Сабақтың тақырыбы: Microsoft Word –та кестемен жұмыс, формула енгізу

238

І. Сабақтың тақырыбы: Microsoft Word –та кестемен жұмыс, формула енгізу

Сабақтың типі:  аралас сабақ

 

1.Мақсаты: Microsoft Word –тың мүмкіншіліктері бойынша білім-біліктілік қалыптастыру.

 

  1. Міндеттері:

а) білімдік:   текстік құжаттарда кестемен формуламен  жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

 

 ә) тәрбиелік: еңбек әрекетіне, өзбетінділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

 

б) дамытушылық: алған білімдерін практикада қолдана білу іскерліктерін дамыту;

 

ІІ. Күтілетін нәтиже

 

а) оқушылар білу керек : Microsoft Word –тың негізгі нысаналары мен оның басқару жодарын, кесте   құру жолдарын, формула редакторының қызыметін.

 

ә) оқушылар игеру керек:  Microsoft Word негізгі қызметтерін, терезесінің құрылысын 

 

б) оқушылар меңгеру керек:  Microsoft Word пен жұмыс жасауды, мәтін теруді, оларды пішімдеуді, кесте құруды, математикалық формулаларды енгізуді

 

ІІІ. Сабақта қолданылатын әдіс  пен тәсілдері

  • Пікірлесіп-түсіндіру
  • Тәжірбиелік жұмыс

 

ІV. Құралдар: Дербес компьютер, тапсырмалар парағы, сенсорлық тақта.

 

 

Сабақ жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі- 3 мин

ІІ. Үй тапырмасын тексеру

Тест -17 мин

Карточкамен жұмыс – 5 мин

Карточка толтыру – 5 мин

ІІІ.Жаңа сабақ – 25 мин

ІV. Тәжірбиелік тапсырмалар -30 мин

  1. Қорытындылау. Бағалау – 5 мин

 

 

 

 

 

Сабақ барысы:

Ход урока:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі : Амандасу. Оқушыларды түгендеу.

   Организационный часть

 

ІІ. Қайталау:

Повторение : Алдыңғы материалды қайталау: Қауіпсіздік ережелерін қайталау.

1.Тест (компьютерде)

1.Информация мөлшерін өлшеуге қолданылмайтын бірлікті кқрсетіңіз:

+Мегагерц

— Килобайт

— мегабайт

— байт

— бит

2.Ақпаратты жинау, сақтау, түрлендіру, тасымалдау және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін ғылыми пән…

+информатика;

-информация

-кибернетика

-телекоммуникациялық технология

— жаңа ақпаратты технологиялар.

  1. Пренетақтаны не үшін қолданылады?

+  мәліметтерді сырттан компьютер жадына енгізу;

— информацияны автоматты түрде сақтау;

-информацияны автоматты түрде өңдеу;

-арифметикалық операцияларды орындау;

-Информацияны ұзақ уақыт сақтау

  1. Файл деген не?

— ба?дарлама

+ дискідегі атауы бар орын

— м?ліметтер жина?ы

— шифрленген информация;

— жарлы?.

  1. Операциялық жүйе…

— тек ішкі құрылғылардың жұмысын басқару;

— орындалатын командаларды бір жүйеге келтіреді;

— жиі кездесетін есептерді шығарады;

+ компьютердің барлық ресурстарының жұмысын басқарады;

— жүйелік блоктағы құрылғылар жұмысын басқарады.

  1. Alt пернесінің қызметі…

+ басқа пернемен бірге басылып компьютер жұмысын басқарады;

— әріп пернелерімен бірге басылса, бас әріп теріледі;

—  курсорды оңға қарай келесі бағанаға (7 орынға) секіртеді;

—  компьютерді алғашқы қалыпқа оралтады;

—   цифр пернелерімен бірге басылса, басқару ісі атқарылады.

