе жие қолданылатыны «обьект –қасиет» типті болып табылады. Мысалы:  «Сыныптағы оқушылар тізімі» деректер базасы кесте түрінде көрсетілген болады.

Сыныптағы оқушылар тізімі

 

 

Фамилиясы Туған жылы жынысы ұлты
1 Айқын Бағыт 1992 ер қазақ
2 Шварц Ира 1993 қыз неміс
3 Иванов Алеша 1991 ер орыс
4 Оразова Сауле 1993 қыз қазақ

 

Кесте элементтері ұяшық, жол және баған болған бұрын қарастырылған кестелерден айырмашылығы – кестені деректер базасы немесе деректер базасының обьектісі ретінде қарастырғанда жазба және өріс түсініктері енгізіледі.

Деректер базасындағы жолдар – жазбалар деп, ал бағандар -өрістер деп аталады.

Кестенің  әрбір өрісінің аты болады, мысалы, тегі (Фамилиясы), аты, туған жылы; жынысы; ұлты;

Өрістердің  типтері
САНДЫҚ
СИМВОЛДЫҚ
ДАТАЛЫҚ
ЛОГИКАЛЫҚ
Бүтін, бөлшек,ондық сандар
Символдық ақпараттар мен цифрлар
Күнтізбе  күндері
Автосүзгі арқылы  қолданылатын логикалық  амалдар және , немесе, емес

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар синоним дегеніміз не?  Жазылуы  бөлек, айтылуы  бөлек, бірақ  лексикалық  мағынасы  бір-біріне  ұқсас  сөздерді  синоним  дейміз. Міне  сонымен  сендерге  интерактивті  тақтада  бүгінгі  тақырып бойынша сөздер  берілген  сол  сөздерге  қатысты  синонимдерді  көрсет.

 

Берілген  сөз Синоним  сөз
Белгі Өрістер
Жолдар Ақпарат
Бағандер күнтізбе
Символ Бүтін
Дата Және, немесе
Сандық Символ
Логикалық Жазбалар

 

 Мұғалім  сөзі:  Жарайсыңдар !!! Әр топқа  жетондар  тарату

 

Әр жүйріктің  жететін  мәресі  бар

Биіктерге  жете алмас  өресі  тар

Екеуінен  сүрінбей  өтіп  кеттік

Қалғандарын ойнауға  қалайсыздар.

 

 

Шығармашылық  жұмыс

 

Мысалы Сандарды  формула  бойынша толтырылатын  бір айлық  күнтізбесін  жасап кейбір күндерге  елеулі  оқиға  туралы  деректі  көрсету