Интернет. Электрондық пошта

99
Сынып: 7А                                                                                                 Пән атауы: информатика

Пән мұғалімі: Абдрахманова А.С

Тақырыбы: Интернет. Электрондық пошта
Сабақ мақсаты Әртүрлі танымдық тапсырмалар орындау арқылы,  интернет, электронды пошта тақырыбының негізгі ұғымдарын түсіну, талдау арқылы  тақырыпты меңгеру.
Күтілетін нәтиже: -интернет, электрондық пошта тақырыбының негізгі ұғымдарын түсінеді;

-интернет арқылы ақпаратты іздеуде қолданылатын сайттармен танысады;

-өмірде тиімді қолдана алуға дағдыланады.

Сабақтың түрі Жаңа сабақ
Білім беру технологиясы Топтық және жұптық  жұмыстарға арналған
Сабақтың білім беру формасы Сыни тұрғыдан ойлау
Сабақта қолданылатын әдіс тәсілдер Insert әдісі, топтық шығармашылық жұмыс
Көрнекіліктер Презентация, Net Control программасы, интерактивті тақта, таратпа карточкалары, таймер
Сабақ барысы
                               Мұғалімнің іс – әрекеті                                 Оқушының іс — әрекеті
Ұйымдастыру

( 2 мин)

1.Топқа бөлу: «Серігінді тап»

Оқушыларға «Internet explorer, процессор,  қалам, Mozilla, дәптер, Google chrome,  сызғыш,  Opera, монитор, тышқан, кітап, пернақта» суреттері ұсынылады, 3 топ құруы қажет

1.Оқушылар «оқу құралдары»-ойы зерек оқушылар,  «компьютер құрылғылары»-ой жүйрік оқушылар,  «броузерлер»- ізденімпаз, оқушылар болып     3 топқа бөлінеді.

 

Қызығушылықты ояту    (6  мин) 2.«Даналық ағашы» оқушылар сұрақтар алып,  жауап берулері қажет. (өткен тақырыпты қайталау).

3.Оқушыларға ребус ұсыну, тақырыпты анықтату.

2.«Даналық ағашынан»  сұрақтар алып,  жауап береді.

3.Ребус, жұмбақтарды шешу арқылы жаңа тақырыпты анықтайды.

Мағынаны ажырату

( 20 мин)

 

 

 

 

 

 

 

4.Insert әдісін қолдана отырып, оқулықпен жұмыс жасайды, топ ішінде түсіну, талдау жұмыстары жүргізіледі.

5.Топтарға бағытталған тапсырмалар:

I-топ. Интернеттің негізгі ұғымдары (постер)

II-топ. Интернетте ақпаратты іздеу (постер)

III-топ.«Интернет. Электрондық пошта» «практикалық жұмыс» (интернетті, электрондық поштаны қолдана отырып «Менің қалам») тақырыбында таныстырылым әзірлеу.

Топтарға өз жұмыстарын қорғату.

4.Тақырыпты оқи отырып, білімдерін жетілдіреді, топ ішінде талдай отырып, бір-біріне түсіндіреді.

5. I, II-топ аталған тақырыпта постер әзірлейді. (теориялық ақпарат береді)

III–топ. теориялық білімді, практикамен ұштастырады. Таныстырылымда эссе жазу,синквейн әдісі қолданылады.

Топтар бір-бірін формативті бағалайды.

«10 баллдық жүйе»

«бутерброд»

«смайлк» арқылы бағалау

Ойтолғаныс

( 10 мин)

 

6.Тақырып бойынша карточкадағы таратылған суреттерді топтастыру.

7. Эдвард де Бононың «ойлаудың алты қалпағы» әдісін пайдаланып, «Интернеттің пайдасы мен зияны» тақырыбында оқушылардың ой-пікірін білу.

6. Топтастыра отырып, іздестіру сайттарын, броузерлерді, чат қызметі бар бағдарламаларды  естеріне сақтайды.

7. Оқушылар тақырып бойынша  өз ойларын, пікірлерін айтады.

Бағалау  (2 мин) 8.Сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындауымен қорытынды бағасы. 8.Топ басшысының бағасын ескере отырып, мұғалімнің суммативті бағасы
Үйге тапсырма

(2 мин)

9. §33-34 Интернет. Электрондық пошта тақырыптарын оқу. 9.Дәптерлеріне негізгі мағлұматтарды түсіру, интернеттен қосымша ақпарат іздестіру, тақырыпты мазмұндау.
Рефлексия ( 3 мин) 10.Кері байланыс. Компьютерде «Бүгінгі сабақтан мен не меңгердім? Келесі сабаққа менің ұсынысым»  сұрақтарына жауап беру.

(NetControl бағдарламасы  қолданылады).

 

10. Өз ойларын, ұсыныстарын компьютерде чатқа жазу арқылы сабақты бағалайды.