Дербес компьютерлер туралы жалпы мәлімет

66

Күні:  19. 10. 2011

 

Сыныбы: 8

 

Пәні:  Информатика

 

Тақырыбы:  Дербес компьютерлер туралы жалпы мәлімет     

 

Мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға дербес компьютерлер туралы айту, түсіндіру. Дербес компьютерлер жайлы жан-жақты мағлұмат беру.

                                                                                                                                                   

      2.Тәрбиелік: Тақырыпты түсіндіру барысында оқушыларды ұқыптылыққа, қауіпсіздік ережені мұқият есте сақтауына, өз ойларын тиянақты жеткізе білуге, сабырлы әрі тәртіпті болуға тәрбиелеу. 

 

3.Дамытушылық: Оқушыларға компьютер туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: Аралас сабақ (кубизм әдісі, «информатикалық жаттығу», «Кім зерек»

                             ойыны

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, кубизм әдісі

 Сабақтың көрнекілігі: слайд-шоу,интерактивті тақта, компьютер, қолданбалар

Пән аралық байланыс: Қазақ тілі, ағылшын, математика

Сабақтың барысы:

 

I.Ұйымдастыру кезеңі:   1.Сәлемдесу,түгелдеу.

                                          2.Оқушылардың құрал жабдығын тексеру.

                                         3.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

 

ІІ.Оқушы білімін жан-жақты тексеру:

 

  1. Компьютердің логикалық элементі дегеніміз не?
  2. Қосындылауыш дегеніміз не?
  3. Логикалық көбейтіндідеп нені айтады?
  4. Логикалық қосынды деп нені айтады?
  5. ЕМЕС шылауын қосу логикалық операцияның қай түріне қолданылады?
  6. Логикалық есептерді шешу схемасы?
  7. Ақиқатты кесте дегеніміз не?
  8. Триггер деген не?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Жаңа түсінік беру:

                   

 

                            

ІV.Жаңа түсініктер мен іс-әрекеттер тәсілін қалыптастыру.А)жаңа ұғымдар:

 

MIPS – машинаның уақыт бірлігінде орындайтын операцияларының өлшенетін шапшаңдығы

 

Микропроцессор – ДК-нің негізі

 

Pentium, Pentium-Pro, Pentium 2, 3, 4…. – Қазіргі кездегі компьютерлердің модельдері

 

 

V.Мұғалімнің проблемалық және ақпараттық сұрақтары:

 

  1. Микро ЭЕМ-дер нені орындайды?
  2. Мини ЭЕМ-дер не үшін қолданылады?

 

VІ.Жаңа түсінікті тексеру:

 

  1. Машинаның уақыт бірлігінде орындайтын операцияларының өлшенетін шапшаңдығы?
  2. ДК-нің негізі
  3. Pentium, Pentium-Pro, Pentium 2, 3, 4… деген не?

 

VIІ. Жаңа сабақты бекітуге арналған жаттығулар (есептер, сарамандық жұмыстар, зертханалық жұмыстар,тесттік бақылаулар)

 

«Ғажайып жетілік» ойыны ойнатылады. Онда сұрақтар берілген сол сұрақтар бойынша жауап беру. 

 

  1. Есептеуіш машиналар неше топқа бөлінеді және оларды ата?
  2. Үлкен ЭЕМ-дер не үшін қолданылады?
  3. Микро ЭЕМ-дер нені орындайды?
  4. Мини ЭЕМ-дер не үшін қолданылады?
  5. Дербес компьютерлер не үшін арналған?
  6. Дербес компьютердің кең таралуына себепші болған сипаттамаларын атаңдар.
  7. Қазіргі уақытта кеңінен қолданылатын ДК?

 

 

VIIІ.Жаңа сабақты қорытындылау:

 

 

«Кім зерек» ойыны. Кесте толтыру.

 

IХ.Оқушылар еңбегін бағалау:

 

Х.Үй тапсырмасы: (шығармашылық тапсырма)

Дербес компьютерлер туралы жалпы мәлімет. Сөзжұмбақ құрастыру. Кестелерді сызу.