Microsoft Word –ты іске қосу. Мәтіндік құжат құру. Емлесін тексеру

Тақырып: Microsoft  Word –ты іске  қосу.  Мәтіндік құжат құру. Емлесін тексеру

Мақсаты: а) Microsoft  Word –ты іске  қосуды үйреті,    Microsoft  Word

мәтіндік процесорының  терезесімен  таныстыру. Мәтіндік құжат

құруды үйрету.

б)Оқушылардың белсенділігін дамыту, ой өрісін кеңейтуге      дағдыландыру.

в)Оқушыларды, өмірге және білім алуды жалғастыруға тәртіпке, еңбекке баулу.

 

Сабақтың типі: Көрсете отырып түсіндіру.

Сабақ түрі: Аралас сабақ. Парктика.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ жауап, әңгімелесу, жазбаша жұмыс, өзіндік жұмыс, әңгіме.

Құрал – жабдықтар, көрнекті құралдар:

Компьютерлер, Информатика мен есептеуіш техника негіздері әдістемелік нұсқау бағдарламалары.

 

Сабақ барысы.  1. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.

Сабаққа дайындықтарын тексеру

 II  Үй жұмысын сұрау                             

а) Растрлық  графикалық  редакторларды атаңыз?

                                       б) Векторлық графикалық  редакторларды атаңыз?

в) растрлық, векторлық, графикалық  кескіндердің  айырмашылығы неде?

 

 III   Үй тапсырмасын бекіту

                           IV   Жаңа сабаққа кіріспе

                          V     Жаңа сабақ

                         VI     Жаңа сабақты бекіту

                         VII    Қорытындылау

                         VIII  Үй тапсырмасын беру

                          X     Бағалау

 

 

 

 

 

Жаңа сабақ

 

Microsoft  Word –ты іс- бұл құжаттарды құру,  қарап шығу, өзгерту және басып  шығару үшін  арналған Microsoft  Office жүйесінің  құрамына кіретін программа.  Microsoft  Word іс жүзінде  қазіргі мәтіндік процессорлардың  барлық қажетті  сапаларына ие:

  • Құжаттарды құру және теру;
  • Қаріптер жиынын пайдалану  арқылы оларды  форматтау;
  • Кестелер, графиктер, математикалық формулаларды  пайдалану;
  • Емле ережесін тексеру және сөздерді автоматты  тасымалдау;
  • Іскер хаттарды, келісім шарттарды, есеп беру формаларын  және т.с.с. дайындауға  Шеберді   (Мастерді) және Шаблонды   пайдалану.

Мәтіндік  процессордың  кемшіліктері:

  • Математикалық формулаларды  енгізу күрделі;
  • Растрлық графикаларға арналмаған.

 

Мәтіндік  процессорды бірнеше әдіспен іске қосуға болады:

  1. Негізгі менюден  Жіберу – Программалар –Microsoft Office –MS Word командаларын  орындау  арқылы;
  2. Жұмыс үстеліндегі

таңбашамен.

  1. Мicrosoft Office тақтасындағы батырмалармен.

 

Мәтіндік  процессор  жұмысын дұрыс аяқтау үшін  келесі  әдістерді  қолдануға болады:

  1. Файл – Шығу (Выход) командасын таңдау;
  2. Alt + F4 батырмалар  комбинациясын  басамыз;
  3. Word программасының  атаулар  жолының  оң жақтағы  жоғарғы  жабу  батырмасын шерту арқылы.

 

Word терезесін жабу кезінде  құжатқа енгізілген өзгерістер  сақталмаса, экранға  диалогтік  терезе шығады.  Осы диалогтік терезе арқылы  файлдағы  өзгерістерді  сақтай аласыз (жауап – Иә (Да),  өзгерістерді  сақтамайсыз (жауап –Жоқ (Нет) немесе редакциялауды  жалғастырасыз (Болдырмау (Отмена).

Мәтіндік процессорды  іске  қосқаннан кейін  экранда  қосымша терезе  бейнеленеді.

 

 

 

 

 

Microsoft Word  мәтіндік  процессорының  терезесі.

 

Ашылған  құжат  қосымша  терезенің  жұмыс  аймағында  бейнеленеді.  Word   терезесінің негізгі элементтері  барлық Office қосымшалары  үшін ортақ  болып табылады. Әдеттегі Windows –дағыдай  редактор  терезесінің  жоғарғы  бөлігінде  негізгі меню  бар:

Файл, Түзету, Түр, Қою,     Формат, Сервис, Кесте,    Терезе,  Анықтама

Файл, Правка, Вид, Вставка,  Формат, Сервис, Таблица, Окно, Справка.

1

2                                                                                                                    3

Горизонталь  (жолдық) сызғыш

 

  1. Горизонталь сызғышта  үшбұрыштар  орналасқан. Бірінші жолдың  маркері  (1),  абзацтың сол (2) және  оң (3) шекараларының  маркері  берілген. Оларды  тышқанның  көмегімен  абзацтың  сәйкес  параметрлеріне  өзгертуге болады.
  2. Айналдырудың (Прокрутка) горизонталь  жолының  сол жақ  бөлігінде  бейнелеу  режімін  таңдау  батырмасы     орналасқан,

Әдеттегі (Обычный)

 

Веб – құжат (Веб – документ),

Беттерді белгілеу (Разметка  страницы),

Құрылым (Структура).

Батырмалары бар.

 

 

Әдеттегі (Обычный) – амалдарды орындауға өте ыңғайлы;

 

Веб – құжат (Веб – документ)- құжатты Веб –құжат  түрінде бейнелеу;

Беттерді белгілеу (Разметка  страницы)-  құжаттарды  баспаға  шығаруға  сәйкестендіріп бейнелеу;

Құрылым (Структура)-  құжаттардың  құрылымымен  жұмыс жасауға  арналған  мәтінді  және әр түрлі  тереңдікте  сатылап орналасқан  мәтіннің  басын  (тақырыбын) көрсетуге  және  жасыруға  мүмкіндік береді.

