MS Word мәтіндік процессоры, құжатпен жұмыс

126

Сабақтың тақырыбы:   MS Word мәтіндік процессоры, құжатпен жұмыс

Сабақтың мақсаты. 

Білімділік:    MS Word мәтіндік процессорының  мүмкіндіктерімен таныстыру, мәтіндік редактормен жұмыс жасап үйрету.

Тәрбиелілік:      Оқушыларды  ДК де    ұқыпты, таза, қауіпсіздік ережесін сақтай отырып жұмыс жасауға баулу.  Адамгершілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық:  MS Word мәтіндік редакторында құжат құруды, сақтау жолдарын білуді, пішімдеулерді үйренуді, барлық мүмкіндіктерімен жұмыс жасай білулерін дамыту.

Сабақтың көрнекіліктері: ДК, үлестірмелі тапсырмалар, слайдтар, стикер, А3 қағаздары, түрлі түсті қаламдар, интерактивті тақта.

Сабақтың  түрі:  Семинар сабақ.

Сабақтың  жүрісі:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын  тексеру: Тест

 ІІІ. Топқа бөлу.  Топ аттары: І топ – Компьютердің негізгі құрылғылары,

                                                 ІІ топКомпьютердің қосымша құрылғылары.

Бүгінгі  үйренеріміз, яғни тақырыбымыз «MS Word мәтіндік процессоры, құжатпен жұмыс».  Топтарға жаңа тақырыпқа байланысты мәтіндер үлестіремін, оқып таныса отырып, өз ойларыңызды постерге түсіріп, араңыздан  бір оқушы шығып қорғайды.

ІҮ. Жаңа сабақ. «MS Word мәтіндік процессоры, құжатпен жұмыс»

Компьютердің негізгі құрылғылары  тобына:

MS Word – бұл құжаттарды  құру, қарап шығу, өзгерту  және басып шығару үшін арналған MS Office  құрамына кіретін бағдарлама. MS Word іс жүзінде  қазіргі  мәтіндік  процессорлардың  барлық қажетті сапаларына ие:

—  құжаттарды құру және теру,

—  қаріптер жиынын пайдалану арқылы оларды пішімдеу,

—  кестелер,графиктер,математикалық формулаларды пайдалану,

—  емле ережесін тексеру және сөздерді автоматты тасымалдау,

—  іскер хаттарды ,келісім-шарттарды, есеп беру  формаларын дайындауға Шеберді (Мастерді) және Шаблонды  қолдану.

Мәтіндік процессордың  кемшіліктері:

—  математикалық формулаларды енгізу  күрделі,

—  растрлық графикаларға арналмаған.

MS Word мәтіндік процессорын бірнеше әдіспен  іске қосуға болады.

  • Іске қосу (Пуск) – Программалар – MS Office — MS Word командаларын орындау арқылы.
  • Жұмыс үстеліндегі таңбашасымен.

 MS Office       тақтасындағы  батырмалармен.

—     Word  қосымшасын іске қосқаннан кейін экранда мәтіндік редактордың стандартты терезесі пайда болады, онда құжаттың мәтінін бірден теруге болады. (суретін көрсету)

—     Терезе келесі элементтерден тұрады: тақырып жол, меню жолы, стандартты құрал-саймандар тақтасы (Стандартная),  пішімдеу тақтасы (форматирование), сызғыш және мәтін енгізілетін терезенің жұмыс беті, айналдыру жолағы, шегініс маркері, қалып-күй жолы.

—     Терезенің тақырыбында құжат атымен программаның аты көрсетіледі.

MS Word – пен  жұмыс істей отырып,  негізінде екі құрал – саймандар  тақтасын  пайдаланамыз:  суреттері бар  батырмалардан тұратын Стандарты  (Стандартная) тақтасы мен  Пішімдеу (Форматирование) тақтасы.  Әрбір батырмаға  команда сәйкес келеді, ал батырмадағы сурет команданың мазмұнын көрсетеді. Батырмалардың көбісі менюге кіруге оңай, жиі қолданылатын командаларды қайталайды. Батырмамен байланысты команданы шақыру үшін осы батырмаға тышқанмен шерту қажет.

—     Стандартты тақтада  ең жиі қолданылатын командаларды шақыруға арналған батырмалар бар. Қандай да бір батырманың міндетін білу үшін  оған тышқанды орнатсақ, біраз уақыттан соң оның астыңғы жағында берілген батырманың қысқаша атауы көрсетілген шағын жақтау пайда болады. Батырманың атауы оның орындайтын функциясын көрсетеді.

Құру Болдырмау
Ашу Қайталау
Сақтау Кестелер және шекаралар
Басу Кесте қосу
Алдын ала қарау Excel  кестесін қосу
Дұрыс жазу Бағандар
Қиып тастау Сурет салу
Көшірмелеу Құжат схемасы
Кірістіру Басылмайтын символдар

 

WordPad- тағы сияқты Word- та екі меңзер бар: кірістіру нүктесі және І меңзері.

