Нөмірленген және маркерленген тізім. Баған

106

Сабақтың тақырыбы : Нөмірленген және маркерленген тізім. Баған

Сабақтың мақсаты : 

  • оқушыларға тізім,баған дегеннің не екенін ұғындыру
  • мәтіндік редактордағы тізімнің түрлерімен таныстыру
  • мәтіндік редакторда тізіммен, бағанмен жұмыс істеу жолдарын үйрету

Сабақтың типі :практикум элементтері бар түсіндірмелі – көрнекілікті

Көрнекілігі : үлесті

Білім  мен біліктілік дағдыларына қойылатын талаптар :

оқушы білуі тиіс :

  • тізім, баған дегеннің не екенін;
  • тізім мен бағанның түрлерін;
  • тізім мен баған қоюдың қарапайым жолдарын;
  • мәтінді тізімге айналдыру;
  • тізімді пішімдеуді;
  • баған түрлерін орнатуды;

оқушы меңгеруі тиіс :

  • тізім мен баған түрлерін;
  • қарапайым тізім түрлерін орнатуды;
  • баған қоюды;
  • мәтінді тізім мен бағанға орнатуды;

 

Сабақтың барысы :

Ұйымдастыру

 

  • Балалар! Біз өткен сабақтарда Microsoft Office – 2013 пакеті құрамындағы Microsoft Word —  мәтіндік редакторымен танысуды бастап, ол қандай программа, не үшін арналған, оны қалай қосамыз, оның терезесі құрылымымен, онда құжат құру және оны сақтау жолдарын үйрендік.

 

Олай болса, бүгінгі жаңа сабаққа көшпес бұрын  сол өтілген сабақтардағы негізгі түсініктерге тоқталып өтейік, қаншалықты есте қалды екен.

Тест орындау / презентацияда орындалады/

Презентация арқылы өтілген материалдарды қайталап өтеміз.

Ал, балалар, өткен сабақтардағы үйренген білімдерімізді практика жүзінде қаншалықты іске асыра алады екенбіз, тексеріп көрелік. Олай болса компьютермен жұмыс жасаймыз:

 

Жұмыс үстелінен«информатика — 6 кл» папкадан практика — 1

 

  1. Ақпаратты сақтап, таратқан,

Жұртты өзіне қаратқан.

 

 

  1. Батырмасын басасың,

Қажет файлды ашасың.

 

  1. Тетігін бассаң алаңсыз,

Жазады қағаз қаламсыз.

 

  1. Экранның бетінде оның тұрағы,

Қашан болсын жыпылықтап тұрады.

 

 

Берілген жұмбақтарды  мына үлгіде пішімдеп көрсетіңдер:

 

 

1 – жұмбақ : Arial, 20,, , .

 

 

2  — жұмбақ : Verdana, 18, ,  , 

 

3 — жұмбақ :  Times New Roman, 26, , ,

 

4 – жұмбақ : Tahoma, 36, ,,

 

 

Жарайсыңдар балалар! Word редакторында мәтінді пішімдеуді біраз үйреніп қалыпсыңдар!

 

Ал, бүгінгі сабақта біздер  мәтінді пішімдеуді жалғастырамыз.

 

Сонымен бүгінгі сабақтың тақырыбы :

 

Нөмірленген және маркерленген тізімдер.Бағандар

 

Тізім деген  қандайда бір шамалардың реттелген жинағы.Тізім тұрмыста  көп әрекеттерде қолданылады :оқушылар тізімі, қоймаға келіп түскен тауардың тізім, олимпиадаға іріктеу сынынан өткен спортсмендер тізімі, кабинеттегі техника қауіпсіздігін сақтау әрекеттері, құрамында А витамині көп  жемістер тізімі …

 

Word редакторында тізімді жазудың  үш түрі бар :  нөмірленген, маркерленген, көпдеңгейлі

 

Мысалы :

 

Нөмірлеген тізім:

 

Компьютермен жұмыс барысында қөзді шаршатпау үшін мына талаптарды орындау керек :

  1. Мониторға дейінгі арақашықтық 55 – 65см – ден кем болмауы керек.
  2. Компьютер алдындағы жұмыс 25 минуттан аспау керек
  3. Экранның ортасына тура қарау керек
  4. Жиі – жиі көз, мойын, арқа үшін арнайы белгіленген жаттығулар жасап отыру керек
  5. Дәрігер көзілдірік киюге кеңес берген оқушылар міндетті түрде көзілдірік киіп отыру  керек

Сынақтан өткен оқушылар :

  • Мақанов Айдос
  • Саттарова Гүлжан
  • Амантаев Бақытбек
  • Шаймардан Серік
  • Сариева Ақмарал

 

Маркерленген тізім:

 

Бейнелеу тәсілдері бойынша ақпарат түрлері :

  • Сандық
  • Мәтіндік
  • Графикалық
  • Дыбыстық
  • Бейне

 

Компьютердің негізгі құрылғылары :

  • Монитор
  • Пернетақта
  • Жүйелік блок

 

Көпдеңгейлі тізім:

 

 

  1. Ақпаратты сақтау үшін ерте замандағы адамдар нені пайдаланған ?

