Компьютердiң жады

Сабақтың тақырыбы:    Компьютердiң жады

Сабақтың мақсаты:  I. Білімділік

Компьютердiң сыртқы және iшкi жадтары ұғымдары туралы түсінік қалыптастыру.

 

  1. Дамытушылық

Жаңа сабақты түсіндіре отырып, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.

 

III. Тәрбиелік

Оқушыларды тиянақтылыққа, өз бетімен жұмыстануға тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі:  Көрнекі әңгімелеу+практика

 

Сабақтың көрнекілігі:  Интерактивті тақта, үлестірме бетшелер,

жұмыс дәптері, компьютер.

 

Сабақтың барысы:     I. Ұйымдастыру

  1. Амандасу.
  2. Сынып тазалығын тексеру.
  3. Оқушыларды түгендеу.

II.Үй тапсырмасын сұрау.

 

  1. Ақпарат дегеніміз не?
  2. Ақпараттың қандай түрлері бар?
  3. Адамның жады қандай ақпаратты сақтай алады?
  4. Компьютердің жады қандай ақпаратты сақтай алады?
  5. Африкалық тайпалар ақпаратты ненің көмегімен таратқан?
  6. 6. Өте ерте заманда хатты нелер апаратын болған?
  7. Кітапта қандай ақпарат түрлері сақталады?
  8. Paint графикалық редакторындағы суретті қалай сақтаймыз?
  9. Кодтау дегеніміз не?

1O.  Компьютердің негізгі құрылғыларын ата.

 

III. Жаңа сабақ

 

Ақпаратты сақтауға арналған компьютердің құрылғысы жад деп аталады.  Компьютердiң жады iшкi және сыртқы деп екiге бөлiнедi. Компьютердiң iшкi жады оның негiзгi түрi болып саналады, өйткенi процессор осы жадпен жұмыс iстейдi. Компьютер iске қосылған соң iшкi жадта мәлiметтер мен программалар орналасады. Онымен адамдар компьютер iске қосылған кезде жұмыс жасайды. Бiрақ компьютер өшiрiлгеннен кейiн,  ондағы барлық деректер де өшiрiледi. Ішкі жады жедел жадтайтын құрылғы (ЖЖҚ) және (ТЖҚ) тұрақты жадтайтын құрылғы болып екіге бөлінеді.

Сыртқы жады ақпараттарды ұзақ мерзiмде сақтау қызметiн атқарады. Оған қатты диск,  дискеттер немесе иілгіш дискілер,  лазерлiк дискiлер және басқа да ақпараттарды тасымалдаушы құралдар кiредi.

  1. Тапсырма. Тiлсызық арқылы жалға.

 

Нысан
Баспа құрылғысы
Монитор
Тышқан
Дискета
  Сканер
Пернетақта
Қатты диск
Лазерлiк диск
Әрекеттер
Ақпаратты сақтайды
Ақпаратты қағазға басып шығарады
Ақпаратты экранға шығарады
Ақпаратты шығару қызметiн атқарады
Ақпаратты экранда бейнелейдi
Экрандағы нысандарды басқарады
Ақпаратты сақтау қызметiн атқарады
Ақпаратты енгiзу қызметiн атқарады

 

  1. Сызбаны толтыр. Компьютердiң жады —  iшкi және сыртқы.

 

 

 

 

 

 

  1. Қажеттi сөздердi қой.

 

Iшкi жады компьютер жұмыс iстеп тұрған кезде қолданылады.

Ақпараттың үлкен көлемiн  ұзақ мерзiмде сақтау үшiн сыртқы жады қолданылады.

Иiлгiш және қатты магниттiк дискiлер немесе лазерлiк дискiлер ақпаратты сақтау үшiн қолданылады.

 

  1. Сызбаны толтыр.

 

Компьютердiң  жады
Iшкi
Сыртқы
Дискета 3,5
Лазерлiк диск
Қатты диск

 

Сергіту сәті:  «Ақпаратты кім бірінші сақтап, тасымалдайды?» ойыны.

 

Екі топқа оқушылар бөлінеді.

Бірінші  топ компьютерде  графикалық редакторда  Дискетаның суретін салып, екінші адам оны сақтап, келесі адам сол суретті  дискетаға көшіреді. Ең соңғы адам  сол суретті келесі топтың компьютеріне көшіреді.

Екінші   топ  компьютерде  графикалық редакторда  лазерлік дискінің суретін салып, екінші адам оны сақтап, келесі адам сол суретті  дискетаға көшіреді. Ең соңғы адам  сол суретті келесі топтың компьютеріне көшіреді.

Үшінші топ  компьютерде  графикалық редакторда  қатты дискінің суретін салып, екінші адам оны сақтап, келесі адам сол суретті  дискетаға көшіреді. Ең соңғы адам  сол суретті келесі топтың компьютеріне көшіреді.

 

5.     Көрсетiлген суреттердiң алғашқы әрiптерi бойынша сөйлем құрастыр.

 

 

Дискета

 

 

Ақпарат

 

 

Тасымалдаушы

 

ДИСКЕТА – АҚПАРАТТЫ ТАСЫМАЛДАУШЫ.

Тапсырма: «Адамның ішкі және сыртқы жады» деген  тақырып бойынша өз ойыңды айт?

Адамның ішкі жадында не сақталады?

Қандай жағдайда оған сыртқы жадты қолдануға тура келеді?

Адам қандай заттарды  сыртқы жад ретінде қолданады?

Бекіту.  Cөз  жұмбақ арқылы бекітемін.

  1. қоршаған орта туралы мәлімет қалай  аталады?
  2. Қандай да бір зат, оқиға, процесс, табиғат құбылысы қалай аталады?
  3. Компьютерде ақпаратты не сақтайды?
  4. Лазерлік дискі, дискета,  қатты диск жадтың қай түріне жатады?
  5. Ішкі жад компьютердің қай құрылғысымен бірге жұмыс істейді?
  6. Ақпаратты тасымалдаушы
  7. Ақпаратты енгізу құрылғысы
  8. Флешка қай жадқа жатады?
  9. ЖЖҚ және ТЖҚ компьютердің қай жадына жатады?
1Ақпарат 
2Нысан  
3Жад   
4Сыртқы 
5Процессор
6Дискета 
7Пернетақта
8Сыртқы   
9Ішкі 

 

Бағалау. Оқушыларды тапсырмаларды орындау деңгейіне қарап бағалаймын.

Үй тапсырмасы: 16 сабақ