Microsoft Excel кестелік процессоры. Microsoft Excel — мен танысу
1/27-сабақ жоспары
Мерзімі 03.04.2013 ж.
Сыныбы: 8”Ә”
Пән атауы:Информатика
Сабақтың тақырыбы: Microsoft Excel кестелік процессоры. Microsoft Excel — мен танысу
Сабақтың мақсаты: Excel кестелік процессорымен таныстырады
— еxcel кестелік процессорымен таныстыра отырып, кестелік редакторды ашуды және жабуды үйренеді;
— диалогті оқыту пайдалан отырып оқушылардың осы сабақта алған білімдерін шыңдау, практикада қолдануға дағдыланады; |
Сабақтың міндеттері:
— АКТ қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын және оқушыларды ұқыптылыққа тәрбиелей отырып, жұптық, топтық жұмысқа жұмылады.
Қолданылған модульдер: “АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, ”Оқытуды басқару және көшбасшылы”
Стратегиялық іс-әрекеттер: “Жылы лебіз”, “Шеңберлік дөңгелек”, “Миға шабуыл”, “Insert”, “Өзін-өзі бағалау және өзара бағалау”.
Уақыт өлшемі | Жоспар мазмұны | Мұғалімдер іс-әрекеті | Оқушы іс -әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
5 мин. | Кіріспе
Сыныпта психологиялық ахуал тудыру “Жылы лебіз” тренингін жүргізу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару |
Оқушыларды сыныпта қарсы алады, сәлемдеседі.
Орындарынан тұрғызып, шеңбер құрғызып, жақсы тілектер айтқызады. Оқушылардың назарын сабаққа аударады. |
Оқушылар бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді
Оқушылар сабаққа дайын екендігін көрсетеді. |
Жарайсың! (ф.б.) | Тұсаукесер |
5 мин. | Білу
Үй тапсырмасын сұрау “Шеңберлік дөңгелек» стартегиясы бойынша 3-ші тоқсанда өткен тақырыптарын еске түсіру |
Оқушыларға өткен тақырып бойынша шолу жасау. | Оқушылар бір-бірлеріне допты лактыру арқылы сұрақ қояды, допты қағып алған оқушы жауап береді. | Смайлинг (ф.б.) | Доп |
3 мин. | Топқа бөлу Мозаикаға байланысты оқушыларды шағын топтарға бөлу
1-топ:Баған 2-топ:Ұяшық 3-топ:Қатар |
Оқушылардың алдына қағаздар ұсыну. | Оқушылар берілген қағаздар арқылы топқа бөлінеді.
А,В,С,D бір топ, 1,2,3,4 екінші топ, төртбұрышты фигуралар үшінші топ болып топтасады. |
Өзара бағалау (1-3 ұпай)
Бірінші топтасқан оқушыларға 3 арқылы бағалау. |
Бағалау парағы |
2 мин. | “Миға шабуыл” стартегиясы
Бүгін біз бұл топтасу жүйесін не үшін пайдаландық? |
Тақырып мазмұнын анықтайтын сұрақ қояды.
|
Оқушылар сұраққа жауап беріп, сұрақтар кестелік тақырыбына қатысты екендігін анықтайды. | Өзін-өзі бағалау 1-3 ұпай
|
Флипчарт, маркер, қарындаш, стакан |
15 мин. | Түсіну
Жаңа сабақ 1-топ: Microsoft Excel-ге кіріспе (даму тарихы) 2-топ: Ехсеl-мен таныстыру(терезені ашу, терезе құрылымы) 3-топ: Excel-дегі жұмыс кітабымен таныстыру (жұмыс кітабын құру, ашу, сақтау). |
Оқушы пікір мен танымын анықтай отырып, жаңа сабақ мақсатымен таныстырады. Тапсырманы бөліп беру. | Оқушылар жаңа тақырып бойынша, оқулық, электрондық оқулық, интернет желісін пайдаланып, топ бойынша жасаған жұмыстарын флипчартқа түсіріп, топ ішінен біреуі шығып қорғау. | Өзара бағалау 1-3 ұпай | Оқулық, компьютер (электрондық оқулық), тұсаукесер, флипчарт, маркер, бағалау парағы |
2 мин. | Сергіту сәті
“Информатика сабағына арналған физкультминутка” |
Оқушыларға сергіту сәтін орындатады. | Оқушылар видео роликтен қарап, барлығы бірдей қайталап отырып жасайды. | Жарайсың! (ф.б.) | тұсаукесер |
8 мин. | Қолдану
Тапсырма1: «ОҚУЛЫҚПЕН ЖҰМЫС»
Тапсырма 2: Таратпа тапсырмалар
|
Тапсырмаларды таратады
Тапсырмаларды таратады |
Оқушылар жұптаса отырып, тапсырманы компьютерде орындайды.
Оқушылар жұптасып, таратылған қағаздағы тапсырманы компьютерде орындайды. |
“Бағдаршам” әдісі (жасыл, қызыл, сары, ақ)
Мақсаты: оқушылардың тапсырманы қаншалықты менгергенін анықтау. Өзін-өзі бағалау (1-3 ұпай)
|
Компьютер, оқулық, түрлі-түсті қағаздар, бағалау парағы
|
3 мин. | Талдау
Қорытынды Диалог (оқушы мен оқушы арасындағы диалог) |
Оқушыларды бақылау | Оқушылар бір-біріне қойған сұраққа жауап береді | Өзара бағалау (1-3 ұпай)
|
Бағалау парағы |
2 мин. | Жинақтау
“Insert” әдісі Мақсаты: оқушылар сабаққа кері байланыс жасау арқылы білімдерін жүйелеу үшін қолданылады.
Бағалау Дамыту Үй тапсырмасы: 8.1 оқу |
Оқушыларды бақылап, бағалау
Оқушылардың жиынтық бағасын қою
Үйге тапсырма ұсыну |
Оқушы бүгінгі сабақта “Не өттік”, “Қандай сұрақ бар”, “Менің сабақ туралы ойым” стикерге жазады.
Бағалау парағындағы балды есептеу
Күнделікті алып, тапсырманы жазу |
“Insert” әдісі
Жиынтық баға |
Стикер
Бағалау парағы қалам, күнделік
|