Тақырып: Қарапайым графикалық редактор. Суретті ашу, сақтау.

54

Пән Информатика   сынып  5  Күні   14.12.13 ж.

сабақ №: 14

Тақырып: Қарапайым графикалық редактор. Суретті ашу, сақтау.

Мақсат:

Білімділік – оқушыларды Paint графикалық редакторымен, редактордың терезе элементтерімен таныстыру. Paint графикалық редакторында жұмыс істеу тәртібін үйрету.

Дамытушылық – оқушылардың білімін кеңейтіп, компьютерде жұмыс  істеу шеберлігін  одан әрі шыңдау және оқушылардың өздігінен жұмыс істеуін дамыту.

Тәрбиелік – жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа, жан-жақты болуға

Сабақ түрі: аралас

Сабақ типі: жаңа тақырыпты түсіндіру

Құрал-жабдықтар: ДК, оқулықтар, дәптерлер, презентация, (көзге арналған жаттығу),  таратпа карточкалар, интерактивті тақта, My test бағдарламасы.

 

Сабақ барысы

 

Сабақ кезеңдері Бөлінген уақыт Мұғалімнің іс — әрекеттері Оқушылардың

іс — әрекеттері

І.

Ұйымдастыру кезеңі.

2 мин Амандасу.  Оқушыларды түгендеу. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.  Сабақтың мақсатымен таныстыру. Кезекші сабақта жоқ оқушыларды айтады.
ІІ. Өткенді қайталау

 

 

 

 

 

 

 

 

8 мин.     (Сұрақ-жауап әдісі бойынша)

1)      Дискілерді қалай пішімдейді?

Мойкомпьютер→Форматировать→Быстрое→Начать

2)      Объектіні сыртқы тасымалдаушыға көшірудің неше жолы бар?

3 жолы бар: копировать, отправить, тышқан көмегімен жылжыту арқылы.

3)      Объектіні корзинада қанша уақыт сақтауға болады?

Корзинадан оны жойғанша немесе қайта қалпына келтіргенше.

4)      Корзинадағы объектілерді көру үшін не істеу керек?

Корзина қапшығының  белгішесінде екі рет шертіп, оны ашу керек.

5)      Корзинадағы объектіні қалай қалпына келтіреді?

Объектіні белгілеп Файл-Востановить командасын орындау арқылы.

6)      Корзинаны қалай тазалайды?

Корзинаны ашып, Очистить корзину командасын орындау арқылы.

7)      Дискілерді пішімдеудің неше әдісі бар?

Пішімдеудің екі әдісі бар: толық және тез.

8)      Файлдар корзинадан қандай мақсатпен жойылады?

             Жаңа бағдарламалар мен құжаттарға орын      

            босату үшін.

Орындарынан тұрып, сұрақтарға ауызшат жауап береді.
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру. 10 мин        Компьютерде графикалық ақпаратты құру құралдарына жататындары:

  • Енгізу құрылғылары (сканер, тышқан, графикалық планшет және т.б.);
  • Графикамен жұмыс істеуге арналған программалар (графикалық редакторлар).

      Графикалық редактор – графикалық бейнелерді құруға және өзгертуге арналған программа.

Paint (ағылшынша сурет, сурет салу) – бұл растрлық (нүктелерден  тұратын) бейнелермен жұмыс істеуге арналған графикалық редактор.

Барлық растрлық бейнелер нүктелерден – пиксельдерден тұрады. Ол суреттін мөлшерін өзгерткенде анық көрінеді.

Пиксель (ағылшынша picture element – суреттің элементі) – растрлық бейненің ең кішкентай элементі.

Paint графикалық редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындау керек.

1.      Іске қосу (Пуск) батырмасын шертіңдер.

2.      Бас менюден Программалар (Программы) командасын таңдаңдар.

3.      Ашылған бағыныңқы менюден Стандартты командасын таңдаңдар.

4.      Келесі бағыныңқы менюден Paint графикалық редакторын таңдаңдар.

Бұдан былай осындай әрекеттер тізбегін мына түрде жазамыз:

Іске қосу→Барлық программалар→Стандартты→ Paint

(Пуск→Все программы→Стандартные→Paint)

Командалар орындалғаннан кейін, экранға Paint графикалық  редакторының терезесі шығады.

Көріп отырсыңдар, терезе Windows жүйесінің стандартты түрі сияқты, бірақ мұнда салынатын кескіннің түсін таңдап қана қоймай, оның фонының түсін де таңдауға болатын түстер палитрасы қосылған. Терезенің үлкен бөлігін бос кеңістік – сурет салу алаңы алады. Оның сол жағында таңбашалар тобы – құралдар тақтасы орналасқан. Терезенің төменгі жағында түстер палитрасы бар.

Түстер палитрасының көмегімен екі түрлі түсті таңдауға болады: негізгі – біз онымен сурет салатын түс және қосымша – бұл фон беретін түсі. Программаны іске қосқанда, ешқандай әрекет болмаса, келісім бойынша кескіннің түсі – қара, ал фонның түсі ақ болып шығады.

 

 

 

 
Палитраның сол жағында бірін-бірі жабатын екі квадрат орналасқан. Жоғарғысы сурет түсін көрсетеді. Ол таңдаған түсте тышқанның сол жақ батырмасын шерту арқылы таңдалады. Төменгі квадрат фон түсін көрсетеді, ол үшін таңдаған түсте тышқанның оң жақ батырмасын шерту қажет.