7.Файл аты неден тұрады:

— құжаттың алғашқы сөз тіркестерінен ;

+ екі бөліктен : файл аты мен типі ( кеңейтілуі);

-255 символдан аспайтын кез келген сөз тіркестерінен;

— алфавиттегі бас әріптерден;

-кез келген символдардан.

8.Операциялық жүйе түрлері…

-. Word, Excel, Access;

-Far, Norton Commander , BIOS;

— Сілтеуіш, Менің компьютерім, Тапсырмалар тақтасы.

— Менюқатары, Саймандар тақтасы, Жұмыс алабы.

+Windows XP, Windows NT, Unix, MS-Dos.

9.Бит – деген…

— бір символ жазуға керекті информация мөлшері;

+екілік санның бір раздряды

— 0-ден 256-?а дейнгі сандарды жазуға арналған информация мөлшері;

-екілік санның сегіз разряды;

— телекоммуникациялық технология

10.Компьютердің жүйелік блогына қай құрылғы кірмейді?

-микропроцессор;

-қатты диск;

+принтер;

-дискіжетек (дисковод) ;

-бейне карта.

11.Дербес компьютердің атқаратын қызметі:

— информация жинау;

+ Информацияны өңдеу;

— информацияны енгізу;

— информацияны сақтау;

-информацияны тасымалдау.

  1. «Информация» термині…

+ латынның «informatio» сөзінен шыққан, мәлімет, түсіндіру, мазмұнын айту дегенді білдіреді

— гректің «informatio» сөзінен шыққан, мәлімет, түсіндіру, мазмұнын айту дегенді білдіреді

— француздың «informatio» сөінен шыққан, мәлімет, түсіндіру, мазмұнын айту дегенді білдіреді.

— ағылшынның «informatio» сөзінен шыққан, мәлімет, түсіндіру, мазмұнын айту дегенді білдіреді.

— италияндықтардың «informatio» сөзінен шыққан, мәлімет, түсіндіру, мазмұнын айту дегенді білдіреді.

  1. Килобайт=?

+ 1024 байт

-1000байт

— 256 байт

— 1000000 байт

— 1024000байт.

  1. WORD редакторында символдарды енгізу қандай команданың көмегімен орындалады?

+ Кірістіру (Вставка)- Символ;

— Пішім –?аріп (Формат- Шрифт);

— Түр (Вид)- Символ;

— Түр (Вид) — Табуляция;

— Пішім (Формат) –Абзац.

15.Алғашқы компьютердің шыққ ан жылы…

— 1872 ж;

— 1917 ж;

— 1931 ж;

+ 1946 ж;

— 1935 ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Карточкалармен жұмыс. Әр оқушыға карточка таратылады. Қос пернелердің қызметтерін бос ұяшықтарға толтыру қажет. 2 нұсқа.

 

Перне аты  Қызметі
CTRL+N Жаңа құжат құру
CTRL+O Дискіде сақталған құжатты ашу
CTRL+S Екпінді құжатты ашылған аты бойынша дискіде сақтау
CTRL+P Құжатты баспаға беру терезесін ашу
CTRL+Z Соңғы әрекетті болдырмау
CTRL+Y Соңғы әрекетті болдырмауды кері қайтару
CTRL+X, SHIFT+DELETE Белгіленген мәтін алмасу буферіне ақтап, өшіру
CTRL+C, CTRL+INSERT Белгіленген мәтін алмасу буферіне көшіру
CTRL+V, SHIFT+ INSERT Алмасу буферінде сақталған көшірмені курсор тұрған орынға қою
DELETE Құжатта ерекшеленген мәтін фрагментін алмасу буферіне көшірмей өшіру
CTRL+A Құжатты толық ерекшелеу
CTRL+F Құжаттан қажетті мәтін фрагментін іздеу
CTRL+H Құжаттағы мәтін фрагментін алмастыру

 

                                        1 нұсқа                                                                       2 нұсқа

