Берілгендер типі туралы түсінік Программалау тілінің қарапайым объектілері

40

№ 8 сабақ.

№8Берілгендер типі  туралы түсінік Программалау тілінің қарапайым объектілері

 

Мақсаты:

Қарапайым объектілерді ажырата және қолдана білу, олардың Паскаль тілінде жазылу ерекшеліктерін меңгеру;

Бұл ұғымдардың барлық прораммалық тілдерге ортақ екеніне назар аудару, ортақ қасиеттер мен шамалар туралы білімдерін дамыту;

Көпсалалық, жан-жақтылық тұрғысында ойлау өрісін қалыптастыру.

Көрнекілігі:

Сабақ жоспарын экранда проекциялау, мульт.мед.жабдықтар, компьютер.

Өтілу әдісі: Мультитехникамен жабдықталған дәстүрлі сабақ.

 

Сабақтың барысы

 

І. Кіріспе. (2мин)

  • Оқушыларды түгелдеу, сынып бөлмесі, тақта тазалығына назар аудару;
  • Журнал толтыру;
  • Оқушылардың назарын сабаққа бұру,

 

ІІ.  Үй тапсырмасымен жұмыс. (10мин)

  1. Үй жұмысын тексеру, ұпай беру (үй жұмысы бар-дұрыс – 1ұп, жоқ – 0; дұрыс емес – 0,5ұп)
  2. Қысқаша сұрақ-жауап;
  • Паскаль тілінде программа қанша бөліктен тұрады?
  • Түйінді сөз деген не? Бірнеше мысал келтір.
  • Идентификатор деген не? Бірнеше мысал келтір.
  • Математикадағыдан басқа Паскаль тілінде тағы қандай амалдар қолданылады? Мысал.
  • := ‘   ;  таңбалары Паскаль тілінде не үшін қолданылады?

 

ІІІ. Жаңа сабақ(15мин)

Белгілі бір ортадағы сан-алуан нәрселердің әрқайсысын жеке атап жүрмес үшін оны объекті деп атайды. Олай болса Паскаль ортасында қандай обектілер бар деп ойлайысыңдар? Паскаль ортасындағы объектілерге мыналар жатады: «сан», «идентификатор», «тұрақты», «айнымалы», «функция», «процедура» және «өрнек»

  1. Сандар. Сандар мен айнымалылар бүтін және нақты болады.

Бүтін сандар: 1, 2, -9, 100, 65535, 0 т.б. (integer)

16-лық бүтін сандар: $F, $8B2,…

Нақты сандар: 1, 2, 2.65, 0, -6.0, 512, 12052500… кез-келген санды нақты санға жатқызуға болады. (real);

  1. Атау-идентификатор. Айнмалыларды, файлдарды т.б объектілерді белгілеуге арналған таңбалар тізбегі. Мысалы:

х:=15.5;  a:=512; mektep:=’Жібек жолы’ … Мұндағы х, a, mektep идентификаторлар ал, 15.5,  512,  ’Жібек жолы’ – бұлар айнмалылардың мәндері. Паскалдың қызметші сөздері немесе операторларын белгілейтін сөздерді (var, integer…)атау ретінде алуға болмайды. Кез-келген қазақша сөзді ағылшын әрпімен жазып, атау ретінде алуға болады.

  1. Тұрақты немесе константа деп программаның орындалу барысында мәні өзгеріссіз қалатын шаманы айтады. Мыс: g:=9.81 k:=9E9 e:=1.6e-19…
  2. Айнымалылар деп программаның орындалу барысында мәні өзгеріп отыратын шамаларды айтады. Ондай шамалар шексіз көп. Мысалы: ауа райы, уақыт, жыл мезгілдері…Айнымалыларды екіге бөліп қарау керек.

Қарапайым айнымалылар – бұлар өз атауларымен ғана жазылады.

Индексті айнымалылар – бұларда айнымалының атымен бірге индексі де жазылады. Оған кестелік шамаларды жатқызуға болады. Мысалы: сабақ кестесі – баған (сыныптар) және жол нөмірі (күндер) арқылы көрсетіледі.

  1. Түсіндірмелер программаның әр жолының тұсына {} фигуралы жақша ішіне жазылады. Олардың көмегімен программаны талдау, түсіну оңай.

ІІІ. Сабақты бекіту: (10мин)

  1. Қатарда жазылған сандардың қандай ортақ қасиеттері бар?

-10, -5,  0,  5,  10,  …,  …,  бүтін сандар,

-1,5,  -1,  …,   0,   …,  …,   1,5,   …      нақты сандар.

  1. Осы сандар қатарында қандай заңдылық бар?

Бүтін сандар 5-ке артып отырады. Арифметикалық прегрессия заңдылығы бар.

Нақты сандар қатары 0,5-ке артып отырады, АФ заңдылғы бар.

 

  1. Мына айнымалыларға қандай мәндер берілуі мүмкін?

Типі сөз болса  mektep, vuz,      (кез-келген сөз)

Типі нақты болса dd, x, y2,       (кез-келген сан)

Типі бүтін болса  ddч, xч, y23,             (тек бүтін сандар)

 

  1. Тұрақтылар мен айнмалыларды көрсет, басқа мысалдар келтір?

5,5,  600, m6, aaa, mektep, 1.6e-19, 9.81, ауа райы, уақыт, мемлекет атауы, планета атауы, жастық шақ, масса, удеу, хим.элем.аты…

  1. Оқушыларды бағалау: (5мин)

 

  1. Үйге (3мин)
  • 2-4