Палитрада 20 түс анықталып, бекітілген. Қажет болса, Түстерді өзгерту батырмасын шертіп, түстерді қосуға болады.

! Түйін

  • Графикалық ақпаратпен жұмыс істеу үшін арнайы программалар – графикалық редакторлар қолданылады.
  • Растрлық бейнелерді Paint стандарттық программасында өңдеуге болады.
  • Растрлық бейнелердің ең кішкентай элементі – пиксель.
  • Палитрада 20 түс көрсетіледі. Түстерді өзгерту батырмасын шертіп тағы 10 түс қосуға болады.
Дәптерлеріне керекті анықтамаларды конспектілеп отырады.
IІІ. Практикалық жұмыс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 мин А деңгейі

1.      Жаңа сурет салыңдар (Paint – Құру батырмасы).

2.      Сурет салу аймағындағы маркерлерді (кішкене тіктөртбұрыштарды) жылжыта отырып, суреттің мөлшерін 10X15   см етіңдер.

3.      Белсенді түстерді таңдаңдар.

4.      Қылқаламды, Қарындаш сайманын, Сызық және Сопақ (Овал) фигураларды пайдаланып сурет салыңдар. Бояу үшін контурлардың «тесіктері» болмауы керек екеніне көңіл аударыңдар. Ұсақ детальдармен жұмыс жасау үшін Маштаб сайманың қолданыңдар.

5.      Суретті үлгі бойынша бояңдар. Аймақтардың контурларын бояп көріңдер. Бірінші тәсіл – алдымен қара түске, одан кейін қажетті түске бояңдар. Екінші тәсіл – қажетті түсті – фонның, ал қараны Қылқаламның түсі етіп алып, боялған өшіргішті пайдаланып, түсті өзгертіңдер.

6.      Суретті өз бумаларыңда Ойыншықтар.bmp деген атпен сақтаңдар.

В деңгейі.

1.      А деңгейінің тапсырмасын орындаңдар.

2.      Қар бүршіктерінің бейнесін қосыңдар.

 

 

 

 

 

 

 

С деңгейі

1.      В деңгейінің тапсырмасын орындаңдар.

2.      Суретке мәтін қосыңдар.

 

 

 

 

 

 

 

ДК-де  орындайды.
ІV. Сергіту сәті. 2 мин. Көз жаттығуын орындайық.(презентация көрсетіледі) Көзге арналған жаттығулар.ppt

Ø    Орнымызда отырып көзімізді алыс бір нүктеге қадап ұзақ қарау.

Ø    Басымызды қозғамай көзімізбен оңға, солға қарау.

Ø    Басымызды қозғамай көзімізбен  жоғары, төмен қарау.

Ø    Көзімізді қатты қысып немесе қолымызбен жауып тұру.

Ø    Көзімізді жиі жыпылықтатып ашып жұму.

Жаттығуды орындарында отырып орындау.
V. Бекіту. 9 мин Тест

1.      Paint сөзі ағылшын тілінен қалай аударылады?

А) Жобалау

Ә) Оқу, кітап

Б) Сурет, сурет салу

В) Музыка, ән салу

2.      Барлық растрлық кескіндер неден тұрады?

А) Кішкене тіктөртбұрыштардан

Ә) Нүктелерден

Б) Сызықтардан

В) Символдардан

3.      Қандай пішімдегі кескіндер ең сапалы болады?

А) .bmp

Ә) .jpg

Б) .png

В) .gif

4.      Paint программасын қалай іске қосамыз?

А) Бастау → Барлық программалар →Стандарттық → Paint

Ә) Бастау → Стандарттық →Paint

Б) Менің құжаттарым → Менің суреттерім → Paint

В) Жұмыс үстелі → Қоржын →Paint

5.      Алдыңғы саптың түсін өзгерту үшін не істеу керек?

А) Түстер тобында Негізгі тіркеме бетіндегі Цвет 1 батырмасын басып, түс таңдау

Ә) Түстер тобында Негізгі тіркеме бетіндегі Цвет 2 батырмасын басып, түс таңдау

Б) тышқанның сол жақ батырмасымен Палитрадағы түсті шерту

В) Esc пернесін басу

6.      Палитраның неше түсі бар?

А) 256

Ә) 2

Б) 30

В) қанша керек болса да

7.      Қандай бұйрықты орындап, палитрада жаңа түс құруға болады?

А) Түстер тобы → Түстерді өзгерту

Ә) Сурет → Түстерді қайтару

Б) Саймандар → Түспен толтыру

В) Файл → Құру

8.      Палитрада жаңа түстер құру үшін қандай негізгі 3 түс қолданылады?

А) Сары, сүр, қан қызыл

Ә) көгілдір, қызыл, қара

Б) ақ, қызғылт сары, ақшыл көк

В) жасыл, қызыл, көк

9.      RGB (0, 0, 250) кодына қандай түс сәйкес келеді?

А) қызыл

Ә) жасыл

Б) көк

В) қара

Тест тапсырмасын My test бағдарламасында орындайды.

 

.

VI. Бағалау. 2 мин. Сабаққа белсенді қатысып отырған оқушыларды бағалау. Бағаларын күнделіктеріне қойдыртады.
VII.Үй жұмысы. 2 мин. қайталау Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.