Дербес компьютер. Компьютердің құрылысы

122

Сабақтың тақырыбы:        Дербес компьютер. Компьютердің құрылысы

Сабақтың мақсаты:          

Сабақтың мақсаты:          

білімділік:                    оқушыларды информатика пәнімен, негізгі ақпараттық процестермен, компьютер өңдейтін ақпарат түрлерімен таныстыру;

тәрбиелік:                   оқушыларды ұқыптылыққа, адалдыққа еңбексүйгішке тәрбиелеу;

дамытушылық:           оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту

Сабақтың түрі:         жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:          пікірлесіп-түсіндіру, баяндау

Сабақтың байланысы:       физика

Сабақтың көрнекілігі:                  оқулық, дәптермен жұмыс

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылармен сәлемдесу, түгендеу;

ә) оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару;

б) сабақтың мақсатымен таныстыру.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау кезеңі

  1. Бірінші электронды-есептеуіш машина қалай аталған? Ол қай жылы жасалды?
  2. «Марк-1» машинасы қандай элементтерден жасалды?
  3. Бұрынғы Кеңестер Одағындағы бірінші ЭЕМ қай жылдары жасалды? Оны кім жасады?
  4. ЭЕМ буындарын атаңдар. Олардың бір-бірінен айырмашылығы неде?
  5. Қазіргі дербес компьютерлер қай буынға жатады?

 

ІІІ Үй тапсырмасын қорыту

ІV Жаңа сабақ

Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал – компьютер. Ақпаратты автоматты түрде өңдеуге арналған ақпараттық және программалық құралдар кешенін компьютер деп атайды.

         Компьютердің аппараттық құралдары:

  • Кодтауға және мәліметтер мен программаларды компьютердің жадына екілік жүйеде ұсынуға арналған енгізу құрылғыларынан;
  • Ішкі және сыртқы болып бөлінетін деректерді, программаларды, аралық есептеулердің нәтижелерін сақтауға арналған компьютер жадынан;
  • Мәліметтерді өңдеудің және өңдеу процесін басқарудың негізгі құрылғысы – процессордан;
  • Өңдеу нәтижелерін кері кодтауға және оларды адамға қолайлы түрде шығарып беруге арналған шығару құрылғыларынан;
  • Бұл барлық құрылғылар арасында ақпарат жеткізу қызметін атқаратынақпараттық кеңарнадан тұрады (байланыс желісі)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жүйелік блокқа дербес компьютердің

негізгі құрылғылары жинақталған, олар деректерді

өңдеуді, блоктың ток көзіне қосылуын, қосымша

құрылғыларды қосуды қамтамасыз етеді.

Жүйелік блоктің ішкі құрылғысын білу үшін, оның

артқы қақпағын ашу керек, жүйелік блоктың әр түрлі

типтері үшін конструкциясында айырмашылықтар бар.

Жүйелік блоктың алдыңғы тақтасында:компьютерді қосу/өшіру батырмасы, дискжетек, компакт-дискіден оқитын СD-ROM орналасқан. Кейбір жүйелік блоктың конструкцияларында компьютерді қайта жүктеу батырмасы болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Процессор – компьютердің ең басты бөлігі.

Ол – компьютердің «миы». Ол бүкіл

компьютердің жұмысын басқарады және

программалардағы барлық командаларды

(операцияларды) орындайды.

Бұл құрылғы берілген командаларды

түсініп, оларды орындайды және өз жұмысының

нәтижелерін шығарып береді немесе оны

машинаның жадына жазады, тіпті екеуін да

қатар орындай алады. Компьютердің кез келген

жұмысы процессордың қатысуымен орындалады.

Іс жүзінде  компьютердің орындайтын

жұмысының бәрін оның бас микросхемасы –

микропроцессор атқарады. Қазіргі кезде ең көп

тараған процессор (Pentium) «пентиум» деп аталады, сондықтан мұндай процессор орнатылған компьютерді де «Пентиум» деп атайды. Компьютерлердің негізгі сипаттамасының бірі – оның жылдам әрекеттілігі, ол мегагерцпен өлшенетін жиілікке байланысты. Жиілік жоғарыланған сайын, компьютер де жақсырақ болады. Процессор жадпен бірге жұмыс істейді. Жад микросхемасынан процессор өзіне қажетті ақпаратты алады және өз жұмысының нәтижесін қайтадан жадқа жібереді.

Жедел жад – бұл компьютердің ішкі жады (ОЖҚ). Жедел жад қажет ақпараттарды өзіне жылдам жазуға және одан оқуға мүмкіндік береді. Бірақ онда ақпараттар уақытша сақталады, яғни компьютерді өшіргенші. Егер компьютерді өшірсе, онда жедел жадтағы ақпарат жойылады (өшеді).  Жедел жадта қазіргі кезде орындалып жатқан барлық программалар болады.

Жедел (оперативті) жадтайтын құрылғы (ЖЖҚ) – ақпараттарды уақытша сақтауға арналған жады. Компьютердің жедел жадының көлемі шекті, сондықтан ЖЖҚ-дан ақпараттарды сыртқы жадқа (дискіге) көшіріп алу керек.

Жедел жадтың негізгі сипаттамасы – оның сыйымдылығы мен жылдам әрекеттілігі. Процессор мен ЖЖҚ – ЭЕМ-ның негізгі құрылғылары. Компьютер жұмыс істеу үшін, бұлардың өзі-ақ жеткілікті.

Бірақ компьютер сыртқы ортамен қатысыу үшін, басқа қосымша құрылғылар керек, бұлар – мәліметтерді енгізу мен нәтижелер шығару құрылғылары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

V Жаңа сабақты түсінгенін тексеру

  1. Жүйелік құрылғысының қызметі?
  2. Аналық платаның қызметі.
  3. ОЗУ дегеніміз не? Оның қызметі?
  4. Процессордың қызметі?
  5. Тұрғылықты дисктің қызметі?
  6. Дыбыстық тақша не үшін керек?
  7. CD-DVDне үшін керек?
  8. Дыбыстық тақшаның қызметі?

VІ  Сабақты қорыту

VІІ  Үйге тапсырма

         35-39 бет, конспект оқу