Құжаттың түрін баптау, Құжатты қарау типтері.

138

Сабақтың тақырыбы: Құжаттың түрін баптау, Құжатты қарау типтері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Құжатты құруды, құжаттың терезе түрін баптауды үйрету. Бірнеше терезелер мен жұмыс жасауды, алдын-ала қарау типтерімен таныстыру, үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау  және ой қорыту кабілеттерін,  Microsoft Word программасында құжаттармен жұмыс орындау, өзін-өзі бағалау  дағдысын жетілдіру.

Тәрбиелік: Оқушыларды  ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгеру, практикалық сабақ

Сабақтың барысы:

  • Ұйымдастыру кезеңі.           Өзін-өзі бағалау.
  • Алған білімдерін пысықтау.         Қорытынды
  • Жаңа сабақ                   Бағалау
  • Машық жұмыс            Үйге тапсырма

Сабақтың жоспары бес кезеңнен тұрады:1. Кәсіби кеңес; 2. Сәйкесін тап;

  1. Ақпарат қабылдау;4.Жұмбақ шешу; 5. Топ басшылар сайысы.

Құрметті  қатысушылар!

Бүгін біздің сабағымызда өткізіліп жатырған

“Ең үздік фирма-2014” сайысына қош келдіңіздер!

Жарыс барысында сіздер біздің электрондық поштамызға түскен  сұрақтарға жауап беріп, тапсырыстарды орындайсыңдар.

Әр тапсырмаға және  сұрақтар қиындығына қарай ұпайлар беріледі.

Қай фирма көбірек тапсырыстарды орындап және сұрақтарға дұрыс жауап берсе, сол фирма”Ең үздік фирма-2014” атағын жеңіп алмақшы. Сіздер бұл сайысқа қатыспас бұрын, өз фирмаларыңызға ат қойып, өзара мамандық түрін бөлісіп алуларыңыз керек.

Фирма басшысы— топтың жұмысын басқарады,  фирма жұмысына жауапты, әр қызметкерлердің жұмысына баға береді.

Кәсіби кеңесшісі – өз ойын айтып, әртүрлі кеңес береді,  безендіру жұмыстарын орындайды,өз білімімен бөліседі.

Кәсіби маман-   жұмысты , тапсырысты орындайды. Жарысқа келесі фирмалар қатысуға  тілек білдіріп отыр. Бұл «Toshiba» автокөліктерсату фирмасы, және «Microsoft» компьютер сату фирмасы.

Оқушылар өзінің топ басшысын таңдайды.

 

 

Олай болса бірінші кезеңімізді бастаймыз. Бұл кезең «Кәсіби кеңес» деп атала

 

Біздің электрондық поштамызға қарапайым адамдардан көптеген сұрақтар түсіп жатады. Мен сұрақтарды үлкен экранға шығарып тұрамын, қай фирма кеңес беруге дайын болса, жауап беріп өздеріңе ұпай жинайды. Ойлануға 1-2 минут уақыт беріледі. Дайын топ қол көтеріп жауап береді. Әр жауапқа 2 ұпай беріледі. Студенттен сұрақ: Құрметті мамандар, мен бүгін емтихан тапсырайын деп отырмын. Маған мына сұрақтың жауабы керек еді: Алгоритмнің неше түрі бар? Жауабы: Алгоритмнің үш түрі бар:Сызықтық алгоритм, Тармақталу алгоритм, Циклдік алгоритм .

Оқушыдан сұрақ: Менің атым Аяулым. Мен 7 сыныпта оқимын. Бізге  мұғалім үйден “Вирус деген не? Қандай әрекеттер жасайды, оған қарсы қолданатын шара “ анықтама жазып келуді тапсырды. Вирус деген не өзі?Бактерий ма? Инфекция ма? Жауабы:Компьютерді зақымдайтын программа. Оған қарсы программа қолданады — антивирус.

Айнұрдың сұрағы: Құрметті мамандар! Сіздер бәрін білесіздер ғой.Мен сайысқа дайындалып отыр едім. Маған мынадай сұрақ берілді? 1 Гбайтта неше Мбайт бар? Жауабы:1 Гбайтта(гигабайтта)-1024 Мбайт бар

Студенттен тағы да сұрақ келіп тұр: Құрметті мамандар! Мен сіздерге агенттен хабарласып отырмын. Маған тезірек мынандай сұраққа жауап жазып жіберіңдерші. Дүниежүзілік өрмек не деп аталады?Тезірек жауап жазып жіберіндерші!!! Жауабы: Интернет- бүкіләлемдік өрмек.

Оқушыдан сұрақ:Сәлем достар!Менің атым Ернұр. Мен 10 сыныпта оқимын. Маған көмектесіңдер шұғыл!