а) биді

в) суреттерді

с) қимылды

д) дыбысты

 І тарау. Мәтіндік редактор

1.1   Microsoft Word   редакторы интерфейсі

1.1. 1  Microsoft Word  — ты іске қосу

1.1.2.  Microsoft Word  терезесі құрылымы

1.1.3.  Microsoft Word – та құжатты сақтау жолдары

 

Ал, осындай тізімдерді жазу үшін Word редакторында  олардың арнайы батырмалары бар:

-маркерленген тізімді орнату батырмасы

— нөмірленген тізім орнату батырмасы

— көпдеңгейлі  тізімдер орнату батырмасы

Ал балалар, енді біз бүгінгі сабақта тек нөмірленген, маркерленген тізім орнату батырмалармен жұмыс істеп үйренеміз, көпдеңгейлі батырмалармен жұмыс жоғарғы сыныптарда қарастырылады.

 

Мысалы :

Дүйсенбі :

Қазақ тілі

Математика

Қазақстан тарихы

География

Дене тәрбиесі

 

Дүйсенбі :

 

Балалар, газет беттерінен мынандай жазу үлгілерін көрдіңдер ме?

Мәтінді  парақ беттеріне бұлай орналастыру түрі бағандап жазу деп аталады. Word редакторында  бағандап жазуды екі жолмен орнатуға болады :

  1. Мәтінді теріп алып, ерекшелеп, Разметкастраницы — Колонки әрекеттерін орындап, бағандау түрін орнатамыз
  2. Разметкастраницы — Колонки әрекеттерін орындап, өзімізге керек бағандау түрін орнатып, мәтін теруге болады.

Компьютерде бағанның бірнеше түрі бар, ал ол үлгілерден басқа  баған түрін орнату үшін :

Колонкибатырмасына басып, Другиеколонки-ді таңдап, ашылған терезеден колонка санын орнатамыз.

Мысалы:

Қазіргі кезде компьютерлерді өнімділігі мен мөлшеріне қарай әр түрге бөлуге болады.Суперкомпьютерлер арнайы мақсатта немесе нақты тапсырыспен жасалады. Суперкомпьютерлер жаппай өндірілетін деталдардан тұрады. Супер компьютерлер үшін жүздеген процессорлар керек. Супер компьютердің жадысы орасан зор, жылдамдығы өте жоғары. Ондай компьютерлер көп орын алады, бір компьютер тұтас бір бөлмені алуы мүмкін. Суперкомпьютерде бір мезгілде бірнеше адам жұмыс істейді.

Сонымен, біз бүгінгі сабақта тізім, баған жасауды үйрендік.

Сонда:Тізім деген не нәрсе екен?Word   редакторында тізімнің қандай түрлерін орнатуға болады екен?  Бағанның қандай түрлері бар?

Ал енді балалар, әрі қарай  өзіміз нөмірленген, маркерленген тізім, баған орнатып үйренеміз,

Ол үшін әркім өз Жұмыс үстелінен  информатика – 6 кл  папкасын ашып,

практика – 2 құжатын ашыңдар.

Тапсырма — 1 :  Берілген тізімдерге өз қалауыңшамаркерленген тізім, нөмірленген/үштүрлі/ түрін орнатыңдар

 


Үй жануарлары :

Сиыр

Қой

Түйе

Жылқы

Шошқа

Мысық

Ит

Қазақстан қалалары :

Астана

Алматы

Орал

Ақтөбе

Атырау

Қызылорда

Шымкент

Күн жүйесіндегі планеталар :

Күн

Меркурий

Шолпан

Жер

Марс

Сатурн

Уран

Нептун

Плутон




Тапсырма – 3 :берілген мәтінді нөмірленген тізім, баған орнату арқылы пішімдеңдер

 

Компьютер түрлері

 

Қазіргі кезде компьютерлерді өнімділігі мен мөлшеріне қарай әр түрге бөлуге болады:

Супер компьютерлер арнайы мақсатта немесе нақты тапсырыспен жасалады. Супер компьютерлер жаппай өндірілетін деталдардан тұрады. Супер компьютерлер үшін жүздеген процессорлар керек. Супер компьютердің жадысы орасан зор, жылдамдығы өте жоғары. Ондай компьютерлер көп орын алады, бір компьютер тұтас бір бөлмені алуы мүмкін. Суперкомпьютерде бір мезгілде бірнеше адам жұмыс істейді.

Үлкен компьютерлер үлкен көлемді ақпаратты сақтауға арналаған.Әдетте ол – дерек қорлары, Интернет желісінің әртүрлі қызметтері. Себебі, желі дұрыс жұмыс істеу үшін көп көлемді ақпаратты тез өңдеу қажет. Қарапайым компьютер мұндай ағынды игере алмайды. Үлкен компьютерлер құрылғылар қосылған үлкен шкафқа ұқсайды.

 

Үйге тапсырма : 

өздерің нөмірленген, маркерленген тізім, баған орнатылған шағын мәтін жазып көркемдеп, сақтап алып келу.

Ал, балалар, бүгін сабаққа қатысып белсенділік, ұйымшылдық көрсеттіңдер, жарайсыңдар!

Сау болыңдар!