Перне аты  Қызметі
Жаңа құжат құру
CTRL+O
Екпінді құжатты ашылған аты бойынша дискіде сақтау
CTRL+P
Соңғы әрекетті болдырмау
CTRL+Y
Белгіленген мәтін алмасу буферіне ақтап, өшіру
CTRL+C, CTRL+INSERT
Алмасу буферінде сақталған көшірмені курсор тұрған орынға қою
DELETE
Құжатты толық ерекшелеу
CTRL+F

 

Құжаттағы мәтін фрагментін алмастыру

 

 

 

Перне аты  Қызметі
CTRL+N
Дискіде сақталған құжатты ашу
CTRL+S
Құжатты баспаға беру терезесін ашу
CTRL+Z
Соңғы әрекетті болдырмауды кері қайтару
CTRL+X, SHIFT+DELETE
Белгіленген мәтін алмасу буферіне көшіру
CTRL+V, SHIFT+ INSERT
Құжатта ерекшеленген мәтін фрагментін алмасу буферіне көшірмей өшіру
CTRL+A
Құжаттан қажетті мәтін фрагментін іздеу
CTRL+H

 

 

 

 

 

  1. Word терезесінің негізгі элементтерін табу. Бос ұяшықтарға сәйкес терезе элементтерін орналстыру.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

                           Ал енді дәптерімізді ашамыз.
Бүгінгі күнді және сабақтың тақырыбын жазамыз. «Кестемен жұмыс, формула енгізу». Бұл сабақта сіздер кесте құру әдістерін, кесте безендіруді және де формула редакторымен танысып, математикалық амалдарды енгізуді үйренулеріңіз керек.

Біздің өмірімізде мәтінді безендіру немесе құжатты кесте түрінде даярлау жиі кездеседі. Оларға: мектеп журналдары, үлгерім табелі және сіздердің күнделік парақтарың т.б. MS Word мәтіндік процессоры кесте құруды жеңілдетеді, ол өзіне бағандардың енін есептеу мәселелерін жүктейді.

 

Сонымен, Кесте – бұл жолдар мен бағандарда реттеліп берілген ақпарат. Жолдар мен бағандар қиылысып, ұяшық құрайды.

Кесте құру үшін : (мұғалім интерактивті тақтадан көрсетеді)

WORD  мәтіндік редакторында кесте құру үшін Таблица→Добавить таблицу немесе Вставка-Таблица-Вставить таблица командасын орындаймыз.. Экранда  Вставка таблицы диолгтік  терезесі пайда болады. Оған қажетті қатар мен бағандарды енгіземіз. WORD үнсіз келісім  бойынша  2 баған  ұсынады, бірақ қашан болса да еңгізуге болады.

Таблица→Добавить столбцы командасын орындап кестеге баған қосуға болады.

Число строк операциясының өрісінде кесте жолдарының саны еңгізіледі. Кейін Таблица→Добавить строки командасын орындап, жол санын көбейтуге болады.

 

Ширина столбца өрісінде үнсіз келісім бойынша орнатылған AUTO  параметрін қолдануға болады, не баған екенін мәнін еңгізуге болады. Егер AUTO параметрі қолданылса, онда барлық бағандардың ені бірдей болады.

    

   Ұяшықтарды қосу, өшіру және біріктіру.   Ұяшық немесе ұяшықтар тобын қосу үшін, алдына жанына жаңа ұяшық немесе ұяшықтар тобы орналасатын ұяшықты белгілеңдер. Содан кейін Таблица → Добавить ячейки командасын орындаңдар. Добавление ячеек диалокты терезесінде жаңа ұяшық қосылғаннан кейін не істейтінін: жол, баған қосу, ұяшықтарды жылжыту керек екенін көрсетіндер. Дайын кестеге жеке ұяшықтарды қосу іс жұзінде қолданылмайды.

 

Ұяшықтарды біріктіру үшін: Біріктіру қажет ұяшықтарды белгілеп алып:

—          Контекстік  менюден Объединить ячейки командасын орындаймыз.