Ең бірінші программа жасаған әйел ғалым? Ол кім…….. Жауабы: Ада Лавлейс

«Ертегілер елінен» сұрақ: Құрметті мамандар! Мен Алдар Көсемін. Мені барлықтарын білетін шығарсыңдар. Хан алдағанымды біліп, маған мынадай сұрақ беріп тұр, егер жауабын таппасам хан мені жазалайды. Қандай мәтін түрлерін білесің?Маған көмек беріндерші!!! Жауабы: Мәтін түрлері: кәдімгі мәтін, кестелік мәтін, программалық мәтін, гипермәтін.

ІІ- кезең: «Сәйкесін тап» деп аталады: Бұл жерде бұйрық жолы беріледі,  сәйкесін табу қажет.  Әрбір  дұрыс жауапқа 3 ұпай беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

Сақтау   1.      Файл- Открыть
Көшіру 2.      Правка-Вставить
Шығу 3.      Файл-Печать
Құжатты құру 4.      Правка-Вырезать
Құжатты ашу 5.      Файл-Сохранить
Жою         6.Файл-Создать
Баспаға жіберу        7.Файл-Выход
орналастыру         8.Правка-Копировать

ІІІ кезең: «Ақпарат қабылдау» оқушыларға жаңа сабақ түсіндіріліп, слайдтар арқылы көгсетіледі.

  • Мәтіндік редактор – бұл мәтіндік құжаттар құруға, оларды түзетуге, құжаттың мазмұнын экранда қарауға, оны басып шығаруға мүмкіндік беретін қолданбалы бағдарлама.
  • Мәтіндік ақпаратты компьютерде өңдеу үшін арнайы мүмкіндіктері бар қолданбаны мәтіндік процессор деп атайды.

Windows ортасында кең таралған, танымал мықты мәтіндік

редактор – ол Microsoft Word.

  • Word көмегімен мәтінді теріп қана қоймай өзіңіздің талғамыңызға сай оған кестелер мен графикалар, суреттер, дыбыстар, тіпті видеобейнелерді де қоса аласыз. Word сізге жай хат жазуға және күрделі көлемді құжат, жарнамалық блок, құттықтау қағазын құрастыруға көмектеседі.

Құжатты құру үшін мәтіндік процессорды іске қосу қажет.

Мәтіндік құжат жұмыс үстелінде       таңбашамен

Mісrosoft Office тақтасындағы          батырмамен  ашамыз.

Құжат құру жолы:

  1. Қаріп және оның өлшемін таңдау
  • Мәтінді енгізу және редакциялау
  • Мәтінді пішімдеу
  • Құжатты сақтау
  • Баспаға жіберу
  • Файл      Құру әмірін орындау,        батырмасы                      арқылы
  • “Құжатты құру” сұхбат терезесі

 

Құжатты қарау, ашу үшін

Файл          Ашу (Открыть) әмірін орындау

батырмасы арқылы қарауға болады.

“Құжатты ашу” сұхбат терезесі

 

Сергіту сәті: Құрметті сайыскерлер, мен сіздерді бүгінгі сабақтан естелік суреттерімен қайтарғым келді. Мен сіздерге естелікке бір-бірлеріңіздің суреттеріңізді салуға мүмкіндік беремін. Әркім өзінің алдында тұрған сайыскердің суретін салып, астына жақсы тілек жазсын.

Сізге 2 минут беріледі.

Дайын суреттерді әр оқушының  алдында тұрған балаға естелікке береді.

ІҮ кезең: Жұмбақ шешу

Ү кезең: “Фирма басшылары сайысы”. Бұл сайыста топ басшылары қатысып, тапсымалар беріледі. Оны мәтіндік редакторл\ды іске қосып орындайды. Бірінші орындап болған  және қатесіз орындаған топ басшысы жеңіске жетеді.

Қорытынды: Оқушыларға стикерлер таратылады, өздерінің сабақтан алған әсерін таңдап тақтаға жабыстырады.

Бағалау:

 

 

Үйге тапсырма:   Құжаттың түрін баптау, Құжатты қарау типтері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Сәйкесін тап» деп аталады: Бұл жерде бұйрық жолы беріледі,  сәйкесін табу қажет.

 

Сақтау   1.    Файл- Открыть
Көшіру 2.    Правка-Вставить
Шығу 3.    Файл-Печать
Құжатты құру 4.    Правка-Вырезать
Құжатты ашу 5.    Файл-Сохранить
Жою         6.Файл-Создать
Баспаға жіберу        7.Файл-Выход
орналастыру         8.Правка-Копировать

 

 

 

 

 

 

«Сәйкесін тап» деп аталады: Бұл жерде бұйрық жолы беріледі,  сәйкесін табу қажет.

 

 

Сақтау   1.    Файл- Открыть
Көшіру 2.    Правка-Вставить
Шығу 3.    Файл-Печать
Құжатты құру 4.    Правка-Вырезать
Құжатты ашу 5.    Файл-Сохранить
Жою         6.Файл-Создать
Баспаға жіберу        7.Файл-Выход
орналастыру         8.Правка-Копировать