—     Кірістіру нүктесі – жыпықтап тұратын тік сызықша. Ол мәтінді енгізгенде символ қай жерде пайда болатынын көрсетеді.

—     І меңзер – терезенің жұмыс аймағында маустың нұсқағышы  І латын әріптің түрін, ал жұмыс бетінің сыртында маус нұсқағышының кәдімгі  стандартты жебе түрінде болады.

 

Компьютер  тобына:

—     Терезедегі екінші панель – бұл Мәтіндік құжатты  Пішімдеу тақтасы. Онда да мәтінді пішімдеу командаларына жылдам шығу батырмалары бар.

Аспаптардың “пішімдеу” панелі

 

Стиль Оң жақ шеті бойынша туралау
Қаріп Ені бойынша туралау
Өлшемі Нөмірлеу
Қарайтылған Маркерлеу
Курсив Сыртқы шекаралар
Астын сызу Түспен ерекшелеу
Сол жақ шеті бойынша туралау Қаріп түсі
Ортаға туралау

 

         Мәтінді пішімдеуге мыналар жатады:

— әр түрлі қаріптерді пайдалану,

— құжат өрісінің шекараларын өзгерту: сол жақ, оң жақ, жоғары, төменгі өрістерін анықтау,

— мәтінді бағандарға бөлу,т.б.

— батырмаларын қолданып қаріп түрін және өлшемін, жартылай қалың, курсивпен жазу, асты сызылған етіп пішімдеуге болады. Сол сияқты мәтінді  туралау батырмаларымен сол жақ,орта, оң жақ және еніне туралауға болады.

Мәтіндік процессор    жұмысын дұрыс аяқтау үшін келесі әдістерді  қолдануға болады:

  • Файл – Шығу командаларын орындау.
  • Alt + F4 батырмалар  комбинацияларын басу.
  • MS Word программасының  тақырып жолындағы  жабу батырмасымен.

MS Word  терезесін  жабу  кезінде  қүжатқа енгізілген өзгерістер сақталмаса, экранға сұхбат  терезе  шығады.  Осы сұхбат  терезе арқылы файлдағы өзгерістерді  сақтай аламыз. Ия,  Жоқ, Болдырмау батырмаларының қажеттісін басамыз.

     Жаңа  құжат  құру. MS Word   терезесін ашқанда бос бет пайда  болады. Сонымен қатар алдын ала сақталынған құжатпен жұмыс істеп отырып, жаңа құжат құру үшін  Файл- Құру (Создать) командасын таңдаймыз.

Ашылған терезеден алдымен қосымша бетті, содан соң  шаблонды таңдаймыз, соның  негізінде құжат құрылып, ОК батырмасы шертіледі.

Құжатты сақтау.  Құжатты сақтау үшін  Файл – Қалай сақтау керек (Сохранить как) командасын таңдау немесе  құрал саймандар қатарындағы Сақтау                      батырмасын  шерту қажет. Құжатымызға ат беріп, Сақтау (Сохранить) батырмасын басамыз.

Мәтін енгізу. Құжатқа мәтін енгізу, немесе суретті, кестелерді  және т.б. объектілерді  енгізу үшін оларды орналастыратын жолға меңзерді орналастыру керек. Терілген мәтін жолдың оң жақ шетіне жеткенде, Word автоматты түрде  келесі жолға өтеді. Қатені жөндеу үшін  келесі пернелерді қолдануға болады:

Baskspace  — меңзердің сол жағындағы символды жояды.

Delete —  меңзердің оң жағындағыны символы жояды.

Жұмыс барысында   қате жіберілсе  Болдырмау   және Қайталау батырмаларын  қолдануға болады.

 

Ү. Шығармашылық жұмыс: ДК мен жұмыс.  MS Word  редакторын іске қосып  сурет бойынша  мәтін  теру, пішімдеулер жүргізу.

 

ҮІ. Сергіту  сәті.

 

 ҮІІ. Тақырыпқа байланысты  сұрақ сәйкестендіру тесті.

 

 ҮІІІ. Сабақты бекіту: Ой қорыту. Сонымен оқушылар біздер MS Word мәтіндік  редакторымен таныстық, онымен жұмыс  жасауды  үйрендік. Мына сұраққа  жауап  беріңіздерші:

MS Word  мәтіндік редакторы не үшін қажет, қандай қасиеттерімен маңызды?

 

ЖИНАҚТАУ.  Сабақта не үйренді,  нені  білгендері туралы, алдағы уақытта нені білгілерің келеді.

БАҒАЛАУ.

Үйге тапсырма:  7 тарау § 17,18 62-68 бет,   67 беттегі бақылау сұрақтары.