—          Макет- Объединить ячейки

 

 

Кесте құрудың алгоритмі

  1. Меню жолынан «Таблица» командасын таңдау.
  2. «Добавить таблицу» батырмасын шерту.
  3. «Вставка таблицы» диалогтық терезесінде бағанның және жолдың тиісті сандарын енгізу керек.
  4. «ОК» батырмасын шерту.

Кесте безендіру алгоритмі

  1. Кестені бөліп алу.
  2. «Таблица» – «Автоформат» командаларын орындау.
  3. Формат пішімін таңдау.
  4. ОК батырмасын шерту.

Кесте жиектеу алгоритмі

  1. 1. Кесте торын алып тастағыларың келетін ұяшықты немесе ұяшықты толық белгілеу.
  2. 2. Формат> Границы и заливка
  3. 3. Границы и заливка диалогтық терезеде Граница қосымшасы қосылады
  4. 4. Жақтаудың Нет типін таңдаңдар да, ОК шерту.

 

Текстік құжатқа формулалар енгізу. Word текстік құжатына Microsoft Equation 3.0  формулалар редакторын пайдаланып математикалық және т. б. формулаларды енгізуге болады. Ол үшін

  1. Құжаттағы формула жазылатын орынды анықтаңыз;
  2. Вставка ->Символы -> Формула командалары орындалады, формула шаблонынан керекті формуланы таңдап аламыз.

 

3.Керекті шаблон табылмаған  жағдайда , өзімізге  жаңа шаболды құруға болады. Ол үшін Вставить новую формулу батырмасын басқанда жұмыс алабында формула енгізу ұяшығы пайда болады . Мәзір жолында Конструктор жолағы пайда болады

4.Символы тобында әр түрлі символдарды формулаға қосу батырмалары орналасқан.

  1. Структура тобында формула құрылымын басқаратын саймандар орналастырылған

Сонымен, біз сіздермен кесте құру, безендіру мен жиектеудің алгоритмін , формула редакторының құрылымымен таныстық. Енді практика жүзінде қарастырып шығайық.

  1. Тәжірбиелік тарау.

 1 тапсырма: «Мозайка».

 

 

2 тапсырма:

 

Апта күндері Шығындар
Азық-түлік Транспорт Қыдыру Басқа Барлығы:
тамақ уақ-түйек
Дүйсенбі 100 30 60 50 30 270
Сейсенбі 250 100 120 500 200 1170
Сәрсенбі 203 154 485 1477 788 3107
Бейсенбі 789 589 369 651 356 2754
Жұма 555 123 356 456 987 2477
Сенбі 589 752 521 258 963 3083
Жексенбі 456 987 654 123 321 2541
Бәрі: 2942 2735 2565 3515 3645 15402

 

3 тапсырма: Төменде берілген өрнектерді текстік құжатқа Редактора формул

формулалар редакторын пайдаланып жазыңыз:

 

1)                    2)              3)5х+4у+23=0           4)4х-5у-у=0

 

5)у+2=   6)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4 тапсырма:

 

Нұсқа  1-тапсырма  2-тапсырма
1 у= «Студенттер үлгірімінің ведомосі»
2 «Студенттер қатысымының

ведомосі»

3 «Товарды есепке алу»
4 «Төлемақы»
5 «Түскі ас есебі»

 

Бекіту сұрақтары:

  1. Текстке формула қалай қойылады?
  2. Кесте құру тәсілдерін атаңыз?
  3. Кесте құру алгоритмін атаңыз?
  4. Кесте ұяшықтары қалай біріктіріледі?
  5. Кестедағы сызықтар мен бояулар қалай жасалады?
  6. Формула редакторы қалай іске қосылады?
  7. Формула редакторы қалай аталады?

 

V.Үйге тапсырма: Тақырыпты оқып келу. Математикалық формулаларга мысал келтіріп келу.

 

VI.Қорытындылау. Бағалау: Word текстік құжатына Microsoft Equation 3.0  формулалар редакторын пайдаланып математикалық және т. б. формулаларды енгізудің бірнеше тәсілдері мен жұмыс жасауды қарастырып өттік.