Microsoft Word мәтіндік редакторы

42
Сынып: 7А                                                                                    Пән атауы: информатика

Пән мұғалімі: Абдрахманова А.С

Тақырыбы: Microsoft Word мәтіндік редакторы
Сабақ мақсаты Тапсырмаларды дифференциалды түрде беру арқылы мәтіндік редактордың мүмкіндіктерін меңгеріп, кесте құру, кескіндерді дұрыс кірістіре білу жайлы білімдерін қорытындылау.
Күтілетін нәтиже: Теориялық білімдерін тексеру, алған білімдерін практикада дұрыс қолдана алуын тапсырмаларды дифференциалды түрде беру арқылы тақырыпты меңгеру деңгейлерін анықтау.
Сабақтың түрі Қорытындылау сабағы
Білім беру технологиясы Топтық және жекелей атқарылған жұмыстарға арналған
Сабақтың білім беру формасы Сыни тұрғыдан ойлау
Сабақта қолданылатын әдіс тәсілдер Семантикалық карта, «Т» кестесі,  Мозайка әдісі
Көрнекіліктер Презентация, таймер, топ ережесі
Сабақ барысы
                               Мұғалімнің іс – әрекеті                                 Оқушының іс — әрекеті
Ұйымдастыру ( 3 мин) 1.Топқа бөлу: «Microsoft Word  мәтіндік редакторы» жұмыс алаңын қолдану арқылы.

2.Топ ережесін қайталау

1.Оқушылар топқа бөлінеді:

I топ: Мәзір жолы

II топ: Құрал-саймандар тақтасы

III топ: Пішімдеу тақтасы

2.Топ ережесін еске түсіреді.

Қызығушылықты ояту    (5 мин) 3.«Ой қозғау» сұрақтарын қоя отырып өткен тақырыпты қайталау.

4.«Мозайка» әдісі арқылы берілген тапсырманы қолдана отырып, оқушылар тақырыпты анықтайды.

 

3.Өткен тақырыпты еске түсіріп, қайталайды

4.«Word  мәтіндік редактор терезесі» құралады

Мағынаны ажырату

( 20мин)

 

 

 

 

 

 

 

5.Топтарға бағытталған тапсырмалар:

I-топ. «Т» кестесі

II-топ. «Семантикалық карта»   негізгі ұғымдар бойынша кесте құру.

III-топ. Постер әзірлеу «Microsoft Word мәтіндік редакторы»

 

5.Өткен тақырыптарды еске түсіре отырып,

1.Word, Paint мүмкіндіктерін «Т» кестесіне бейнелейді.

2.Семантикалық картаны толтырады

3.Тақырып бойынша қорытынды жасап, постер әзірлеп, қорғайды.

Сабақты қорытындылау

( 12 мин)

практикалық жұмыс

6.Жеке жұмыс: «Жетістік деңгейі» компьютерде деңгейлік тапсырма орындау. Деңгейлік тапсырмалар орындау арқылы теориялық білімдерін, практикамен ұштастырады. 3 топқа, 3 түрлі тапсырма беріледі. Өз білімдерін бағалауға үйрету.

 

6.Деңгейлік тапсырмаларды орындай отырып, мәтіндік редактор мүмкіндіктерін қайталап білімдерін жүйелейді. Өз білімдерін бағалауға үйренеді.
Бағалау  (2 мин) 7.Сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындауымен қорытынды бағасы.

 

7.Оқушылардың өзіндік бағалауы
Үйге тапсырма (1 мин) 8.Өткен тақырыптарды қайталау, тест жұмысына дайындалу (VipTest)

 

8.Өткен тақырыптарды қайталайды, тест жұмысына дайындалады
Рефлексия ( 2 мин) 9.Кері байланыс. «Менің сабаққа деген пікірім»

 

9.Сабақ бойынша өздерінің ой-пікірлерін жазады.