Модельдерді сипаттау әдістері, модельдер қасиеті, түрлері.

55

Сабақтың тақырыбы: Модельдерді сипаттау әдістері, модельдер қасиеті, түрлері.

Мақсаты: модельдер туралы түсініктерін қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже:

  • модель туралы түсініктерін толықтырады;
  • нақты өмірден модельдердің мысалдарын келтіре алады;
  • модель қасиеттерін анықтайды;
  • модельдерді түрге ажырата біледі;
  • компьютерлік модельдердің қызметін түсіндіре алады.

Сабақтың көрнекілігі: Модельдердің суреттері, ватман, А4 қағаздары, түрлі-түсті маркерлер, стикерлер, бағалау парақтары.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі Оқушылардың іс-әрекеті Мұғалімнің іс-әрекеті
1.    Ұйымдастыру кезеңі (3мин.)

 

Оқушылар назарын аудару, жақсы көңіл-күйге бұру.

Бағалау критерийлерімен таныстырады.

2.    Миға шабуыл: МОДЕЛЬ дегеніміз не? (3 мин.) Түсініктерін айтады, басқаларды тыңдайды Тыңдайды, қолдау көрсетеді.
3.    Жұптық жұмыс: Бұл модельдер қандай мақсатпен құрылған? (10мин.) Берілген модельдің құрылу мақсатымен таныстырады. әр жұпқа модель суреті, А4 парақтарын таратады. Жұмыс барысын бақылайды
4. Модельдің негізгі қасиеттерін анықтау (5мин.) қорытынды ойларын ортаға салады мұғалім интерактивті тақтаға модельдің негізгі қасиеттерін жазады
5. Топқа бөлу («Кемедегі капитан» ойыны арқылы ( «Кемедегі капитан» дегенде оқушылар бейтарап күйде араласып жүреді, «палуба» деп айтылса, оқушылар жұптасады; «борттан адам құлады» дегенде ортаға үштен топталады; «түскі ас» делінсе төрттен топталады). (3мин.) Топқа бөлінеді Оқушылармен бірге орындайды
Топтық жұмыс: «Модельдерді түрлеріне қарай жіктеу» (12 мин.)

1 топқа: материалдық

2 топқа: бейнеленуші

3 топқа: ақпараттық

Модельдерді түрлеріне  қарай жіктеп, ватманға жапсырады Әр топқа  1-қосымша және модельдер суреттерін (2-қосымша), ватман, желім таратады, сырттай бақылайды
Топ жұмыстарын тексеру

Бағалауды дәйектеу (8 мин.)

Әр топ басқа топтың жұмысын тексереді, дұрыс сәйкестендіруге +1, дұрыс емес сәйкестендіруге -1 қояды Бақылаушы рөлінде
Үйге тапсырма (1 мин.)Әртүрлі білім салаларында қолданылатын модельдерге мысалдар келтіру Өздеріне жазып алады. Интерактивті тақтада алдын-ала жазылған үй тапсырмасымен таныстырады.

 

 

 

 

 

Бағалау парағы

Сабақ кезеңдері қатысты қатыспады
Миға шабуыл 1 0
Жұптық жұмыс 1 0
Модельдің негізгі қасиеттерін анықтау 1 0
Топтық жұмыс 2 0
Жұмыстарды тексеру 1 0
Баға:

6 балл – «5»

4-5 балл – «4»

3 балл –«3»

 

 

  • Қосымша:

 

Модель (фр.modе1е,ит.modе11о, лат.modulus — өлшем, үлгі) — бұл:
— нақты объектінің қарапайымдандырылған ұқсасы;
— заттың кішірейтілген / ұлғайтылған түрдегі макеті;
— табиғат пен қоғамдағы қандай да бір процесстің/құбылыстың бейнесі, сипаттамасы және схемасы;
— жұмыс істеуі анықталған параметрлер бойынша нақты объектінің жұмыс істеуіне ұқсас физикалық / ақпараттық аналогы;
— анықталған шарттарда түпнұсқа объектінің бізді қызықтыратын қасиеттері мен сипаттамасын алмасыра алтын алмастырушы – объектісі;
-модельдеу мақсаты тұрғысынан оқып үйренетін объектінің/құбылыстың кейбір нақты жақтарын бейнелейтің жаңа объект.

 

Барлық моделдердің көп бейнелігі негізінен үш топқа бөлінеді: —материалдық (табиғи) модельдеуші объектінің сыртқы түрін, құрылымын (кристал торлардың модельдері, глобус), жағдайын (самолеттің радио басқарылымды моделі) бейнелейтін кішірейтілген / ұлғайтылған көшірмелері;
бейнеленушімодельдер (геометриялық нүктелер, математикалық маятник, идеал газ, шексіздік);
ақпараттық модельдер — модельденуші объектінің ақпаратты кодтау тілдерінің бірінде жазылған сипаттамасы (сөздік сипаттау, схемалар, сызбалар, картиналар, суреттер, ғылыми формулалар, бағдарламалар).

Ақпараттық модельдер: компьютерлік және компьютерлік емес болып бөлінеді.