 

  1. Қалып –күй жолы. Microsoft Word  терезесінің  төменгі бөлігінде  орналасқан. Одан әр  түрлі  хабарлама  және анықтама  ақпараттары шығады.

 

 

Қалып  -күй   жолы.

ИндикаторМәні
4-  бетҚұжаттың  терезедегі  көрінетін  бетінің  реттік  нөмірі.
1- бөлімКөрінетін  бет орналасқан  бөлім
4/6Көрінетін  бет нөмірі/ құжаттағы  беттердің жалпы саны
17,9 см –геЕнгізу курсорынан  беттің  жоғарғы шетіне дейінгі  арақашықтық
23Курсор тұрған беттің нөмірі
1 саныБеттегі  курсор  позициясының  нөмірі
ЗАПМакрокомандаларды  жазу  режімінің индикаторы
ИСПРРедакторлық  түзету режімінің  индикаторы
ВДЛМаркировканы кеңейту  режімінің  индикаторы
ЗАМАлмастыру режімінің индикаторы
КазахскийТіл индикаторы

MS Word – пен  жұмыс істей отырып,  негізінде, екі құрал – саймандар  тақтасын  пайдаланамыз:  суреттері бар  батырмалардан тұратын Стандарты  (Стандартная) тақтасы мен  Форматтау (Форматирование) тақтасы.  Әрбір батырмаға  команда сәйкес келеді, ал батырмадағы сурет команданың мазмұнын көрсетеді. Батырмалардың көбісі менюге кіруге оңай, жиі қолданылатын командаларды қайталайды. Батырмамен байланысты команданы шақыру үшін осы батырмаға тышқанмен шерту қажет. Егер тышқанның сілтемесін батырмаға қойсаңыз, жанында команда аты жазылған жақтау (рамка) шығады. Тақтаны экраннан шығару немесе   алып тастау үшін ТҮР (Вид) менюінен Құрал-саймандар тақтасы (Панели инструментов) пунктін таңдап, сонан соң қажет тақтаның атауын шертіңіз. Егер тақта экранда тұрса, оның атауы жанында  ˇ таңбасы  тұрады.

 

Құжаттармен жасалатын жұмыс.

 

Жаңа құжатты құру. Жаңа құжатты құру үшін  Файл  менюінен  Құру (Создать) командасын таңдау қажет. Ашылған диалогтік  терезеден  алдымен қосымша бетті, сонан соң шаблонды  таңдаймыз,  соның негізінде құжат құрылып, ОК  батырмасын шертеміз.

Құжатты құру диалогтік терезесі.

Microsoft Word құжаттары  шаблондарының  кеңейтілуі  dоc   және  ол    таңбасымен белгіленеді.  Әдетте, құжаттар  Жаңа құжат  (Новый документ)  шаблонының  негізінде  құрылады. Құжатты  Жаңа құжат  шаблоныны

ң  негізінде құру үшін

Батырмасы пайдаланылады.

Құжатты ашу.  Бар құжатты ашу үшін Файл  менюінде Ашу командасын таңдау  немесе   батырмасын шерту  қажет,  сонан кейін Құжатты ашу (Открытие документа) диалогтік  терезесі ашылады.  Бума  өрісінен  қажетті  құжаты  бар диск  таңдалынады.

Төменде орналасқан  өрісті  екі рет шертіп, құжат тұрған буманы,  сонан соң  құжаттың өзін таңдаймыз.

 

 

Құжатты ашу  диалогтік  терезесі

 

 

 

 

Құжатты сақтау. Құжатты сақтау үшін  Файл  менюінде Сақтау (Сохранить) командасын  таңдау немесе   батырмасын  шерту қажет.

Құжатты  бірінші рет сақтағанда  Құжатты сақтау (Сохранение  документа) диалогтік  терезесі пайда болады.

Бума өрісінде  дискіні, ал төмен  орналасқан  өрістен  құжат  сақталатын буманы, ал  Файл типі (Тип файла)  өрісінде  құжат  сақталатын  форматты  таңдаңыз.  Файл аты (Имя файла)  өрісінде  файлдың  атын жазып, Сақтау  батырмасына басыңыз.

Қайталап сақтау кезінде  Құжатты  сақтау диалогтік  терезесі  шықпайды, құжат  автоматты түрде сол файлда сақталады.

Құжатты сақтау  диалогтік  терезесі.

Құжатты басқа атпен сақтау немесе  басқа бумада сақтау үшін  Файл   менюінен Қалай сақтау керек (Сохранить как)  командасын таңдаңыз,  содан кейін  экранда Құжатты  сақтау терезесі  пайда болады.

Бекіту: а)  Microsoft Word  мәтіндік  процессорды  қалай іске  қосуға

болады?

б) Стардартты  тақтасына  қандай  операциялар жатады?

Ал Форматтау  тақтасына ше?

в) Жаңа   Microsoft Word   құжаты қалай құрылады?

г)  Бейнелеу  режімі  дегеніміз не?

д)  Қалып –күй жолының  құрылымы мен негізгі  мүмкіндіктерін

сипаттаңыз.

с)  Microsoft Word   құжатын қалай сақтауға болады?

Сабақты қорытындылау: Сабақты қорытындылау барысында сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, қалыс қалып отырған оқушыларға ескертпелер беру арқылы білімдерін бағалау.

Үй тапсырмасын беру:  § 7.1. 63-68 бет.

Microsoft  Word  пен танысу.

 

Бағалау: