Сабақтың тақырыбы : Word — тың графикалық мүмкіндіктері

Сабақтың тақырыбы :  Word —  тың   графикалық    мүмкіндіктері

 

Сабақтың мақсаты :

 

а) Білімділігі : Microsoft Word программасымен жұмыс жасауға

                           машықтандыру.      Word —  тың   графикалық    мүмкіндіктерін                            

                          пайдалана  білуге  үйрету

                                                   

 

ә) Тәрбиелігі:  Адамгершілікке, ұқыптылыққа, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу

 

б) Дамытушылығы : Логикалық ойлау қабілетін дамыту. Компьютерге

                                    деген қызығушылығын арттыру

 

Сабақтың көрнекілігі : Интерактивті  тақта , компьютерлер, слайдтар,  

                                      карточкалар,   лабораториялық жұмыстар

 

Сабақ барысы :    

 

  1. Ұйымдастыру

 

  1. Үй тапсырмасын сұрау

 

Үй тапсырмасын тексеру мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылады.

 

  1. Microsoft Word программасын қалай іске қосамыз ?

Пуск →Программы→ Microsoft Word

  1. Құжатты қалай баспаға береміз ?

Құжатты баспаға  шығарар  алдында  Файл →  Предварительный   просмотр  командасын   немесе  аспаптар  панеліндегі  Предварительный   просмотр    батырмасын  шерткен  жөн. Баспаға  беру  үшін  Файл  →  Печать   командасын   орындау  керек.

3.Кесте  дегеніміз  не  ?

Кесте —  бұл  жолдар  мен  бағандарда   реттеліп  берілген  ақпарат.

4.Кестеге  қалай  жаңа  жол  қосамыз ?

Меңзерді  кестенің  төменгі  оң  жақ  ұяшығына  орналастырып,  “Tab”пернесін басса,  кестеге  жаңа  жол  қосылады.

  1. Мәтінге  дайын  суретті  қалай   кірістіреміз ?

Вставка →  Рисунок →  Картинки

Оқушылардың алған білімдерін  тексеру  мақсатында  оқушылардан  тест алынады.  Тест Visual Basic  программасында жасалынған.  

Word —  тың   графикалық    мүмкіндіктері  туралы слайдтар көрсетіледі. Слайдтар көру арқылы оқушылар білімдерін толықтырады.  Оқушыларға 

 Word —  тың   графикалық    мүмкіндіктеріне  байланысты  алты   тапсырма  беріледі.

                                                Тапсырма  № 1

 

  1. Paint графикалық редакторында сурет салу.
  2. Суретті ерекшелеп алып, алмасу буферіне енгізу.
  3. Суретті алмасу буферінен алып, құжатқа кірістіру.
  4. Мәтіндік құжатты ашу және меңзерді сурет кірістірілетін жерге апару.

 

Тапсырма  № 2

 

Автофигураларды   пайдаланып, төмендегі фигураларды салу. Осы фигуралардың  ішін басқа түспен, сыртқы сызығын  басқа түспен бояу.

 

Тапсырма  № 3

 

WORD – тың графикалық мүмкіндіктерін пайдаланып, құттықтау ашық хатын жасау.

Тапсырма  № 4

 

Суретті солға қарай, немесе оңға қарай бұруға, жоғарыдан төмен қарағандағы немесе оңнан солға  қарағандаға көріністерін бейнелеңдер.

 

Тапсырма  № 5

 

Төменде берілген кестені мәліметтермен толықтырыңыз, кестедегі мәтін  түсі көк, кесте ішін ашық жасыл түспен бояу.

 

Тапсырма  № 6

 

А. Құнанбаевтың « Ғылым таппай  мақтанба », өлеңін жазып, « Ғылым » атауымен  сақтап қойыңыз.

 

Ғылым  таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып  шаттанба,

Ойнап босқа күлуге.

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

 

Лабораториялық жұмыс

Тақырыбы : «Елбасы жолдауы – Елдіктің арқауы »  Өз аттарына папка ашып, документті сол папкаға сақтап.,құжатты 14 шрифпен жазып ,рамка салу.Әр оқушыға   тапсырманы орындап болған соң, қосымша сұрақтар қойылады. 

                                                  

Шығармашылық жұмыс

 Microsoft Word программасында жасаған    тапсырмасын Power  Point       программасымен байланыстырып жасау.

Интерактивті  тақта , Merits программасы  сабақ барысында қолданылып отырылады Әр оқушы өздері алдын – ала дайындалған жұмыс столындағы Бағалау парағын ашып толтырады.

Оқушылармен Merits программасын пайдаланып « Форум » өткізу

Тақырыбы : Сабақтан алған әсерім,  Не үйрендім , нені білгім келеді ?

 

  1. Тақырыпты қорыту

 

  1. Үй тапсырмасы : Word — тың графикалық    мүмкіндіктері. Автофигураларды   пайдаланып  сурет  салу.

 

  1. VI. Оқушыларды бағалау