Өрнектер. Меншіктеу операторы

56

№ 9сабақ.

Тақырыбы:  Өрнектер. Меншіктеу операторы.

Мақсаты:

Оқушыларға өрнектердің математикада жазылуы мен программала жазылу екершеліктерін үйрету, берілген өрнекті программалық тілде жаза білуді меңгеру, оператор және меншіктеу операторы ұғымдарын енгізу;

Арифметикалық, логикалық, стандартты өрнектер мен функцияларды программа жазу барысында тиімді қолдана білу дағдысын қалыптастыру;

Қоршаған ортаның өзгермелі қасиеттерін және оларды сипаттай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:

Сабақ жоспарын экранда проекциялау, мульт.мед.жабдықтар, (кестелер), компьютер.

Өтілу әдісі: Мультитехникамен жабдықталған дәстүрлі сабақ.

Сабақтың барысы

І. Кіріспе. (2мин)

  • Оқушыларды түгелдеу, сынып бөлмесі, тақта тазалығына назар аудару;
  • Журнал толтыру;
  • Оқушылардың назарын сабаққа бұру,

ІІ.  Өткен сабаққа шолу. (10мин)

  • 8-9сабақтар бойынша тест тапсыру.

ІІІ. Жаңа сабақ (20мин)

ПС. Математикадағы өрнектерді, мысалы бөлшектерді, дәрежелерді Паскал-программаның ортасында компьютер экранында жазуға бола ма? Есптердік өрнектердің бәрі әріптермен белгіленген. Паскаль әріптердің орнына сандарды қалай қояды?

  1. 1. Арифметикалық өрнектер
Математикалық жазылуы Паскаль тілінде жазылуы
ах3 + вх + с a*sqr(x)*x + b*x + c
sqrt(abs(ln(cos(x)+sin(x))))

шатасып кетпес үшін ашылған және жабылған жақсалардың сандарының теңдігін тексеру керек

sin2x – cos2x sqr(sin(x)) – sqr(cos(x))
(sqr(a) + exp(sqr(x)))/(sqr(a)+ exp(-sqr(x)))
((sqr(a) + sqr(b))/(a*b*sqr(sin(x))*sin(x))
xylnx exp(y*ln(x))
exp(1/3*ln(x+y))
  1. Логикалық өрнектер.

Логикалық өрнек нәтижесі «ақиқат» немесе «жалған» болады.

Логикалық өрнек лог-қ тұрақтыдан (сан немесе сөз), лог-қ айнымалылардан (кез-келген атаулар), қатынас бегілер (>, <, >=, <=, =, < >) мен логикалық амалдардан (not, and, or), жақшалардан тұрады. Логикалық амал мына ретпен атқарылады: 1- not, 2- and, 3- or.

Сол сияқты      A<10 and B<10         дұрыс емес.

(A<10) and (B<10)    дұрыс.

  1. Символдық өрнектерге – char, string, text типті шамалар жатады.

Мыс:

‘a’, ‘k’                — символдық тұрақты

a:=’Ә’                — символдық айнымалы,      a:char;

’мектеп’                        — жолдық тұрақты

a:= ’мектеп’      — жолдық айнымалы,           a:string;

  1. Оператор дегеніміз – белгілі бір шамаға жүргізілетін амалдардың орындалу жолын көрсететін нұсқау. Паскаль тілінде операторларды begin – end деген операторлық жақшалардың арасына жазады. Паскаль операторлары бірінің астына бірі немесе бірінен кейін бірі арасы нүктелі үтірмен (;) бөлініп жазылады.
Жалпы түрі:

begin

1-оператор;

2-оператор; 3-оператор;

4-оператор;

n-оператор;

end.

Оператор түрлері

Қарапайым операторлар Құрама операторлар
Құрамында басқа оператор болмайды. Бірнеше операторлардан құралады.
меншіктеу               (:=);

шартсыз өту            (goto);

процедура шақыру (проц.аты);

тармақтау немесе шартты өту (қысқаша, толық);

таңдау;

қайталау (әзір, дейін, параметрлі);

 

  1. Меншіктеу операторы — кез-келген айнымалыға мән беруді жүзеге асыртын, жиі қолданыста болатын оператор. Түрі:

<aйнымалы>:=<өрнек>;

Мысалы:

x:=5;

y:=-1;

r:=x;

x:=y;

y:=r;

операторлар тізбегі атқарылған-да х пен у айнымалы-ларының мәндері ауысады.

Меншіктеу амалы теңдікті білдірмейді. x=x+1 деген өрнек матемаикалық тұрғыда қате болады.

Мысалы; мына өрнек i:=i+1  і-ға 1-ді қосып, нәтижені қайтадан і-ға беру керектігін білдіреді. Сонда, меншіктеу операторы атқырылған соң,  і шамасының мәні 1-ге артады. Бұл теңестіру емес әрекет жасауды көрсетеді.

Меншіктеу операторы барлық өрнектер үшін қолданыла береді. Айнымалыға символдарды меншіктегенде символ апострофқа алынып жазылады.

v:=’M’;  x:=’15’,  x:=’Он бес’ т.с.с.

 

  1. Сабақты бекіту және бағалау: (10мин)
  2. 63бет. 2.11 кестені талдау.
  3. 63 бет.
  4. Сандард мысал.
  5. Ауызша №1 жатт..
  6. бағалау

 

 

  1. V. Үйге (3мин)
  • 2.8, 3.4.1,